ОЖСБ-майталманы вне классный мереоприятие

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Тақырыбы: ОЖСБ - майталманы

Мақсаты:

Оқушылардың физика пәні бойынша алған білімдерін өмірде қолдана білу қабілеттерін, пәнге деген қызығушылығын, шығармашылығын дамыта отырып рухани ойлау дәрежесі биік, еңбекқор, білімді және алға қойған мақсатқа жетуге жол таба білетін елжанды ұрпақ тәрбиелеу, танымдық ой-пікір туындату.

Ресурстар: интербелсенді тақта, безендіру шарлары.

Қорап, доп, сурет, аспаптар: Динамометр, электроскоп, мензурка

Барысы: 1. Ұйымдастыру

Өткенімізге үңілсек, сый тартар бізге келешек

Бастаушы :

Қайырлы күн қымбатты көрермен !

Сөз бастайын термелеп өлеңмен.

Тәрбиелі, білімді боп әрқашан

Өс өркенде қанат жайып кемелден.

Ортаға бүгінгі «ОЖСБ майталманы» атанғысы келетін білімқұмар 9-сынып көшбасшырарын шақырайық.

Олар: Айгерім, Бағдат, Ұлбосын, Құштар, Мадина мен Қалдыбала, Нұрмұханбет, Еңлік, Мерей, Ердос./ әр оқушыға сипаттама беріледі

Өткізілу кезеңдері:

1-қадам Ойға шабуыл (әр сұрақ 1ұпай)

2-қадам Біліміңді тексер

3-қадам Көмекке келетін жұмбақтар (әр сұрақ 5,3,2,1ұпай)

4-қадам Физика тілінде сөйлесейік ( әр сұрақ 1 ұпай )

5-қадам мәреге жету

1-қадам Ойға шабуыл (әр сұрақ 1ұпай)

1 ) «Физика» сөзінің қазақша аудармасы ( табиғат)
2) Страус өзін құспын деп атай ала ма? (жоқ)
3) 1 кг массасы қыста ауыр ма, әлде жазда ауыр ма? (бірдей)
4) 12 шоқ жұлдыздың жалпы аты (зодиак)
5) Өзі арық, сөзі- әріп (қалам)
6) 2 санын қандай санға бөлгенде 4 саны шығады?(0,5 )
7) Электр заряды жоқ бөлшек ? (нейтрон)
8) Аттас зарядтар бір-біріне тартыла ма? (тебіледі)
9) Іштен жану қозғалтқыштарының неше түрі бар? ( 2 )
10) Күн жүйесіндегі ең ірі планета (юпитер)

11) Суықта ең төзімді құстар ( қаз бен үйрек t=-110градус С)
12) Ең көне музыкалық аспап қалай аталады (ысқырық)
13) «Тон жылытады» деген тұжырымдама дұрыс па? ( жоқ)
14) Сұйық тарапынан әсер ететін кері итеруші күшті ашқан кім? (Архимед)
15) Темір не? (металл)
16) Интернет беті қалай аталады? (сайд)
17) Дұрыс алты жақ, атын ойлап тап (куб)
18) Көкке қараған жұлдыз санаған (телескоп )

2-қадам Біліміңді тексер

Ұяшықтарды таңдап балл жинайды

3-қадам Көмекке келетін жұмбақтар (әр сұрақ 5,3,2,1ұпай)

Шарты:1 көмек - 5 ұпай, 2 көмек - 3 ұпай, 3 көмек- 2 ұпай, 4 көмек -1 ұпай

1. Ғалым туралы …..

а) Зарядталған денелердің өзара әсерін тексерген 5 ұпай
б) k=9*109 Н*м2/Кл2 2 ұпай
г) Француз физигі ,электростатиканың негізгі заңын ашқан ғалым (Шарль Огюстен Кулон) 1 ұпай

2. Жанды нәрсе туралы…..

а) Көзі қырағы, жанған жарықта алыстан көреді 5 ұпай

б) Жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт 3 ұпай
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді 2 ұпай
г) жердегі ең ақылды кім? ( адам) 1 ұпай

3. Зат не?

а) Адам организмнің 65 проценті 5 ұпай
б) Заттың үш күйінің біреуі 3 ұпай
в) Үш күйде де бола алады 2 ұпай
г) Жерде онсыз өмір жоқ 1 ұпай

(су)

4. Қорапта бір физикалық дене бар?

а) Ғылымда, физикада зерттеу жұмыстары үшін қолданылады 5 ұпай
б) Беттік ауданы ең аз геометриялық фигура 3 ұпай
в) Спортшы осы денемен дос 2 ұпай
г) Шар тәріздес ( доп) 1ұпай

1-3 турдың қорытындысы шығарылып, ұпайы жоғары оқушылар ортаға шығады.

4-қадам Физикалық тілде сөйлейік 1 ұпай
Қай тілде, сөз мағынасын ашу

Метр грек сөзі « өлшеймін»

Диффузия латын сөзі «жайылу, таралу»

Электр грек сөзі « электрон,эбонит»

Гелиос грек сөзі « күн деген мағынаны білдіреді»

Конвекция латын сөзі « тасымалдау»

Электроскоп грек сөзі « электрді бақылау»

Гипотеза грек сөзі «болжам»

Кило грек сөзі « 1000 есе»

4-қадам Мәреге жету үшін тәжірибені орында:

  1. Біреуіне таза су, екіншісіне тұзды су құйылған екі ыдыс алыңдар. Әр ыдысқа бір-бір картоптан салыңдар. Тәжірибе нәтижесін түсіндіріңдер

Жауабы:Су тығыздығы 1000кг/м3, тұзды су тығыздығы 1030кг/м3 тұзды судың тығызыдығы жай тазасудың тығыздығынан көп сондықтан картоп тұзды суда батпай қалқып жүреді

2 . Кәдімгі үрілген балалардың шарын газетпен ысқылап, бөлме төбесіне

апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? (шар

электрленеді)

3. Суы бар тәрелке, 100 теңге. Алғашында су жоқ кезде теңгені ең соңғы

шеті көрінетіндей етіп қараймыз. Осы қалыпты өзгертпей, ішіне су

құямыз. Сол кезде теңге түгелімен көрінеді, неліктен? (жарықтың екі

ортада таралуы)

Көрермендерге қойылатын сұрақтар:

1. Егер түнгі сағат 12 - де жаңбыр жауса 72 сағаттан соң күн ашылып шуақ түсе ме? (Жоқ.Түнгі мезгіл)

2.Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай сызық сызады. (Шеңбер тәрізді траектория)

3. Сандыққа нені тығып қоюға болмайды? ( жарық )

  1. Күн күркірегенде ең алдымен найзағайды көреміз бе, әлде күркіреген дауысты естиміз бе? (найзағайды)

Қорытындылау

Ең жоғарғы ұпай алған оқушыға «ОЖСБ майталманы» атағын беру

Қосымша:
1) Дүниедегі ең жүйрік не? ( ой- қиял)
2) Гиннес кітабына аты жазылған тұңғыш қазақ кім( Талғат Мусабаев ғарышкер)
1994 ж 135 тәулік ( 4,5 ай) космос кеңістігінде ең ұзақ болған
1998 ж орбитада 7 ай болып, 7 рет ашық космосқа шықты.

Талаптанайық жас достар ғылым деп,
Ғылыммен ұлтымыз да, ұлт болып білінбек,
Ғылыммен тереземіз теңдік ап
Болашақтың атар таңы күлімдеп

Рефлексия /кері байланыс/

  1. Нені білдім?

  2. Нені білгім келеді?

  3. Нені үйрендім?


ОЖСБ-майталманы вне классный мереоприятиеОЖСБ-майталманы вне классный мереоприятие


Орындаған физика пәнінің мұғалімі Шолпанбаева Р.Д.

© 2010-2022