Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып

Пән аты: Физика 9.12.2014ж Сыныбы: 9 Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік мақсаты:Оқушы білімін,іскерлігін,дағды деңгейін бақылау, бағалау. Тербелмелі қозғалыс жайлы жан-жақты түсінік беру,қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім қалыптастыру. 2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың б...
Раздел Физика
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сынып

Тербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпПән аты: Физика 9.12.2014ж

Сыныбы: 9

Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар
Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:Оқушы білімін,іскерлігін,дағды деңгейін бақылау, бағалау. Тербелмелі қозғалыс жайлы жан-жақты түсінік беру, қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар туралы білім қалыптастыру.

2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау

3.Тәрбиелік мақсаты:Оқушылардың жаңа теориялық материалдарды оқу барысында белгілі бір нәтиже көрсетуі.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгіме, сұрақ жауап, кітаппен жұмыс

Пәнаралық байланыс: математика,биология, қазақ әдебиеті

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру

Тренинг. «Оқушылар серті»

«Бір-бірімізді мұқият тыңдаймыз»

«Тақырып айналасында ғана сөйлейміз»

«Өз ойымызды ортаға саламыз»

«Өз пікірімізді қысылмай айтамыз»

ІІ.Үй жұмысын тексеру.

а) Топшамалар арқылы ережелерді сұрау

1) Денелердің қозғалыс энергиясы кинетикалық энергия деп аталады.

2) Дененің импульсі деп дененің массасы мен қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең шаманы айтады. Оның векторы қозғалыс жылдамдығымен бағыттас.

3) Күш импульсі деп күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең физикалық шаманы айтады. Оның векторы кушпен бағыттас.

4) Энергияның сақталу заңы: Табиғаттағы энергия жоғалып кетпейді, не жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір түрден екінші түрге айналады.

5) Денелердің өзара әрекеттесу энергиясы потенциалдық энергия деп аталады.

6) Дененің бір бөлігі одан қандайда бір жылдамдықпен бөлінген кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

Ә) Сәйкестендіру

Кинетикалық энергия

Дененің импульсі

Толық энергия

Потенциалдық энергия

Деформацияланған дененің потенциалдық энергиясы

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту

«Сөйлемді толықтыр» жеке орындау

  1. Күш пен оның әрекет ету уақытының көбейтіндісі ----------- деп аталады.

  2. Кг* м/с --------------- өлшем бірлігі.

  3. Өлшем бірлігі Дж (джоуль) физикалық шамалар:

  4. Е= mgh --------- энергия формуласы.

  5. Импульстің сақталу заңы ----------------- жүйеде орындалады.

ІV. Жаңа сабақ

Компьютер арқылы сурет көрсету. Оқушылардың ойын білу

(тербелістер)

Тербеліске анықтама беріп көріңдерші, балалар қалай болады екен?

Тербеліс дегеніміз не?

«Еділ - жайық».

(Ж. Молдағалиевтікі)

Құлпырады дала, гүлдейді орман.

Емізеді егіз, Еділ мен Жайық

Ақ Шағала айдын, ақталған арман

Тербеледі кеме, ойнайды қайық.

Тербеліске мысал:ағаш бұтақтары,әткеншек,бесік,домбыра шегі,таразы сілтемесі,қабырға сағатының маятнигі.Бұл қозғалыстардың ұқсастығы:барлығы қайталанып отырады,уақыт өткен соң тербеліп тұрады.

Тербелістер деп дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын айтады.

Мәселен, планеталардың, Жердің жасанды серіктерінің орбита бойымен қозғалысы, сағат тілі ұшының, үнтаспа дискілерінің қозғалысы периодты болып табылады.

Осылайша процесс периодты түрде қайталанады. Серпінділік күші дененің тепе-теңдік күйден ауытқу шамасына тәуелді.

Дененің тепе-теңдік күйден ауытқуы ығысу деп аталады.Ығысуды х-әрпімен белгілейді.

Тербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сынып

F= -kX F-серпімділік күші

k-серіппе қатаңдығы

Х-серіппе ұзаруы,ығысуы

Ығысуға пропорционал және оған Тербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпбағытталған күштің әрекетінен болатын механикалық тербелістер гармоникалық тербелістер деп аталады.

Қорытынды:сөйтіп тербелмелі қозғалыс үшін мына шарттар орындалуы қажет

1))Бастапқы күйге қайтаратын күш болуы керек,яғни серпімділік күш.

2)Үйкеліс мейлінше аз болу керек,себебі үйкеліс тербелістің өшуіне себепші болады.

Тербелісті сипаттайтын негізгі шамаларға тоқталайық.



Оқушыларға кесте беріледі, олар кітаппен жұмыс жасай отырып, оны толтырып қорғайды.

Анықтамасы: Тербеліс амплитудасы деп -дененің тепе - теңдік күйінің ең үлкен ығысуы

Белгіленуі: А

Өлшем бірлігі: [1м]

Формуласы А=хмах





Өлшем бірлігі: [1Гц]

Формуласы: =





Г.Герц туралы қосымша мәлімет.

Енді осы тербелмелі қозғалыстағы негізгі шамаларды график түрінде көрсетейік.


Xm=3 м

Т= 4 с Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып= Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып = Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып =0,25 ГцТербелмелі қозғалыс физика 9 сынып

ІҮ.Оқу материалын бекіту, есептер шығару.
21 жаттығу (1)

80 (а) суретте Т=4c

21 жаттығу (2)

80 (а) суретте Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып=Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып=Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып= 0,25 Гц

21 жаттығу (3)

80 (ә) суретте Т=20c, Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып= Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып=0,05 Гц, Xm=6 м

21 жаттығу (4
Берілгені: Шешуі:
Тербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпторғай=10 Гц Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып=Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып n=Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып. T
Тербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпмаса=450 Гц nтор=10*60=600
Тербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпшыбын=300 Гц nшыбын=300*60=18000
t=1мин=60 с nмаса=450*60=27000
N=?

Сергіту сәті. Оқушыларға мәлімет үлестіріліп беріледі.

«Магнит тілі неге тербеледі»

Егер сезгіш магнит тілше бір сәт зер салып қарап тұрса, оның тыныш тұрмай үнемі бір жағына немесе екінші жаққа қарай ауытқып тұратынын байқау оңай.Магнит тілінің тербелістері көп болғанда күннен-күнге 15- 20 ауытқып тұрады. Магнит тілі үнемі тыныш тұра бермейді, аздап тербеліп тұрады. Кейбір күндері ол «толқып тұрады» кенеттен және абайсызда дір ете қалады да, бір мезет тыныштала қалады, сонан-соң жан-жаққа бұрылып тыпыршиды. Тілдің тербелісі бірнеше градусқа жетеді. Осылайша бірнеше сағатқа, кейде күннен күнге созылады. Магнитологтар ондай күндерді ұйыту немесе дауылды күндер деп атайды. Ғалымдардың пайымдауынша, магнит тілінің тынымсыз тербелісі ауа райының өзгерісін ,яғни дауылдың , катты желдің соғатынын білдіреді деген.

«Әткеншектің тербелісі»

Екі ағаштың арасына орнатылған әткеншекті байқасақ, ол лезде арадан өтіп, қайта оралады, қайта көтеріледі, қайта түседі. Әткеншекті алғашқысында бір шайқап жіберсең, өзінен-өзі көпке дейін тербеледі. Ал оның тербелісі жиі, өте тез өтеді. Сол екі ағаштан ұзап кетпей, оның екі аралығында қозғалады. Тоқтаған кезде сол екі ағашпен қатар сап тізіп тұра қалады.

«Домбыра шегінің тербелісі»

Ішек тербелгенде оны қоршаған ауаның бөлшектері де сондай жиілікпен тербеліп, бір жерде тұрған тербеліс ауаның екінші қабатына берілелі, сөйтіп, бастапқы тербеліс жан-жаққа тарай бастайды. Әрине, мұнда да ауаның бөлшектері тербеліске түседі де, қайтадан орнына келеді.

« Жәндік қанаттарының тербелісі»

Ірі денелі қоңыздың қанаты баяу тербеліп отырады, ал ұсақ масаның қанаты жиі тербеледі. Ірі қоңыздар қанатын секундына 100-120, кішкене қара шыбын қанатын 350 рет, ал, сары масаның қанаты секундына 500-600 рет тербеледі. Қанаты үлкен қоңыздар ұшқанда қанаттың дыбысы қаттырақ естілсе, кішкентай масаның қанаттары нәзік болғандықтан нәзік үн шығарады. Тербелмелі қозғалыс физика 9 сыныпТербелмелі қозғалыс физика 9 сынып

Тербелістің зияны: қатты тербелістен (дірілден) машина бөлшектері шыдамай «сөгіле» бастайды. Мысалы, машинаның моторы қатты айналған кезде, бүкіл автобусты солқылдатып, терезесі мен есіктер әндетіп, ызыңдай бастайды. Осы тербелістің өзі еденді, терезені, қабырғаларды бекіткен шегелерді, винттерді босатып жібереді.

Тербелістің пайдасы: ұсақ тербелістер сом темірді жерге қазықтай қаға алады. Оның көмегімен кез- келген затты бір орнынан екінші орынға көшіруге болады. Жуан бағанды, не трубаны жер қойнауына батыру үшін оның жоғарғы жағына дірілдеткішті орнатып, жерге қадаса болғаны, труба жерді солқылдата босатып инедей ене бастайды.

Сабақты бекіту

Сонымен, балалар, дүниеде тербеліссіз өмір жоқ сияқты. Ағаштың, ішектің, жапырақтың тербелуі көзге көрінетін қарапайым тербеліс болса, электр тогының , ауаның,жүректің, атомдардың тербелуі көзге көрінбейтін күрделі тербелістер. Сондықтан олардың бәріне ортақ заңдар бар. Өздерің көргендей, біздер ірі тербелістер туралы әңгімеледік. Бірақ техникада көп кездесетін аса қауіпті ұсақ тербелістер болады. Мысалы, дірілдеген судың бетінен қандай қауіп төнеді дейміз, ал осы көптеген құбылыстың жауы. Ұсақ тербелістердің жиілігі сан алуан. Оның пайда болуына көптеген себептер бар.

Қорыта келгенде , С.Сейфулиннің «Тау ішінде» деген өлеңінде келтірілген мына бір жолдардан:

«Тербелер даусым ауада

Даңылдап қалқып баяулай

Ақбоз атым қояндай

Еркелеп басар аяңдай», - деп айтқан ауаның тербелісі, міне осыдан байқалып тұр.

Ежелгі гректің атақты оқымыстысы Аристотель былай деген: «Барлық ауа шағыла отырып,тербелмелі қозғалысқа келу үшін соққы жасайтын бет бітімінің тегіс болуы қажет». Ал аспап шегінің тербеліс заңдарын 1636 жылы Мерсеин деген ғалым ашты.

Әл-Фарабидің өзінің « Музыканың ұлы кітабы» деген еңбегінде шын мағынасында музыкалық дыбыстарды периодты тербелістерге сәйкестендіреміз, яғни период дегеніміз белгілі уақыт аралығындағы қайталанып отыратын тербелістер. Музыкалық дыбыс периодты тербеліс арқылы пайда болатындықтан, оны математикалық теңдеулер арқылы сипаттауға болады. Мысалы, шектің ұзындығы мен амплитудасының арасындағы математикалық байланысты бірінші рет Эйлер ашқан болатын.

Әл - Фараби мысал ретінде шектің тербелісін қарастыра отырып, шектің тербелмелі қозғалыстары оған жанасқан ауа қабатының бөлшектерін дірілдетеді деген. Аспаптағы қуыс бөліктер мен тесіктердің болуына байланысты аспаптың корпусы керексіз тербеліске ұшырайды. Осының салдарынан шектің тербелмелі қозғалыстары ауаны итереді, соның нәтижесінде ол ауаны қоршай отырып, онда тербелмелі қозғалысты тудырады. Соның нәтижесінде ауа аспап корпусының тесіктері арқылы өтеді де, онда қысыла отырып шуылға ауысады.

Әл- Фараби үшін жемісті болған мәселе - аспап шегінің үн шығаруын қарастырады. «Өте баяу тербелетін ұзын шекте ең төмен дыбыс, ал өте қысқа шекте ең жоғарғы дыбыс пайда болады, өйткені қысқа шектің тербелісі үдемелі» деді.

V.Бағалау.

VІІ. Оқушы білімін бағалау. Диагностикалық карта

Аты-жөні

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1














Оқушылардың алдына таратылып берілген беттер бойынша қорытындылау

  1. Тербеліс амплитудасы

  2. Тербеліс периоды

  3. Тербеліс жиілігі

  4. Физикалық диктант

1. Дененің бірдей уақыт аралығында дәлме-дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысы

а) тербеліс б) қозғалыс с) жиілік

2. тербеліс жиілігінің өлшем бірлігі

а) секунд б) Гц с) Н

3.Толық бір тербеліске кеткен уақыт тербеліс .... деп аталады.

а) жиілігі б) периоды с) амплитудасы

4. Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып = Тербелмелі қозғалыс физика 9 сынып тербеліс ... формуласы.

а)энергиясының б) периодының с) жиілігінің

5.Ығысуды .... әрпімен белгілейді

а) Т б) х с)ν

VІІІ. Үйге тапсырма беру: §24,25 оқып түсінгенін айту, дидактикалық материалдан есеп



© 2010-2022