Отынның меншікті жану жылуы. Отынның энергиясы. (8-сынып)

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тексерілді:

Оқу ісінің меңгерушісі:
__________ Ғ.Сейтқұлова

«__» қыркүйек 2014ж
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Күні:

Сабақ:

Пәні: Физика

Сынып: 8Б

Пән мұғалімі: Қымбатов Н

Сабақтың тақырыбы

Отынның меншікті жану жылуы. Отынның энергиясы.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға отынның меншікті жану жылуы. Отынның энергиясы туралы түсінік беру .

Күтілетін нәтиже

Отынның меншікті жану жылуы. Отынның энергиясы туралы біледі.Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін тапсырма орындау барысында жеке, жұппен, топпен қолдана отырып мақсаттарына жету, яғни алған теориялық білімді практикамен байланыстыра алу.

Әдіс - тәсілдер

  1. Топтық жұмыс,

  2. жұптық жұмыс, диалог,

  3. сұрақтар шеңбері,

  4. инсерт әдісі

Ақпарат көздері

Оқулық «Физика және астрономия» Б.М.Дүйсембаев, Г.З.Байжасарова, А.А.Медетбекова ustaz.kz

Бағалау әдістері

Формативті бағалау. Бағалау өлшемдері бойынша бағалау (топтық, өзін-өзі бағалау)

Жаңа сабақ

45 минут

Блум таксаномиясы

Уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Ұйымдастыру

Сәлемдесу, журнал бойынша түгендеу.

Оқушыларды психологиялық дайындау, өзін-өзі реттеу, ынтымақтастық атмосферасын құру.

3 минут

1.Оқушыларға психологиялық ахуал туғызамын.

2. Топқа бөлемін

3.Топ ережесінің сақталуын сұраймын

4.Бағалау парақтарын таратамын

Сәлемдеседі, кезекші оқушы сабақта жоқ оқушыны атап айтып шығады, сабаққа назар аударады.

Топқа бөлінеді және топ ережесін шығарады.

Білу

Тақырып мазмұны бойынша Кім? Не? Қандай? Қалай? Нені? Қашан? Не істеді? Сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелінуі қажет.

7 минут

1. Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды. Отынның меншікті жану жылуын q әріпімен белгілейді, өлшем бірлігі 1 Дж/кг.



2. Кез-келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек. Q = q m

Әр топ сыни тұрғыдан ойлауды дамыта отырып, сурет бойынша жылу берілу түрлерін өмірмен байланыстып, бир бірімен идея алмасу.

Түсіну

Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады

10 минут

  1. Кейбір молекулалардың жойылып, басқа молекулалардың пайда болуына байланысты жану кезінде біршама жылу мөлшері бөлінеді.

  2. Көбіне денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады.

1. Әр топ отынның энергиясы және түрлері туралы атап өтті, мысалы

Отынның түрлері: ағаш, мұнай, тақта тас(сланец), газ, торф т.б.

Қолдану

15 минут

Топтық жұмыс

  1. 100 кг антрацит толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

  2. Қарағанды көмірінің 100 кг-ы толық жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар?

  3. Массасы 5 кг бензин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

  4. 2 кг бензин мен 3 кг керосинді араластырады. Осы қоспа толық жанғанда қанша жылу мөлшерін шығарады?

2-кестені пайдалана отырып есептерді шығарады.

Талдау

Қорытында жасау, анықтама беру, мазмұнды жүйелеу.

5 минут

1. Отын жанғанда энергияның бөлінуін қалай түсіндіруге болады?

2. Отынның меншікті жану жылуы нені көрсетеді? Қандай бірлікпен өлшейді?

3. Отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін қандай формуламен өлшейді?

Сұрақтарға жауап беру

Жинақтау

5 минут

Постермен жұмыс: Отын энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Отын түрлеріне сипаттама

Топтар өзара талқылап, берілген тапсырманы постерге түсірді. Ортада қорғайды.

Бағалау Өз жұмыстарына баға беру

Мұғалім оқушылармен бағалау жүргізеді.

1. Әр топ басшысы өз критерий бойынша тобын, жеке жеке бағалайды

2. Өзін - өзі бағалайды

Үйге тапсырма беру

§11 оқып келу. 7-жаттығу есептерін аяқтау

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлерін стикер арқылы жазып жабыстырады

















© 2010-2022