Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: физикалық сайыс

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: табиғат , зат құрылысы, қозғалыс туралы бастапқы мағлұматтарды тереңдету.

б) дамытушылық: күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, алған білімді өмірде пайдалана білуге, күнделікті кездесетін физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсіне білуге баулу, ойын дамыту.

в) тәрбиелік: оқушының ғылымға қызығушылығын арттыру, еңбекке, ұжымшылдыққа, халық дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.

Қанатты сөздер: «Білім болу деген сөздің мағынасы - белгісіз нәрсені ашуға қабілетті болу деген ұғым» - Әл Фараби.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: табиғаттану, тарих, химия.

Сабақтың барысы: ойын-сабақ барысында оқушылар жереби тартып,3 топқа бөлінеді:

1-топ: «Материя»

2-топ: «Молекула»

3-топ: «Атом»

Сабақтың жоспары:

  1. Сөзжұмбақ шешу.

  2. «Хан талапай» ойыны

  3. «Жұмбақты шешу.

  4. «Құрастыр» ойыны

  5. «Ғылым - жұмыс үстінде»

Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар алқасы сайланып алынады. Олар :__________________________________________________________________

  1. «Сөзжұмбақ шешу» кезеңінде 3 топқа 7-8 сұрақты сөзжұмбақ беріледі. Әр сұраққа - 1 ұпай.

  2. «Хан талапай» ойынын тәртібі түсіндіріліп, дорба ішінен алынған асықтың нөміріне сәйкес сұрақтарға жауап беріледі. Кезектесіп шығады. Қызыл асық түскен балаға бірден 20 ұпай беріледі. Барлығы 12 сұрақ.

(5 ұпай)

Жалпы сұрақтар:

  1. Физика және астрономия нені зерттейді?

  2. Атом және молекула дегеніміз не?

  3. Заттың қанша күйі бар? Қандай қасиеттері бар?

  4. Механикалық қозғалыс дегеніміз не?

  5. Ең жұмсақ, ең қатты зат?

  6. Жердің табиғи серігі не?

  7. Материялық нүкте қандай нүкте? Мысал келтір.

  8. Ән шашу.

  9. Табиғат құбылысына байланысты мақал-мәтел айт.

  10. Табиғатта неше химиялық элемент бар?

  11. Ең жеңіл, ең ауыр элемент?

  12. Жол және орын ауыстыру дегеніміз қандай шамалар?

  1. Жұмбақты шешу. Табиғат құбылысына байланысты жұмбақтар айтылады. Әр сұрақ - 5 ұпай.

  1. Оңынан оқы, тіршілік нәрі.

Солынан оқы, онсыз адам, өсімдік, аң, құс

Әп-сәтте сөнер, тұншығып бәрі. (Ауа)

  1. Жүрісі бар, түрі жоқ.

Үні бар да, тілі жоқ.

Ұстатпайтын қашаған,

Жермен бірге жасаған. (жел)

  1. Аспандағы алып доп,

Жарқырайды жарық боп. (Күн)

  1. Біз, біз, біз едік,

Бірегей жарқын қыз едік.

Тамашада көп болдық,

Таң атқанда жоқ болдық. (жұлдыз)

  1. Қусаң - қашады, жеткізбейді,

Қашсаң - қуады. (Көлеңке)

  1. Әуеден күбі түсті,

Күбінің түбі түсті. (найзағай)

  1. «Ғылым - жұмыс үстінде» кезеңі. Үстелде карточка жатады, сол карточкада тәжірибелік тапсырма жатады, соны орындау қажет. (20 ұпай)

  1. Диффузия құбылысына тәжірибе көрсет, мысалдар келтір.

  2. Шариктің диаметрін анықта.

  3. Қатты дененің көлемін анықта.

  1. «Есептер шығару» кезеңі. Карточкадағы есепті тақтаға шығару. Дұрыс есепке - 5 ұпай. Қай топ бірінші шығарып болады. Сол топқа 10 ұпай қосымша беріледі.

  1. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  2. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  3. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  4. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  5. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  6. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  7. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  8. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  9. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  10. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  11. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  12. Кім жылдам? физика пәнінен тыс жұмыс 7 сынып

  1. «Құрастыру» кезеңі. Бұл кезеңде әр топқа қиылған карточкалар таратылады. Сол карточкалардың көмегімен физикалық терминдерді шығару. (әр сөзге - 10 ұпай)

І топқа: материя, лазер , атом

ІІ топқа: диффузия, протон, зат.

ІІІ топқа: марс, траектория, жол.

Соңында әділ-қазылар алқасына сөз беріп, жеңімпаз топ марапатталады.

Бағалау парағы

Топтың аты

Сөзжұм.

Хан талапай

Жұмбақ шешу

Тәжірибе

Есеп

Құрастыру

Материя


Молекула


Атом







© 2010-2022