Сабақ жоспары Масса. Ньютонның ІІ заңы (9 сынып)

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Масса. Ньютонның екінші заңы»


В.Ж.Иманжанова

С.Есетов атындағы ОЖББ мектебінің

физика пәнінің мұғалімі

Казталов ауданы

Талдықұдық ауылы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық ,серпімділік,

үйкеліс күштері туралы түсініктерін қайталай отырып, дененің инерттілік

қасиетін ашу арқылы масса ұғымын, Механиканың ең іргелі заңдарының бірі

Ньютонның екінші заңын тұжырымдау .

Тәрбиелік: Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа , ізденіп шешім қабылдауға ,

ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге , біріне -бірі көмектесуге баулу,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамутышылық: Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып , өз ойын айта білуге ,

жүйелі түрде ойлауға ,ізденуге бағыттау , білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Әдісі: Ассосация, БҮҮ, Семантикалық карта,деңгейлік есептер шығару

Көрнекілігі: интерактивті тақта,таратпа кестелер,слайдтар

Күтілетін нәтиже:

  • Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдап, масса ұғымы туралы ережені біледі;

  • Үйренген формуласын 10- жаттығудағы есептерді шығаруда пайдалана алады.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

- сыныппен амандасу, кезекшімен сұхбат

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қызығушылығын ояту: Сөзжұмбақ шешу

Ассосация. Масса - .................................................

Мағынаны ашу: жаңа сабақты түсіндіру

Дененің массасы - оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п.Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған.

«Масса» ұғымы өзінің мазмұны жағынан ең күрделі ұғымдарға жатады. Ол материяның ең қиын түсіндірілетін қасиетін анықтайды.

Ньютонның екінші заңы Біз күшті бір дененің екінші бір денеге әрекетін сипаттайтын және олардың өзара әрекеттесуінің өлшемі болып табылатын векторлық физикалық шама, ал массаны дененің инерттілігі нің сандық сипаттамасы ретінде анықтадық.Ньютонның екінші заңы былай тұжырымдалады:

Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:

а = F/m

F = ma

осы соңғы өрнек Ньютонның екінші заңының формуласы.

«Ой толғаныс» Есептер шығару.

І деңгей

1)Егер m 1 = m2 = 2кг , ал Ғ = 12Н болса , онда денелер қандай үдеумен қозғалады?

2)Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер.

3)Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады?

4)60Н күш денеге 0,8 м/с 2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с 2 үдеу бере алады?

5)Реактивті ұшақтың массасы 60т қозғалтқышының тарту күші 90 кН болса , ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалады ?

ІІ деңгей

1) Массасы 5кг дене 15 м\с 2 үдеумен вертикаль құлауы үшін оған қандай күш әрекет ету керек ?

2)1.5 м/с² жылдамдықпен үдейтін массасы 600 кг машинаға әсер ететін тең әсерлі күшті есептеңіз.

ІІІ деңгей. Ғ күшінің әсерімен массасы m-ге тең дене а үдеумен қозғалады. Кестені толтырыңдар.


а

0,4м\с 2

2км\с 2

0,1м\с 2

5см\с 2

m

8кг

200кг

10г

F

6мН

20Н

1 кН

Бекіту. БҮҮ кестесін толтыру

Білемін

Үйрендім

Үйренгім келеді?


Семантикалық карта

Мына өрнектердің арасында қандай байланыс бар?

N

тіректің реакция күші,Н

F

күш,Н

а

үдеу,м/с2

t

уақыт, с

k

қатаңдық


m

дененің массасы,кг


μ

Үйкеліс коэффициенті


S

жол,м


Үйге тапсырма: §12. 10 -жаттығу (есептер шығару )

Бағалау.Оқушыларды бағалау парағы арқылы бағалау.



© 2010-2022