Инерция. Кеңістік және уақыт

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ 24

Сабақтың тақырыбы: §§21, 22.Инерция. Кеңістік және уақыт.

Сабақтың мақсаты:

1. Денеге басқа денелер әсер етпегенде жылдамдығын сақтау құбылысы туралы, кеңісті пен уақыт және олардың қасиеттері туралы түсінік алуға жетелеу.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қортындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

3. Оқшылардың сабаққа назарын аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

§20 оқу, мазмұны. 7- жаттығу.

ІІІ. Қайталау. (Адасқан формулалар)

Инерция. Кеңістік және уақытИнерция. Кеңістік және уақытИнерция. Кеңістік және уақыт

ІV. Жаңа сабақ.

Күнделікті тәжірибеден біз белгілі бір бағытта жылдамдықпен қозғалған дене өзінің қозғалыс жылдамдығын сақтауғы тырысатынын байқаймыз. Осындай денені тоқтату үшін оған басқа дене әрекет етуі керек. Біз сондай-ақ санақ денесіне, мәселен, Жерге қатысты тыныштықта тұрған нәрсенің өздігінен қозғалысқа келмецтінін күнделікті бақылаулардан білеміз. Мысалы, жерже жатқан доп оны аяқпен тепкеннен кейін ғана қозғалысқа келеді; ауа пистолетінің тығыны поршеньдегі ілгері жылжытқан кезде, сығылмалы ауаның әрекетінен атылып шығады; хоккей шайбасы оны аяқпен ұрғаннан кейін барып мұз үстімен сырғанай жөнеледі.

Кез келген дене сырттан әсер болмағанда өзінің Жермен салыстырғандағы тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзусызықты қозғалысын сақтайды.

Мұның дұрыстығына мына тәжірибе арқылы көз жеткізуге болады:

Инерция. Кеңістік және уақыт

Егер қозғалыстағы дененің жолындағы барлық кедергі жойылған болса, ол қалай қозғалар еді? Деген сұраққа Италиянның атақты ғалымы Галилео Галилей мұқият жүргізген тәжірибелер арқылы жауап берген болатын.

Денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда ол тыныштық күйде болады немесе Жермен салыстырғанда түзусызықты бірқалыпты қозғалады. Бұл екі жағдайда да дененің жылдамдығы өзгекрмейді.

Денеге басқа денелер әсер етпегенде дененің жылдамдығын сақтау құбылысын инерция деп аталады.

Адамдар күнделікті өмірде инерциямен жиі ұшырасады. Мысалдар:

Инерция. Кеңістік және уақыт Инерция. Кеңістік және уақыт

Кеңістіктің негізгі қасиеттері: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздігі, үш өлшемділыгы.

Уақыттың негізгі қасиеттері: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі, бір қалыптығы, бір бағыттылығы.

Механикалық қозғалысты қарастырғанда біз дененің кеңістіктегі орнының уақыт өтуіне байланысты өзгеретінін байқадық. Бұл екі ұғымның физикадағы мағынасы өте зор.

Оқиғаның бәрі әйтеуір бір жерде және қандай да бір мезгілде, басқаша айтқада, кеңістік пен уақыт ішінде өтеді.

Кеңістіктен орын алмай және кеністіктен тыс өмір сүретін бірден -бір объекті болмайды, болуы да мүмкін емес, яғни кеңістік материямен тығыз байланыста.

Кеңістіктін негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: оның шынайы бар болуы, материямен біртұтастығы, шексіздгі, үш өлшемділігі (барлық физикалық объектілердің ұзындығы, ені және биіктігі болады).

Уақыт материямен, қозғалыспен, кеңістікпен тығыз байланыста.

Уақыттың негізгі қасиеттеріне мыналар жатады: шынайы бар болуы, үздіксіздігі, тәуелсіздігі. Бір қалыптылығы, бір бағыттылығы.

Уақыт арнаулы құрал -сағаттың көмегімен өлшенеді. Құрылысы жағынан сағат алуын түрлі болады.

V. Жаңа білімді бекіту.

  1. Автомашина 3000м жолды 0,02 км/с жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақыттын анықту керек.

  2. 90 м/с жылдамдықпен қозғалан автомашина 1сағ ішінде қандай аралықта жүріп өтті.

  3. 14400 м жолмен жүріп келе жатқан адам 2 сағатта қандай жылдамдықпен жүрді.

VІ. Қорытындылау.

ТЕСТ


1. Денеге басқа денелердің әрекеті жоқ кезіндегі жылдамдығының сақтау құбылысы
A. Диффузия

B. Жылдамдық

C. Инерция

2. Инерция құбылысын түсіндірген Италияның ғалымы?
A. Аристотель

B. Галилей

C. Демокрит

3. Инерция латынша қандай мағына береді

А. әрекетсіздік

В. қозғалыста

С. тыныштықта емес

4. Уақыттың ХБЖ өлшем бірлігі?

А. м/с

В. сағат

С. секунд

5. Ұзындықтың ХБЖ өлшем бірлігі?

А. км

В. м

С. см

VІІ. Үйге тапсырма:

§§21, 22 оқу, мазмұны. Өзін -өзі тексеру сұрақтарына жауап беру. 12 -тапсырманы орындау.


© 2010-2022