Урок: Күш пен қысым әлемі 8 сынып

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Жақсылықова Камшат

физика пәнінің мұғалімі

«Түгіскен» орта мектебі,

Сарысу ауданы, Жамбыл облысы

Физика кешінің тақырыбы:Күш пен қысым әлемі.

Мақсаты: 1.Оқушылардың физика пәнінен алған білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге үйрету;

2.Оқушылардың ой-өрісін дамыту.

3.Оқушыларға кәсіптік бағдар беру, ұқыптылыққа, адамгершілікке, ұжымдық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта,слайд,белгілер.

Түрі:Ойын-жарыс.

Кештің жоспары:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Кеш кезеңдері.

1-Кіріспе сөз.

2-Топты таныстыру.

3-Ойын шартымен түсіндіру.

4-Сапалық есептер шығару.

5-Логикалық есептер шығару.

6.Қорытынды.

Кештің барысы:

Кешіміздің қызықты сәті басталғалы отыр.Сізден өздеріңіз блетін физика сырын терең білетін алыптардың бірі деп есептеңіздер.Сонымен,бүгінгі өтетін ойынымыздың негізгі шартына көшейік.Негізгі ойында 5 топ болу керек.4 столда 5 адам,ал 1 столда 2 адам отыруы керек.Біз бүгінгі ойында 1 столды алып тастаймыз да,қолға 2,3,4,5-ші столдарды қалдырамыз.Әр столға 6 фишкадан таратамыз.Сұрақ оқылады және екінші рет қайталанбайды,тігілген фишкалар қайтып берілмейді.Ал жауап дұрыс болса тігілген фишка екі еселеніп қайтарылады.Ойынның аяғына дейін фишка жетпесе,казиноның қорынан несие алуға болады.

Ойын шарты түсінікті болса,ойынның негізгі бөлігіне көшеміз.

1.Жердің жасынды серігіне Паскаль заңы әсер ете ме?

2.Мына теңдікте бір сан жылжытып теңдікті орындаңдар.101-102=1 (101-102)=1

3.Болат шар тасқа тисе,неге ыршып түседі, ал асфальтта онша секірмейді?

4.Мына 1888 санын бөлу арқылы 1000 санын шығару керек.(ортасынан бөлеміз)

5.Жерге жақын ұшқан қарлығаштардан ауа-райының қандай белгісін білуге болады.(жаңбыр жауатынын)

6.Керосинді сумен сөндіруге бола ма?(жоқ)

7.Мектеп тақтасында бор неге із қалдырады?

8.Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр?(уақыт)

9.Фокусқа кезек береміз.

Қажетті заттар:Картошка,сіріңке,су,ыдыс Банка.

10.Кептер қанша,бұтақ қанша?

Аулада ұшып қонып жүрген бір топ кептерді кішкентай бүлдіршіндер қуалап үркітті,олар сол арадағы әр бұтаққа қонақтаған кезде бір кептерге жеке бұтақ жетпей қалды. Ал, керісінше кептерлер әр бұтаққа екі- екіден қонақтағанда бір тал бұтақ артық болды? Сонда бір түпте неше бұтақ болғаны? Кептерлердің жалпы саны қанша? Жауабы:(4 кептер, 3 бұтақ)

11.Квадраттар қалай жасалады? Шырпы арқылы жасалатын танымдық есеп ойындардың бірі.

1. 19 тал щырпыдан 7 квадрат қалай құрастыруға болады?

2. 20 тал шырпыдан 9 квадратты қалай жасап алар едіңіз?

3. 43 тал шырпыдан 16 квадратты қалай құрастырар едіңіз?

Бұл жерде мынадай шарттарды ескертеміз. Сіріңке ішінен квадраттар жасаған кезде құрастырылатын тік тор көздердің сыртқы пішініне айрықша назар аудару керек. Квадраттардың жалпы санын шығарамыз деп жөн жосықсыз тіркеуге болмайды. Ретсіз қаланған квадраттар саналмайды.Сондықтан да жоғарыда берілген әр тапсырмадан жеке-жеке фигура жасаңыз.

Иә,ендігі кезек өзіңізде,ойланып көріңіз.

Кеш аяқталды.Әр топтың өз қоржынындағы фишкаларын санаймыз,жеңімпаздар тағайындалады,сыйлықтар беріледі. Кешті келіп тамашалағандарыңызға рахмет!

Енді сіздерге 7 «Б» сынып оқушысы Шарден Бағланның орындауында «Жезкиік» әнін тамашалаңыздар.

ІІІ.Қорытындылау.

© 2010-2022