Конспекты по физике Потенциал. Потенциал айырымы 8 сынып

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бекітемін_______________

23.12.15 8 сынып

Сабақтың тақырыбы: Потенциал және потенциалдар айырымы. Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымының арасындағы байланыс. . Конденсаторлар

Сабақтың мақсаты: Білімділік:Оқушыларды потенциал және потенциалдар айырымы,

электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс, конденсаторлар түсініктерімен таныстыру, оларға есепшығару білік дағдыларын қалыптастыру;

Дамытушылық:Оқушылардың іскерліктерін ,ойлау, жүйелеу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ұқыптылыққа, физикалық сауатты жазуға баулу. Ізденуге, шыдамдылыққа үйрету.

Сабақтың әдісі: Теорияларды, ұғымдарды, ережелерді қорыту, өзін - өзі бағалау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: графопроектр, кесте электр өрісі, электроскоп, эбонит таяқша.конденсаторлар, олардың суреттері

Сабақ барысы: 1: Ұйымдастыру кезеңі.
а) оқушылармен сәлемдесу
ә) топқа бөлу
б) сабақтың мақсат - міндеті туралы айту.
Өткен сабақта электр өрісі, оның барлығы, электр өрісінің кернеулігі, электр заряды туралы қарастырдық
2.Өткенді еске түсіру

1. Нүктелік заряд дегеніміз не?
2. Электр өрісі дегеніміз не?
3. Электр өрісінің кернеулігі нені сипаттайды.
4. Электроскоппен нені өлшейді.
5. Электростатикалық өзара әсер дегенді қалай түсінеміз.
6. Кулон заңы тұжырымдамасы.

2.Үйге берілген тапсырманы тест сұрақтары арқылы тексеру.
1.600 жылдары ертедегі гректер құрғақ,қатты шайыр күйдегі сары янтарь өндірген,оны не деп атады?
а) Электрон, в) бөлшек с) Протон д) Нейтрон
2. Электрлену барысында пайда болатын күштер?
А) Қарама-қарсы күштері, в)Ауырлық күштері
С) Электр күштері д)Серпінділік күштері
3. Зарядтың неше түрі бар?
А)1 в)2 с)3 д)4
4. «Электрон» сөзінен шыққан термен
А) ток көзі; В) заряд С) электр Д) кернеу
5. Қоршаған ортаның денелерімен әрекеттеспейтін денелер жүйесі
А) ортаның денелері бар денелер В) электрленген денелер
С) өткізгіштер Д) оқшауланған, тұйықталған;
6. Электр зарядының сақталу заңы:
А) q1 + q2 + … + qn = const В) F = k q1 *q2 / r 2 ;
С) E1 + E2 + … + En = const ; Д) U= 2 - 1.
7. Электрон заряды:
А) е = - 1,6* 10 9 Кл ; В) е = 1,6* 10 -19 Кл ;
С) е = - 1,6* 10 -19 Кл ; Д) е = - 1,6* 10 -18 Кл ;
8. Электронныңмассасы:
А) m = 91 *10 -31 кг В) m = 9,1 *10 -32 кг С) m = 9,1 *10 -31 кг Д) m = 9 *10 9 кг
9. Электр өрісінің күшсызықтарының бағыты
А) белгілі бір бағыты жоқ

В) оң зарядтан басталады, теріс зарядтан аяқталады.

С) басы не аяғы болмайды

Д) қарама - қарсы жақта болады.
10. Электростатикалық өріс -
А) Электр өрісінің жұмысы В) Потенциал айырымы
С) Жермен өзара әсерлеспейтін өріс;
Д) Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі
Дұрыс жауаптары:
1. А 6. А
2. С 7. В
3. В 8. С
4. С 9. В
5. Д 10. Д

.4.Жана сабақ. ІІІ. Жаңа тақырыппен жұмыс «Мағынаны тану».

Электр өрісіне енгізілген зарядталған денеге өріс тарапынан күш әрекететеді. Осы күш әсерінен дене орын ауыстырып, жұмыс істейді.A = E - E A / q = E / q - E / q мұндағы E / q = φ - өріс потенциалы деп аталады.U = φ - φ = E / q - E / q = A / q

A = q * ( φ - φ ) = q * U

Оң зарядты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне орын ауыстырғанда, өріс атқаратын жұмыстың осы зарядқа қатынасын потенциалдар айырымы немесе кернеу деп атайды.

φ - φ = A / q = U E = F / q F = q * E A = F * d

U = φ - φ = A / q = F * d / q = qEd / q = E*d

E = U / d [ E = 1 В / м ]

Қозғалмайтын электр зарядтарының электр өрісі электростатикалық өріс деп аталады. Жермен әсерлескен дененің потенциалдық энергиясы болатын сияқты, g1, g 2 зарядтарда потенциалдық энергияға ие болады.
Өріс күштері атқарған жұмысқа тура пропорционал болады. A g = Eg - Eg
өрістің 1және 2 нүктедегі потенциалдық энергиясы
Еgөрістің энергетикалық сипаты
Өріс күштік сипаттамасы- кернеулік
Энергетикалық сипаттамасы - потенциал

Конденсатор деп қалыңдығы өткізгіштердің өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген қосөткізгіштен тұратын жүйені айтады.
С=q/u q- заряд [Кл] u-потенциал айырымы [В] С- электрсыйымдылық [Ф]
1 Фарад - 1 Кл заряд бергенде потенциал айырымы 1 В-қа өзгеретін өткізгіштің электрсыйымдылығы. Бұл бірлік өте үлкен.
Мысалы: Жер сияқты аса үлкен өткізгіштің сыйымдылығы не бары 7*10-4Ф,
1 мкФ=10-6Ф , 1нФ=10-9Ф , 1пФ=10-12Ф, 1мФ=10-3Ф
С= ε ε0 s/d s- бірдей екі пластинкалар ауданы
d- пластинкалар арақашықтығы
ε- конденсатор пластинкаларының арасындағы кеңістіктегі заттың диэлектрлікөтімділігі (12 кесте)
ε0- электр тұрақтысы 8,85*10-12 Кл2 /Нм2
Конденсатор импульстерді кешіктіруге , айнымалы токтарды сүзіп алуға, оған бөгет болуға күшті ток импульсінің пайда болуына көмектеседі.
Техникалық қағаз конденсаторы бір-бірімен изоляцияланған, металл корпустан парафинделген қағаз ленталарарқылы изоляцияланған екі алюминий фольга жолағынан тұрады. Жолақтар мен лента өлшемі кішкентай пакет түрінде шиыршықталып оралған.
Лейден ыдысы іші мен сырты станиольмен желімделген алғаш рет ХҮІІІ ғасырда жасалған конденсатор
Айнымалы конденсатор (алдарыңыздағы көріп тұрған) мұндай конденсатор тұтқасын бұрағанда бірінің ішіне бірікіре алатын екі металл пластина жиынтығынан тұрады.
Электролиттік конденсатор диэлектрик ролін астарлардың біріне қапталған өте жұқа оксидтер пленкасы атқарады, екінші астар қызыметін арнайы зат ертіндісі сіңірілген қағаз атқарады
Қағаз конденсатор астар ретінде станиоль жолақтары ал изолятор ретінде парафинге малынған қағаз таспалар қызмет етеді.
5.Беркіту а)Түсінген болсаң, сынап көрейік!

Потенциал және потенциалдар айырымы

Электр өрісінің кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс

Конденсаторлардың түрлері.

Конденсаторлардың қолданылуы.

Потенциал қандай әріппен белгіленеді?

Электр өрісі кернеулігінің формуласы

Жазық конденсатордын электр сыйымдылығының формуласы

Потенциалдар айырымы қандай әріппен белгіленеді?

Электр өрісі кернеулігінің өлшем бірлігі

Конденсатордың қызметі


Ә) Сәйкестігін тап

1.Жазық конденсатор сыйымдылығы А. Тебіледі

2.Кулон заңы В. Фарад

3.Аттас зарядтар С. С=Конспекты по физике Потенциал. Потенциал айырымы 8 сынып

4. Сыйымдылықтың өлшем бірлігі Д. E=F/q

5. Өріскернеулігі Г.F=k*qq/Конспекты по физике Потенциал. Потенциал айырымы 8 сынып

Дұрыс жауаптары:



1.С

2.Г

3.А

4.В

5.Д

Б). Есептер шығару 1 топқа

1 деңгей 16 жаттығу -3есеп

2 деңгей№732

2 топқа 1 деңгей №748

2 деңгей16 жаттығу -7 есеп

6. Бағалау

7.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма: §33-34 16- жаттығу-4 17 жаттығу-1



© 2010-2022