Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау

Раздел Физика
Класс 12 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітілді»

______________________


Сабақ жоспары


Пән атауы:

Физика

Оқытушы:

Аманбаева Г

Мамандығы:

0111000 - «Негізгі орта білім»

Тобы:

ШТ-Д-14

Күні:

11.12.2014ж

Сабақтың тақырыбы:

Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау

Cабақтың мақсат-міндеттері:

А) проблеманы шешу жолдары

Оқыту:

- Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіз алғалы жеткен табыстарымен таныстырып, білімдерін нығайту. Отанын құрметтей білетін, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлесітерін қосатын азамат тәрбиелеу

- Оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. - Патриоттық сезімін ояту.

- жұмыстарына мақсат қоюға, оның орындалу шарттарын нақтылауға, жұмыс жетістігін жоспарлауға және ұйымдастыруға;

- атқарылған жұмыстарға, оның нәтижелеріне баға беруге;

- зертханалық жұмысты өздігінен жүргізе отырып, алған теориялық білім-білік дағдыларын практикада пайдалануға бейімделіп, үйрену шараларын ұйымдастыру;

-оқушылар өз бетінше жұмыс жүргізіп, сырғанау үйкелісін анықтауды практикада жүзеге асыруды үйрету;

Б) ақпараттық

- ақпараттық мәліметтерге сүйеніп нақты шешім қабылдай алу,

- өз бетінше мақсат қою және мақсатқа жету жолдарында қажетті ақпараттарды пайдалана білу;

- шешімді табу, талдау, таңдау жасау, түрлендіру, сақтау, тарату үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану;

- ақпараттарды өңдеу, логикалық операцияларды орындау (талдау, саралау, түсіну, құрылымын ұғыну, нақты және қосымша дәлелдемелер, ойша модельдеу, тәжірибе жасау, берілген мәліметтерді жүйелеу)

В) коммуникативтік

- нақты қоршаған орта мысалдарын шешу үшін әртүрлі ауызша және жазбаша жұмыстарын жүргізу (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде);

- коммуникативті мәселелердің шешу жолдарын табу;

- қазақ салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын білу;

- жеке тұлға және қоғам қалыптастыруға бағытталған мәдени және шығармашылық жұмыстарға қатысу.

Сабақ типі:

аралас,

білім бақылау сабақтары;

зертханалық жұмыс.

Сабақта қолданылатын технологиялар:

А) педагогикалық қарым-қатынастағы гуманитарлық-демократиялық технологиялар;

Б) оқушының білім-білік, дағдысын қалыптастырудағы педагогикалық технологиялар: проблемалық оқыту технологиясы, оқытудағы ойындар технологиясы, тірек-конспект негізіндегі технологиялар, оқытудың имитациялық технологиясы;

В) оқу материалдарын әдістемелік және дидактикалық кешендер арқылы меңгерту технологиялары: жеке дара ерекшеліктеріне деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы;

Г) оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқарудың педагогикалық технологиялары: АКТ, жеке оқыту әдісі, оқытудың дифференциалдық технологиялары

Д) оқытудың дамытушылық технологиялары: жазу және оқу арқылы ойлауды жан-жақты дамыту технологиялары, оқытуды дамыту технологиялары.

Пәнаралық байланыс:

Математика, информатика, қазақстан тарих;

Оқыту құралдары:

  1. Р.Башарұлы Г. Байжасарова У. Тоқбергенова «Физика» 10 сынып 2010 ж. Алматы «Мектеп»;

  2. А.С. Ждомов «Физика» М наука 1984ж;

  3. А. Ақаиқарова. А. Дайшыбаева. «Физика есептер мен тест сұрақтары»;

  4. Большая энциклопедия эрудито 2004ж;

  5. Рымкеевич. Сборник задач по физика 1989 ж;

Сабақ барысы:

Оқытушы іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Күтілетін нәтижелер

І. Ұйымдастыру кезеңі

-Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау.

-Сұрақ - жауап.

-әңгімелесу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

- Патриоттық сезімін ояту;

-Презентация көрсету;

-Сұрақ - жауап;

-Тақпақ, әнұран айту;

-Таратпа арқылы білім жинақтау.

-Оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін көрсету;

ІІІ. Зертханалық жұмыс

- Мотивация (жұмбақ);

-«Полигллот» ойынын ойнату;

-Кестені толықтыр;

-Зертханалық жұмыстың орындалу барысындағы қауіпсіздік ережесімен оқушыларды таныстыру.

-Жұмбақ шешу;

-Қойылған терминдерді үш тілде аудару;

-Физикалық шамалар бойынша кесте толықтыру;

- Зертханалық жұмыс жасау

А) Оқушыларды керекті құрал - жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

Ә) Жұмыстың тақырып бойынша теориясын еске түсіріп қайталау;

Б) Жұмысқа нұсқаумен танысып, керекті құралдардың жұмыс принципімен таныстыру;

Г) Жұмыстың қортындысын тексеру.

-Тақырып бойынша білім деңгейін жинақтап, жұмыстың өту жолымен өз бетінше дайындалып, мазмұнын түсініп, жұмыстарын көрсете білу.

IV. Білім бағалау

-Сабақта белсенділік танытып және зертханалық жұмыс жасаған оқушыларды бағалау.

V. Үй тапсырмасын беру

- практикалық жұмыстар;

- шығармашылық жұмыс;

-есептер шығару;




І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сабаққа дайындығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру


  1. Патриоттық сезімін ояту

Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

16 желтоқсан 1991 жылы республикамыз егемендік алды. Еліміз егемендік алғаннан бергі жылдарға шолу жасайық.

1991 жыл-нарықтық экономикаға көшкен жыл.
1992 жыл-қазақтың тұңғыш ғарышкері Т.Әубакіров ғарышқа ұшты.
1993 жыл- Ұлттық теңгеге көшу жылы.
1994 жыл-Еуразия одағын құру туралы конференция болды.
1995 жыл-Қ.Р.конституциясы қабылданды.
1996 жыл-Мемілекеттің жаңа әнұраны. елтаңбасы, туы қабылданды.
1997 жыл-жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы.
1998 жыл-халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы.
1999 жыл-ұрпақтар бірлігі мен сабақтастық жылы.
2000 жыл-мәдениетті қолдау жылы.
2001 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 10 жыл.
2003 жыл-Н.Назарбаевтың «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы жарияланды.
2005 жыл-«Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты жолдау жарық көрді.
2008-09 жыл-Қазақстанда берілетін жәрдем ақы, айлық табыс, пенсия көлемі жоғарылап халықтың әлауқаты артты.
2010 жыл-Елбасы Назарбаевтың «жаңа он жылдық-жаңа экономикалық өрлеу-Қазақстан жаңа мүмкіндіктері» жолдауы жарияланып, ел экономикасы жоғарғы қарқында дами бастады. 2011 жыл- тәуелсіз Қазақстанға 20 жыл. 2014 жыл-тәуелсіз Қазақстанға 23 жыл

2. Презентация көрсету

Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау

Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау



ІІІ. Зертханалық жұмыс

  1. Мотивация (жұмбақ)

Жылдамдықты өзгертеді
Қозғалысты тездетеді
Қарсы шықса қозғалысқа
Тоқтарына көз жетеді. (Күш)

Оқушыларға қойылған жұмбақтың күш сөзінің бүгінгі тақырыпқа сәйкестеп терминдерді жинақтау

  • Бүкіләлемдік тартылыс күш;

  • Серпімділік күш;

  • Үйкеліс күштері;

  • Ньютон заңдары;

  • Бірінші ғарыштық жылдамдық.

  1. Жинақталған терминдер бойынша «Полигллот» ойынын ойнату

  2. kz

    rus

    eng

    1

    Бүкіләлемдік тартылыс күш

    Всемирная сила притяжения

    World power of attraction

    2

    Серпімділік күш

    Упругость сила

    Еlastic force

    3

    Үйкеліс күштері

    Сила притяжения

    Power of attraction

    4

    Ньютон заңдары

    Законы Ньютона

    Newton`s laws

    5

    Бірінші ғарыштық жылдамдық

    Первая космическая скорость

    The first space speed

    Кестені толықтыр

Физ. шамалар

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Анықтамасы

Формуласы

Гук заңы

F

Н

Дененің деформациясы деп оның пішіні мен өлшемдерінің өзгеруін айтады

F=-kx

Ньютонның 2ші заңы

F

H

Денеге түсірілген күштердің әрекеті өзара теңгерілген болса, онда дене өзінің салыстырмалы тыныштық күйін сақтап қалатын санақ жүйелері бар болады

F=ma

Ньютонның 3ші заңы

F

H

Өзара әрекеттесетін екі дене бір түзудің бойымен модульдері бойынша тең, ал бағыты жағынан қарама-қарсы күштермен әрекеттеседі

F1= - F2

Гравитациялық күш

G

Нм2/кг2

Шаманың қаншалықты аз екенін байқай отырып, бүкіләлемдік тартылыс күшінің әлсіздігі туралы айтатын шама

G=6.67*Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау

Үйкеліс күш

Fүйк

Н

Қозғалысқа кедергі келтіруші күш ретінде көрініс табады

Fүйк=Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау


  1. Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау

(электронды оқулықпен көрсету)

  1. Жүктің үстел үстінде қозғалғандағы үйкеліс коэффициентін анықтау.

  2. Үйкеліс күшінің дененің ауырлық күшіне тәуелділік графигін және үйкеліс коэффициентінің дененің ауырлық күшіне тәуелділік графигін сызу.

  3. Үйкеліс коэффициент үшін қателікті анықтау.

  4. Басқа беттер үшін үйкеліс коэффициентін анықтау.

Қысқаша теория

Үйкеліс күшінің үш түрі бар. Тыныштық үйкеліс күші, сырғанау үйкеліс күші, шайқалу үйкеліс күші. Тыныштық үйкеліс күші денеге сыртқы күштер әрекеті нәтижесіенде дене тыныштықты сақған кезде пайда болады. Сырғанау үйкеліс күші дене басқа денеге қатысты сырғанаған кезде пайда болады. Сырғанау үйкеліс күші дененің қозғалу бағытына қарама-қарсы.

Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау

Суретке қарандар.

Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау (1)

Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау - пропорционалдық коэффициенті, немесе үйкеліс коэффициенті, ол әрқашанда 1-ден аз.,

N - тіректің реакция күші.

Тіректің реакция күші N модуль бойынша салмаққа P тең және қарама-қарсы бағытта болады. Бірқалыпты қозғалыс кезінде салмақ ауырлық күшіне тең.

Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау (2)

Ньютонның үшінші заңы бойынша, бірқалыпты қозғалыс кезінде үйкеліс күші модуль бойынша тарту күшіне тең және қарама-қарсы бағытта.

Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау (3)

Үйкеліс коэффициентін анықтау үшін (1) формуланы қолданады. Үйкеліс күші (3), ал тіректің реакция күші (2) бойынша анықталады.

Жұмыстың орындалу тәртібі.


Сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау











  1. Кесте сызыңдар.

  2. Динамометрдің көмегімен ағаш дененің салмағын анықтап, тіректің реакция күшін кестеге толтырыңдар.

  3. Ағаш денені үстелдің үстімен бірқалыпты қозғау арқылы динамометрдің көмегімен тарту күшін анықтаңдар.

  4. (3) формула негізінде үйкеліс күшінің мәнін кестеге толтырыңдар.

  5. 1-ші тәжірибе бойынша үйкеліс коэффициентін анықтап, кесетеге толтыр.

  6. Ағаш денеге 100 г жүк қосып, тәжірибені қайталап, анықталған мәндерді кестеге толтыр.

  7. Тәжірибені қосымша 2 рет қайталаңдар. 100 г қосуды ұмытпаңдар.

  8. Үйкеліс коэффициентінің орташа мәнін, абсолют және салыстырмалы қателіктерін есептеңдер.

  9. Үйкеліс күшінің дененің ауырлық күшіне тәуелділік графигін және үйкеліс коэффициентінің дененің ауырлық күшіне тәуелділік графигін сызу.

  10. Дененің массасын 300 г-ға арттырып, немесе сырғанау бетті ауыстырып тәжірибені қайталаңдар.

  11. Үйкеліс күшті анықтаңдар.

Үстел - Fүйкеліс=….

Жер - Fүйкеліс=….

  1. Үйкеліс күші қандай шамаларға тәуелді екенің анықтап, қорытынды жазыңдар.


N, Н

Fүйкеліс, H

μ

μ орташа

|μ - μорт|

ε

1







2





3





4





Бақылау сұрақтары

  1. Сырғанау үйкеліс күші деп нені айтады?

  2. Үйкеліс коэффициенті нені көрсетеді?

  3. Үйкеліс коэффициентін қандай формула бойынша есептеуге болады?

  4. Сырғанау үйкеліс күшін қалай өлшеуге болады?

  5. Тіректің реакция күші деген не?

  6. Үйкеліс күшін қандай формула бойынша есептеуге болады?

  7. Сырғанау үйкеліс күшінің тірек реакция күшіне тәуелділік графигін қалай салуға болады?

ІV. Білім бағалау

Сабақта белсенділік танытып және зертханалық жұмыс жасаған оқушыларды бағалау.

V.Үйге тапсырма

1. Үй жағдайында сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтау;

2. Роберт Гук өміріне шығармашылық ізденіс;

3. В.В.Рымкеевич «Есептер жинағы» №251-253.



© 2010-2022