Урок на тему: Строение вещества

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ЗАТТЫҢ КҮЙЛЕРІ.ҚАТТЫ ,ГАЗ ЖӘНЕ СҰЙЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІ

Әзмұратова Айгүл Жолмырзақызы

Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің физика пәні мұғалімі

Пәні: Физика

Сыныбы: 7

Сабақтың тақырыбы: Заттың күйлері.Қатты ,газ және сұйық заттардың қасиеттері

Сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Білімділік: Заттың күйлерін молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Ә) Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

Б) Тәрбиелік: Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын педагогикалық технология:

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар, приборлар,оқулық, шыны түтік, су.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің қызметі: Оқушының қызметі:

-амандасу; - амандасу;

- түгелдеу; - кезекшілік міндеттерін атқару;

- оқушылар назарын сабаққа аудару; - сабаққа дайындалу

- оқу құралдарының дайындығын тексеру


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Байқоңыр - ғарыш айлағы


ІІІ. Жаңа сабақ.


Температураның өзгеруіне байланысты зат үш түрлі күйде: қатты, сұйық және газ күйлерінде болады.
Қатты: кристалл тәрізді түзіледі,молекулалар жақын орналасады, пішінін, көлемін сақтайды. Сондықтан қатты денені сығу немесе тартып созу өте қиын. Көптеген денелер қатты күйге ауысқанда оны құрайтын молекулалар кристалдық тор құрайды және жақынырақ орналасады.

Қатты дененің молекулаларының орналасуы

Урок на тему: Строение вещества

Пішінін мен көлемін сақтау - қатты денелерге тән қасиет.


Сұйық: пішінін оңай өзгертеді,ыдысқа байланысты,көлемін сақтайды, аққыш, молекулалары ретсіз орналасады. Сұйықтардың бұл қасиеті күрделі пішінді металл бұйымдарын жасауға пайдаланады. Ондай бұйымдарды алу үшін балқыған металды, арнайы жасалған қалыптарға құйып, қатырады.

Сұйықтың молекулаларының орналасуы

Урок на тему: Строение вещества


Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту - сұйыққа тән қасиет.


Газ: молекулалары алшақ орналасады, тұрақты көлемі,пішіні болмайды, берілген көлемді түгел алады, оңай сығылады. Ауаның бар екенін, оның газ молекулаларынан тұратын тыныстап дем алғанда, жел соққанда, жүйрік атпен жүйтки шапқанда сезінеміз.

Газдардың молекулаларының орналасуы

Урок на тему: Строение вещества

Газдың тұрақты көлемі мен пішіні болмайды. Олар берілген көлемді түгелдей алады.


Мысалы: су үш күйде бола алады. Қатты күйі мұз, сұйық күйі -су,
газ тәрізді -бу. Олай болса заттың үш күйін МКТ -ның қағидаларын қолдана отырып түсіндіруге болады. МКТ-ның үш қағидасы бойынша кез-келген зат өте ұсақ бөлшектерден тұрады және олар үздіксіз қозғалыста бола отырып, бір-бірімен өзара әрекеттеседі.

ІV. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Заттар қандай күйде бола алады?

  2. Заттың қатты күйіне тән қасиет қандай?

  3. Заттың сұйық күйіне тән қандай қасиет?

  4. Заттың газ күйіне тән қасиет?

  5. МКТ арқылы зат күйлерінің қасиеттерін қалай түсіндіруге болады?

V. Сабақты қорытындылау.

Тест тапсырмасы
1. Көлемін және пішінін сақтайтын дене?
А) қатты б) сұйық с) газ
2. Көлемін сақтап, пішінін сақтамайтын дене?
А) қатты б) сұйық с) газ
3. Көлемін және пішінін сақтамайтын дене?
А) қатты б) сұйық с) газ
4. Химиялық элементтің қасиеттерін бойына сақтаған оның ең кіші бөлшегі.
А) атом б) молекула с) зат
5. Дененің жылулық күйін анықтайтын құрал?
А) таразы б) термометр с) мензурка
6. Заттың үш күйінің айырмашылығы неде?
А) молекулаларының өлшемдерімен б) молекулалардың орналасуымен
с) молекулалардың құрамымен
7. Молекула - кинетикалық теорияның негізін салушылардың бірі?
А) Архимед б) Аристотель с) Ломоносов
8. Әлем кеңестігіндегі барлық нәрсе не деп аталады?
А) зат б) материя с) дене
9. Кез - келген зат молекулалары өзара қалай әсерлеседі?
А) өзара тартылады б) өзара тебіледі с) тартылады және тебіледі, өте аз қашықтықта тебілу күші тартылу күші тартылу күшінен көп болады
10) Молекулалары өзіне берілген көлем ішінде ретсіз шапшаң қозғалатын заттың қандай күйіне сәйкес келеді?
А) қатты б) сұйық с) газ
Тест жауаптары
1. А
2. Б
3. С
4. А
5. Б
6. Б
7. С
8. Б
9. С
10. С
Ең маңызды сұрақтарды оқушылардан сұрау.
1. Атом.
2. Молекула.
3. МКТ-ның негізгі қағидалары.
4. Диффузия.
5. Броундық қозғалыс.
6. Заттың күйлері.
7. Температура.
Оқушылардан ауызшы сұрау.
Карточкамен жұмыс.
№1 К. Киімге жаққан әтір иісіінің ауаға жайылуын қалай түсіндіресің?
№2 К. 1 км =? м; 1 кг =? г; 1см=? м; 1 мин? = с
№3 К. Күн жүйесіндегі планеталарды ретімен атап бер?

VІ. Үйге тапсырма: Заттың күйлері. Қатты, газ және сұйық заттардың қасиеттері


© 2010-2022