Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылу, сыну заңдары

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылу, сыну заңдары.Сабақтың мақсаты:а) Білімдік: Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін жинақтау. Есеп шығаруда білім мен білік дағдыларын жетілдіру.ә) Дамытушылық: Ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.б) Тәрбиелік: Өз ойын еркін жеткізе білу бағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабақтың түрі: Аралас сабақСабақтың әдісі: Кубизм әдісі, ассоциация әдісі, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.Сабақтың көрнекілігі: Сызба-нұсқалар, карточкалар, стакан су...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылу, сыну заңдары.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімдік: Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін жинақтау. Есеп шығаруда білім мен білік дағдыларын жетілдіру.

ә) Дамытушылық: Ой-өрісі мен танымдық қабілеттерін дамыту.

б) Тәрбиелік: Өз ойын еркін жеткізе білу бағдыларын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Кубизм әдісі, ассоциация әдісі, топпен жұмыс, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Сызба-нұсқалар, карточкалар, стакан суы бар, карандаш, калькулятор.

Пәнаралық байланыс: Математика, география, тарих, химия пәндері.

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу, сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ.Үй тапсырмасы.

Жарық жылдамдығы тақырыбы бойынша үй тапсырмасын сұрау.

Кубизм әдісін пайдаланып үй тапсырмасы сұралады. Кубиктің алты жағына алты сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы жауап береді, тапсырманы орындайды.

1-сұрақ.

Жарық дегеніміз не?

Жарық дегеніміз табиғаты ерекше бөлшектер ағыны немесе фотондар деп атайды.

2-сұрақ.

Жарық көздерінің түрлерін ата.

Жарық көздері үш топқа бөлінеді: жылулық, люминесценциялық және плазмалық.

3-сұрақ.

Жылулық жарық көздерінің люминесценттік жарық көздерінен қандай айырмашылығы бар?

Жылулық жарық көздерінен шыққан жарық сәулесінің жылулық энергиясы жоғары, ал люминесценттік жарық көздерінен шыққан жарық сәулесінің жылулық энергиясы төмен болады.

4-сұрақ.

Ай жарық көзі бола ма?

Ай шағылған жарық көзі болып табылады.

5-сұрақ.

Кітап оқығанда өздерің пайдаланатын жарық көздерін ата.

Табиғи және жасанды жарық көздері, олар: Күннің және электр шамдарының жарық сәулелері.

6-сұрақ.

Жарық жылдамдығының өлшем бірлігі қандай?

Жарық жылдамдығының өлшем бірлігі с=300000 км/с=300000000 м/с=3∙108 м/с.

7-сұрақ.

Күн жөнінде мағлұмат бер.

8-сұрақ.

Жарықтың таралу заңын айт.

Біртекті ортада жарық сызық бойымен - түзусызықты таралады.

9-сұрақ.

Жарық сәулесі деген не?

Жарық көзінен келген жарық энергиясы бойымен тарайтын сызық жарық сәулесі деп аталады.

10-сұрақ.

Жарық шоқтары деген не?

Берілген шектелген бағытта тарайтын жарық сәулелерінің жиынтығы жарық шоқтары деп аталады.

11-сұрақ.

Күн тұтылу деген не?

12-сұрақ.

Ай тұтылу деген не?

13-сұрақ.

Есеп. Күннен Жерге дейінгі қашықтық 150 млн. км. Күннен Жерге дейін жарық қанша уақытта жетеді?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жарықтың шағылу, сыну заңдары

Жоспар

  1. Жарықтың шағылу заңы.

  2. Жазық айна.

  3. Сфералық айна.

  4. Жарықтың сыну заңы.

  5. Ақ жарықтың спектрге жіктелуі.


  1. Жарық бөлшектері - бұл фотондар бұлар денелерге түсіп, заттың бөлшектерімен әсерлеседі, яғни жарықтың әсерінен денелер қызады. Маталардың бояуы оңады, фототопластинкалар қараяды.

Мысалы: Күннің жарығы барлық денелерге әсер етеді.

Ваккумдегі жарық жылдамдығы дүниедегі ешбір дененің жылдамдығынан артық бола алмайды. Яғни 3·108 м/с.Мұны есте сақтау керек.

Заттарда жарық жылдамдығы ваккумге қарағанда аз, мысалы ауада жарық жылдамдығы 299711 км/с, суда 225000 км/с, шыныда- 200000 км/с.


  1. Шағылу заңы.

Жарықтың шағылу және сыну заңдарын алғаш рет Христиан Гюйгенс ұсынған.

Оның принципі бойынша екі ортаның шекара бетінен шағылған сәуленің бағынатын заңын қорытып шығарған.

Түскен сәуле мен шағылған сәуле, сәуленің түсу нүктесінен шағылдырушы бетке тұрғызылған перпендикуляр бір жазықтықта жатады.

Шағылу бұрышы түсу бұрышына тең болады.

α - түсу бұрышы, β - шағылу бұрышы.

Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылу, сыну заңдары. Сабақтың тақырыбы: Жарықтың шағылу, сыну заңдары.


  1. Сыну заңы.

Сыну құбылысы қалай болады. Егер стаканға су құйып, оған қарандаш салып, бүйіріне қарасақ, бір бөлігі әрігерек жылжып кететін сияқты. Сұрақ, бұл неліктен олай болады?

Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде оның жылдамдығына байланысты: с װ γ

α - түсу бұрышы γ - сыну бұрышы

Екі ортаны бөлетін шекара арқылы өткенде таралу бағытының өзгеруі жарықтың сынуы деп атайды.

n-тұрақты шама, сыну көрсеткіші

с- ауадағы жарық жылдамдығы

v-әр ортадағы жарық жылдамдығы.

n=с/v n=Sinα/Sinγ

ІV. Бекіту.

Оқушыларға карточкалар беріп, жауап алу.

Ия-жоқ әдісімен сұрақтар беру.

  1. Шағылу заңын ұсынған ғалым Гюйгенс пе? (ия)

  2. α-бұрышы - түсу бұрышы ма? (ия)

  3. Жарықтың сынуы судың көлеміне байланысты ма? (жоқ)

  4. Түсу бұрышы шағылу бұрышына тең бе? (ия)

  5. Егер α=450 болса, онда β=500 бола ма?(жоқ)

  6. Су мен ауа арасындағы бет шекара ма? (ия)

  7. Түскен сәуле мен шағылған сәуле тең бе? (ия)

  8. Жарық жылдамдығының мәні 300000000 м/с па? (ия)

  9. Есеп: Жарықтың түсу бұрышы 45⁰, сыну бұрышы 30⁰. Жарықтың шағылу бұрышын, абсолютті сыну көрсеткішін және таралу жылдамдығын анықта.

1.Сұрақ : Күн көкжиектен батқанда неге бірден қараңғы түспейді?

Жауап: Жарықтың шағылуымен түсіндіріледі.

Күн көкжиекке батқанда атмосфераның беткі қабатын жарықтандырады, ал Күн сәулелері сол қабаттан шағылып, жер бетіне түседі.

2.Cұрақ: Дененің беті қандай жағдайда: қызыл, жасыл, ақ, қара болады?

Жауап: Ақ жарықпен жарықтандырылған дененің түсі, ол дене жарықтың қандай түсін шағылдыратынына тәуелді.

V. Үй тапсырмасы.

§64 - 67, 69. 201 беттен 217 бетке дейін.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Физика 8 сынып.

2. Физика есептер жинағы



© 2010-2022