Дәстүрлі емес сабақ жоспары

Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика әлеміне саяхат


Мақсаты:Физика пәні бойынша біліктілігі жоғары оқушыларды анықтай отырып, пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ізденімпаздыққа үйрету.

Көрнекілігі:Интерактивті тақта, карточкалар, плакаттар.

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Мұғалім сөзі.

3. «Жұмбақ қорап» ойыны

4. «Физика тілінде сөйлесейік»

5. Сәйкестікті табу

6. «Физборд шешу»

7. Мені түсін

1-Оқушы: Физик,ғалым,астрономдар өтіпті,

Қиялменен көкке самғап жетіпті.

Табиғат аясында тербеліп,

Даналығын мұра етіп кетіпті.

2-Оқушы;Физика-табиғат туралы ғылым,

Физика-экспириментті ғылым,

Физика-үнемі алға ұмтылған ғылым.

Бірақ, физикада спорттағыдай бастысы - қатысу.

Ендеше бастайық! Іске сәт!

3-Оқушы: Ғылымдардың патшаасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл - ойды тәртіпкек келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың

4-Оқушы: Армысыңдар, бүгінгі кешке жиналған қауым!
Құтқарып ауыр бейнеттен
Техниканы үйреткен
Роботтай -адамды
Тіл бітіріп сөйлеткен
Компьютер емей немене
Білмегенді білдірген
Өлшеп киім кигізген
Барлық істі атқарып
Пайдасын елге тигізген

5-Оқушы Ұстаз да, шәкірт те бас иетін,
Компьютер, бар сенің қасиетің.
Бір емес бірнеше іс атқарасың,
Жалғыз өзің, мыңның ісін атқарасың.
Ақапарат, ақпараттық әрекетті.
Жүзеге асырасың, бас ұрасың
Интернет желісін жүктейсің де,
Әлемдік жүйеге сен енесің
Өмірдің тулап жатқан толқынында.
Өзіңді өзгелермен бір көресің
Ақапарт, ақпараттық әрекетті.
Жү.зеге асырасың, бас ұрасың

6-Оқушы Қатысыңыздар, Қолдаңыздар, Есептен шет қалмаңыздар, ойлаңыздар, есеп додасы басталды, кірісейік жұмысқа! Жайбарақат болмаңыздар. Қатыратын бастарыңызды , Апталық міне басталды.

Ал енді білімдерімізді толықтырайық.

Ал енді сіздерге қызықты сұрақтар қойылады.

1-ші топ

1) Ағаш үстінде 100 торғай отырды, Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қан-

шасы қалды? (10)

2)Егер тырна 1 аяғымен тұрса 3 кг, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3)

3)Төрт қойдың неше аяғы бар? (16)

4)Үстел беті төрт бұрыш, оның бір бұрышын кесіп тастаса неше бұрыш қалады? (5)

5)225 нешенің квадраты? (15)

6)9-ға кері сан? (1/9)

7)Шаршының неше қабырғасы бар? (4)

8)Бір жылдың неше айында 30 күн бар? (5)

9)Бөлмеде 7 майшам жанып тұр. Сен жанындағы біреуін өшірдің, нешеу қалды?

10)Отбасында жеті қыз және әр қыздың бір-бірден інісі бар. Отбасында барлығы неше бала бар?(8)

11).Бұрышты өлшейтін құрал?(Транспортир)

12).Қиылыспайтын екі түзу?(Паралель)

2-ші топ

1)Екі нүктенің арасындағы түзу(кесінді)

2)Барлық қабырғалары тең төрт бұрыш?(шаршы)

3).Ең үлкен екі таңбалы сан?(99)

4)16-ның квадраты? (256)

5)7 жай сан ба, құрама сан ба?(жай)

6)3 кесіндіден құралған фигура? (үшбұрыш)

7)1 ғасырда неше жыл бар?(100)

8.Күн көзі жылына неше рет шығады?(365)

9).Үш таяқтың неше ұшы бар?(6)

10).Ең кіші жай сан?(2)

11)2 ғасырда неше жыл бар?(200)

12)Миллионда неше ноль бар?(6)

«Жұмбақ қорап» ойыны

1.Ол электр бөлімінде қолданылады, белгілі бір физикалық шаманы өлшейді. Өзі төртбұрышты, сырты шыны, тізбекке қосқанда тілшесі қозғалады.(вольтметр)

2.Өзі әдемі, жалт-жұлт етеді, жұмсақ емес, жеңіл де емес. Оны алсаң төбең көкке жетіп, қуанасың. Бірақ тер төгіп, еңбектенсең ғана қолың жетеді.(кубок)

3.Ол әр түрлі пішінде болады, кейде жарамсыз болып қалуы да мүмкін. Оның тұрмыста да сабақтарда да, жол жүргенде де тіпті көшеде де қажет болуы мүмкін. (батарейка)

Физика тілінде сөйлесейік»

1топ

1.Физика- грекше «фюзис» -табиғат дегенді білдіреді.

2.Калория-латынша «калор»- жылу қызу.

3.Вакуум-латынша «бостық» дегенді білдіреді.

4.Электрон- янтарь грек сөзінен шыққан.

5.Диффузия- латынша «жайылу, таралу»-деп аталады.

2топ

1.Деформация-латынша (бүліну, бұзылу,иілу, бұралу)

2.Инерция-латынша (қозғалыссыздық,әрекетсіздік)

3.Капиллиярлар-латынша капиллярис-шаш

4.Манометр-грекше «манос» сирек,тығыз емес, «метрео»- өлшеймін

5.Кинетикалық- грекше «кинетикос» қозғалыс.

Сәйкестікті табу

1-ші топ

А)1)Жылдамдық а) м³

2)масса ә) м/с

3)көлем б) кг/м³

4)тығыздық г) кг

Ә)1)Жылдамдық формуласы а) m=pv

2)Тығыздықтың формуласы ә) F=mg

3)Жолдың формуласы б)V=S/t

в)S=Vt

г)P=m/V

Б)1)көлем а)динамометр

2)масса ә)мензурка

3)температура б)таразы

4)күш в)термометр

2-ші топ

А)1)Жол а)кг

2)күш ә)Н

3)уақыт б)км

4)масса г)с

Ә)1)Күштің формуласы а)m=pv

2)Көлемнің формуласы ә)F=mg

3)Массаның формуласы б)V=m/p

в)V=S/t

Б)1)уақыт а)мензурка

2) көлем ә)таразы

3)масса б) секундомер

4)жылдамдық в)спидометр

Физборд шешу»қай топ көп сөз тауып оқыр екен?

К Ү Ж Ы Л Д М А У Ф

Н Ш У А Қ А С С З Ф

Ь О Н Ж Ы М А П И И

Ю Т Л О Т Д Ы Қ Я Д

Т Д Ы Қ Т Т У К М А

Ы З А П Е А Р Ө О Л

Ғ Ы Ғ Ы М Р А Л Л У

Қ О З С П Е М Е Е К

«Мені түсін» Бұл бөлім бойынша сіздер өздеріңіз тандап алған бетте жазылған сөздерді (сызғыш, циркуль, шеңбер, үшбұрыш, агенд, телефон,) іс-қимыл арқылы бейнелеулеріңіз қажет.

Қорытынды.

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.Әділқазылар қорытындылау сөз алады. Жеңімпаздарды сіздерге таныстырып, марапат пен сыйлықтарын тапсырады.

Білім деген биік шың,

Бақытқа сені жеткізер.

Қиындықтан өткізер-, дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Қатысқандарыңыз үшін баршаңызға рахмет.



© 2010-2022