Электр тогының жұмысы мен қуаты

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Тесты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ жоспары: Физика

Күні-уақыты

8а сынып

Сабақтың тақырыбы

Электр тогының жұмысы мен қуаты

Жалпы мақсаты

Электр тогының анықтамаларын, бірліктерін, өлшейтін құралдарын білу. Алған білімді қорытындылау , есептер шығару. Электр тогының жұмысы мен қуаты туралы түсінік қалыптастыру.

Оқу нәтижелері

-Электр шамаларының анықтамаларын, өлшем бірлігін, формулаларын еске түсіреді;

-Электр тогынның заңдарын тұжырымдайды;

Формуладан белгісіз шаманы табады;

Жұмыстың қуатын анықтап формуласын түрлендіреді;

Рольдік ойындар арқылы токтың пайдасы мен зиянын біледі;

Түйінді идеялар

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету;

АКТ- мен жұмысқа баулу;

Өзін-өзі бағалауға ынталандыру;

-Оқушылардың ой- өрісін дамытуға, пікір таластыруға, өз бетімен ізденуге, шығармашылыққа баули отырып, өзіндік қор жинауға дағдыландыру:

Жаттығулар

1) «Қарлы кесек ойыны»

2) «Кім жүйрік?» (деңгейлік тапсырмалар)

3) «Кім жылдам? . . . » (формуланы толықтыр)

4) «Физикалық тәжірибе...»

5) «Ойлан-тап» (постермен жұмыс)

6) Тест

7) Қорытындылау бағалау

Қолданылатын әдіс -тәсілдер

1.Миға шабуыл.

2. Диалог

3.Мағнаны тану

5.Топтық жұмыс.

6. Оқуды бағалау.Бағалау парағы

Ресурстар (дерек көздері)

М.Бронсон/2000/ Александер /2008/, Оқулық 8 сынып

Сабақтың барысы

Мұғалім жазбасы:

І кезең. Ұйымдастыру.

  • Шеңбер құрып, жақсы тілектер айту, арқылы ынтымақтастықты қалыптастыру.

  • Кернеу, Кедергі, Ток күші болып үш топқа бөлу.

(5 мин)

кезең

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының іс - әрекеті

Бағалау

Минут

Білу

1. «Қарлы кесек ойыны» арқылы үй тапсырмасын тексеремін

Миға шабу әдісі қолданылып оқушылар жауап беру кезінде сыни тұрғыдан ойланады.

Әрбір оқушы қарлы кесекті бір-біріне лақтырып беру арқылы бір-біріне сұрақ қояды. Қойылған сұраққа ауызша жауап береді.

Критери бойынша бағалау (0-5 балл аралығында) есептеледі.

Топ басшылары өз топ мүшелерін бағалап отырады.

5 минут

Түсіну

ІІ кезең. Жаңа тақырыпты түсіндіру

а) «Кім жүйрік ...» есептер шығару.

1-есеп: Әрқайсысы 6 В кернеуге, 0,6 А ток күшіне есептелінген екі шам 2 мин жанады. Осы уақыт аралығында әр шамдағы және екі шамдағы электр тогының атқаратын жұмысын анықтаңдар.

2-есеп: Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс істегенде, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.

3-есеп: Мұнай араластырғышты іске қосатын электрқозғалтқышының қуаты 1900 Вт. Электрқозғалтқышынан

2 сағ ішінде 14400 Кл зарядты өткізетін орамның кедергісін анықтаңдар.Электр тогының жұмысы мен қуаты

(0-5 балл) аралығында бағаланады.

Екі жұлдыз бір тілек айту арқылы бағалайды.

(10 мин)

Қолдану

«Кім жылдам » бұл тапсырма бойынша оқушылар формулаларды толықтырады

Тапсырма толық орындалған жағдайда 3 балл қойылады.

(1-5)балл аралығында

5 мин

Талдау

а) «Физикалық тәжірибе»

Әр топ өздерінің тақырыптарына байланысты физикалық тәжірибе жасайдыЭлектр тогының жұмысы мен қуаты

Электр тогының жұмысы мен қуаты

(0-3 балл) аралығында бағаланады.

Басбармақ көрсету арқылы ынталандырамын

(0-5 балл) аралығында бағаланады.

(2 мин)

3 мин

(5 мин)


Жинақтау

в) «Ойлан тап» . Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып жаңа сабақты түсінгендерін қорытындылайды .

Г) Тест жұмысы: Сабақты қорытындылау

Постермен жұмыс жасайды.

  1. Топқа . Электр тогы

  2. Топқа: Тұрақты ток

  3. Өткізгіштерді жалғау.

Оқушылар өткен тақырып бойынша тест тапсыру арқылы сабақты қорытындылайды.

(0-3 балл) Төменнен жоғары қарай шапалақтау


5 мин


Бағалау

Критерилеры бойынша бағаланады.

Ынталандыру белгілері арқылы, топ басшысының бағалау парағына өз топтарын бағалау арқылы бағаланды.

3 мин

Үйге тапсырма

Электр тогының жұмысы мен қуатына байланысты есептер шығару.

Тәжірибелік сабақты бағалау

Сәтсіз жақтары: Бағалау кішкене қиынға түсті., Уақыттың жетпей қалуы.

Сәтті жақтары: Топпен жұмыс жасауға дағдыланды. Оқушылар АКТ -ны пайдаланып , формулалар мен функцияларды қоя отырып есеп шығаруды білді.

Сабақты түзету

(кері байланыс)

А)Сабақтың қорытындысы оқушылар алма ағашына сабақтан алған әсерлерін стикерлерді жабыстыру арқылы білдіреді

Ә) Оқушылар алған білімдерін сабаққа байланысты бағалау парағына толтырады.



© 2010-2022