Физика пәнінде тұлғаға бағдарланған білім беруді жүзеге асыру

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика пәнінде тұлғаға бағдарланған білім беруді жүзеге асыру.

Қалдыбек Омарбеков,

М.Мыңбайұлы атындағы орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі

Білім беру мен оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процессі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат- жан-жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, істеген ісіне тұжырым жасап, қорытындыға келу, ойлау көкжиектерін кеңейтіп, ой еркіндігіне жол ашу.

Физика пәнінде бағдарланған білім беру-ғылымның жаңа ізденістерін тудырып нәтижеге қол жеткізу және дұрыс пайдаланып жоғары көрсеткіштерге жету.Жоғарғы көрсеткіш-білім деңгейін шығармашылық деңгейге жеткізеді.Қазіргі ғылыми-техникалық даму заманында білім беруді бірі, компъютер мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы электрондық оқулықтарды пайдалану. Электрондық оқулықтар білім беру процесін ақпараттандыру құралдарының бірі деуге болады.

Жалпы білім беретін мектепте физикалық білім беруде оқушылар талдай алу, салыстыра алу, ғылыми дәлелдеулерді пайдалана отырып өз көзқарасын негіздеуді талап ететін тапсырмаларды орындауда төмен нәтижелер көрсетеді. Сондықтан сыныптағы физикалық білім берудегі жақсы дәстүрлерді жоғалтып алмай, бағдарлы жоғарғы сыныптарда физиканы оқытудың жеке тұлғаға бағдарланған білім беруді жүзеге асыру және практикалық бағытталуын күшейту арқылы білім беру қажет.

Жаратылыстану-математикалық бағдарында "физика" пәні бұл бағдардың нақты бағытталуын анықтайтын көтеріңкі деңгейде оқытылатын пәндердің қатарына жатады. Курстың негізгі ерекшелігі- қарастырылатын мәселелерді теориялық және эксперименттік тұрғыдан неғұрлым тереңірек қарастыру болып табылады. Оқушыларды нақты материалмен таныстырып қана қоймай, табиғатты танып - білу процесі қалай жүретіндігін, эксперименттің, болжамның, теорияның, математикалық әдістердің, физикалық теориялардың сабақтастығы қалай жүзеге асатындығын көрсету қажет.

Физика пәнінде тұлғаға бағдарланған білім беруді жүзеге асыру үшін

курстың негізгі бөлімдерін (механика, молекулалық физика және термодинамика, электродинамика және кванттық физика) ғылыми таным әдістерін пайдалануы тиіс. Ізденушілік сипатындағы лабораториялық жұмыстарды орындау, күрделілігі әр түрлі есептерді шығару арқылы оқушылар әр түрлі іс-әрекет тәсілдермен, сондай-ақ теориялық материялды оқып үйрену кезінде индуктивті және дедуктивті қорытындылар жасау, модельдеу, ойша тәжірибе және т.б іс-әрекет түрлерін қолдануға болады.

Кейбір мәселелерді қарастырып өтетін болсақ. "Қатты дененің тепе-теңдігі мен қозғалысы", "Айналмалы қатты дене динамикасының заңдары", "Импульс моментінің сақталу заңы" қарастырылады. Бұл тақырыптар оқушыларға, біріншіден, механиканың зерттеу объектісі материялдық нүкте ғана емес абсолют қатты дене де болып табылатынын көрсетуге және екіншіден, едәуір қолданбалы мәні бар статистика элементтерімен таныстыруға, үшіншіден, механикадағы сақталу заңдарының толық аяқталғандығын көрсетеді.

"Молекулалы -кинетикалық теория негіздері тақырыбының басты идеясы заттың дискреттік күйінің теориясын негіздеу және ретсіз (хаосты) қозғалыстағы бөлшектердің қозғалысын сипаттау болып табылады. Идеал және нақты газдардың молекулалы -кинетикалық теорияның негізгі теңдеуін тұжырымдау, жылулық процестердің қажеттілігінің себептерін көрсету кезінде статистикалық идеялар жүзеге асады, сондай-ақ бұл идеялар өткізгіштіктің электрондық теориясын, кванттық оптиканы, атом және атом ядросы физикасын баяндау кезінде жалғастығын табатын болады.

"Электродинамика" бөлімінде Гаусс теоремасы қарастыру симметриялы таралған электр зарядтарының (зарятталған түзу өткізгіштің, цилиндрдың сфераның, жазықтықтың, жазық цилиндрдың) өрісін есептеуге мүмкіндік береді.

"Тұрақты электр тогы" тақырыбында тізбектің бір текті емес бөліктері үшін Ом заңына, ЭҚК ұғымының тереңірек талдауына елеулі көңіл бөлініп әр түрлі қосылған электр тізбектерін есептеу үшін Кирхгоф ережелерін кеңінен пайдаланады.

"Электромагниттік толқындар және радиотехниканың физикалық негіздері " тақырыбында Максвеллдің теориялық идеяларының талдануы ,электромагниттік толқындардың модуляциясы, генерациясы кезіндегі сызықты емес элементтерге көп көңіл бөлу керек.

"Толқындық оптиканың шекті жағдайы ретіндегі геометриялық оптиканы" және "Оптикалық аспаптарды" қарастыру жарықтың толқындық сипатымен анықталатын осы әдістің қолданылу шегі туралы түсінікті кеңейтеді. Геометриялық оптика толқындықтың шекті жағдайы ретінде қарастырылғандықтан, оқушыларға физикалық теориялардың арасындағы байланысты орнықтыратын принцип ретінде сәйкестік принципінің рөлін көрсетуге мүмкіндік береді.

Физика пәнінде тұлғаға бағдарланған білім беруді жүзеге асыруда салыстырмалылықтың арнайы теориясын басқа бағдардағы,сыныптарға қарағанда тереңірек қарастыру қажет.

"Жарық кванттары" тақырыбында жарық қысымы және Комптон эффектісі негізінде фотонның энергиясы ғана емес, импульсінің де болуы негізделеді. Корпускалы-толқындық екіжақтылық және басқа диапозондардағы электромагниттік сәуле шығаруға жан-жақты талдау жасалады.

"Атомдық физика" бөлімінде Бордын жартылай классикалық теориясымен шектеліп қоймай,оқушыларды кванттық механика әлемімен де таныстыру қажет. Оптикалық кванттық генератордың әрекет ету принципі Эйнштейннің өзіндік және еріксіз сәулелену идеясы негізінде қарастырылады.

Физика курсы астрофизикалық материалды қамтитын "Әлем" бөлімімен аяқталады. Бұл бөлімді физика курсының мазмұнына енгізу қажеттігі бірнеше жағдайлардан туындайды.Бірішіден, асрономия курсы жалпы орта білім берудің міндетті құраушысына жатпайтын болды,ал Әлемнің құрылысы мен оның даму заңдары туралы білімді игермей, әлемнің біртұтас ғылыми бейнесін қалыптастыру мүмкін емес.Екіншіден, ғылым мен адам іс-әрекетінің әр түрлі салаларына өзара байланысқан ықпалдастық пен саралау процестерінің енуін адамзат өркениеті дамуының маңызды заңдылықтары деп айтуға болады. Осылай, физика мен астрономия Ғаламның құрылысы мен эвалюциясы, элементар бөлшектер мен атомдардың бар болуына байланысты проблемаларды шешуде іздестіруде өзара тығыз байланысып жатыр. Сондықтан бұл курсқа енгізілген "Әлем" бөліміне қатысты материалдарды мұғалім дәріс түрінде өткізіп, әр қарай семинар сабақтары түрінде жалғастырылғаны орынды болады.

Физикадан бағдарлы сараланған білім беруде тұлғаның таңдауы бойынша қатысатын элективті курстарды ұйымдастырудың үлкен мәні бар. Элективті курстар- мектептің жоғары сатысында оқыту бағдарының құрамына кіретін және оқушылардың таңдауы бойынша қатысатын міндетті курстар.

Қолданбалы арнайы курстар-оқушыларды білімді тәжірибе қолдана алудың маңызды жолдарымен және әдістерімен таныстыру, оқушылардың қазіргі заманғы техника мен өндіріске қызығушылығын дамыту. Мұндай курстарға "Физика және компьютер", "Физика және техника", "Техника және қоршаған орта", "Электр техникасы мен радиотехника" және т.б.

Пәнаралық элективті курстар, олардың міндеті -оқушылардың табиғат пен қоғам туралы білімдерін интеграциялау. Мұндай курстарға "Ғарыш физикасы", "Астрофизика элементтері ", "Биохимиялық физика" және т.б жатқызуға болады.

Элективті курстарды жүргізу кезінде жаңа техникалық мүмкіндіктерді, мысал, электрондық оқу құралдарын пайдаланған тиімді болады. Қазіргі кезде сапалы СD - дискілері, электрондық кітапханалар, электрондық материалдарды сабақтарда да, өздігінен білімін жетілдіру процесінде де пайдалану бойынша әдістемелер бар. Білім берудің кез келген саласында "Электрондық оқулықты" пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі. Теориялық материялдарда графикалық иллюстрация түріндегі әр түрлі суреттер, сызба нұсқалар арқылы беріледі. Оқулықтың ерекшелігі әрбір тақырып қажетті суреттермен көркем безендірілген. Компьютер көмегімен жасалатын зертханалық жұмыстар, тестер мен тапсырмалар жиынтығымен қорытындыланады.Оқушылар білімі автоматты түрде бағаланады.

Тұлғаның таңдауы бойынша қатысатын элективті курстар, мысалы, "Физика және техника" элективті курсы әрбір оқушының қоршаған дүние мен техника әлемі туралы ғылыми - жаратылыстану көзқарасын, есептер (негізінен, техникалық мазмұнды) шығаруға біліктіліктері мен дағдысын қалыптастыруға, күнделікті өмірден және техника саласынан алынған теориялық қана емес, практикалық материалды (тапсырманы) ой елегінен өткізе алу дағдысын қалыптастыратындай болып ұйымдастырылуы тиіс.

Жоғарыда айтылғандарды тұжырымдай келе физикадан тұлғаға бағдарланған білім беру оқушылардың физика негіздерінен біліммен қарулануына, ғылыми ойлай алуының дамуына, ғылыми дүниетаным негіздерінің қалануына себептесетін болды. Сонымен қатар пәнді оқытуда физиканың практикалық қолданысымен байланысты мәселелерге басты назар аудару ғылыми мәселелерді әлеуметтік және жеке тұлғалық мәні бар міндеттер тұрғысынан саналы түрде қарастыра алатын, табиғат және қоғамдық өмір құбылыстарын тереңірек түсіне алатын, ақпарат пен саналы түрде жұмыс жасай алатын жан-жақты дамыған және ой-өрісі кең тұлғаны тәрбиелеуге өз үлесін қоса алады. Ал бұл қазіргі кезде білім беруді жаңарту негіздерінің бірі болып саналады.

Алматы облысы,

Алакөл ауданы,

Үшарал қаласы.





© 2010-2022