Вне классный урок по физике на тему Тапқыр достар (8 класс)

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Классы: 8а, 8б Күні:

Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Тапқыр ДОСТАР»

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың физика және басқа пәндер бойынша білімдерін сайыс арқылы шыңдай түсу.
Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, айналасындағы ортамен қарым - қатынас жасауға, адамгершілікке, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Тапқырлық, шапшаңдық, дарындылық, тез ойланып, тез қорытынды жасауға баулу, есте сақтау қабілеттерін шыңдау, сөздік қорын молайту.

Сабақтың типі: сыныптан тыс сабақ

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың әдісі: сайыс, ойындар, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: флипчарт, әріптер

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар, сайысушы қауым! Бүгінгі біздің 8 - ші кластар аралығында өткелі отырған «Тапқыр Достар» атты сыныптан тыс сайысымызға қош келдіңіздер! Сайысымыздың мақсаты, физика және басқа да пәндер бойынша білімдеріңізді бүгінгі сайыс арқылы шыңдау. Сайысымыздың шарты бойынша ортаға үш ойыншыдар құралған екі команданы шақырамыз. Сіздерді сайыстың жоспарымен таныстырып кетейін.
Жоспары:

1. Таныстыру
2. Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3. Ойлан тап.
4. Кім көп біледі?
5. Кім тапқыр?

ІІ. Сайыс

Енді бүгінгі сайыскерлерімізбен танысайық:

8 а класынан құралған «Физика» командасы.

8 б класынан құралған «Астрономия» командасы.

- Бүгінгі сайысымызға төрелік ететін әділ қазылармен де таныс болайық:

- Капина Айым Ормантайқызы - мектебіміздің оқу әдістемелік орынбасары,

- Искендирова Сарбиназ Қайырбайқызы - математика пәнінің мұғалімі.
Ғылымның сырын ұғына

Шығыңдар білім шыңына

Ұқыптылық пен зеректік

Серігің болсын бойыңда.

Қадамдарың оң болсын

Сәт сапар сайыс жолында - деп бүгінгі «Тапқыр ДОСТАР» атты сайысымызды бастаймыз.
I - кезең. Таныстыру. (Әр топ өз табын таныстырады, түрлі салада таныстыруға болады)

- кезек әділ қазыларда, таныстыру кезеңінің бағалау шкаласы: 1-5 балл

+Әділ қазылардан І кезең қорытындысын сұраймыз.

II - кезең. Сөз тапқанға қолқа жоқ. Ойын шарты: екі топ сайыскерлеріне өз қалаулары бойынша әріптер таңдатылады (С, А, Л, З, Т, Ғ). Және де осы таңдалған әріптер бойынша келесі қойылған сұрақтарға 2 мин жауап береді. Әр дұрыс жауап 1 балл.
- Қиыннан қиыстырып,
Әріптен сөздер құраймыз.
Қай топтың епті екенін
Бұл бөлімде біз сынаймыз! Ал, іске сәт, ДОСТАР!
1 - топқа «Физика»
1. Заттар нелерден құралады?
2. Қандай физикалық денені білесің?
3. Бізді қоршаған орта.
4. Ай бетіне бірінші барған кім?
5. Қандай физикалық құбылысты білесің?
6. Жылуды жақсы өткізетін не?
7. Қыста киіз үй жылы бола ма?
8. Болашақта кім болғың келеді?
9. Мыс сымы электр тогын өткізе ме?
10. Достарың кім?
2 - топқа «Астрономия»
1. Күн жүйесінде неше планета бар?
2. Қандай физикалық шамаларды білесің?
3. Қандай физиктерді білесің?
4. Қандай физикалық құралдар бар?
5. Жылу өткізбейтін заттарды айт.
6. Қандай қар тез ериді, таза ма, кір ме?
7. Қыста ағаш өсе ме?
8. Жарық көздерін ата.
9. Достарың кім?
10. Кітап оқисың ба?

+Әділ қазылардан ІІ кезең қорытындысын сұраймыз.


III - кезең. Ойлан, тап!
әр командадан 1 ойыншы шығып, экранда жасырылған суретті іс-қимылдар, синоним сөздер арқылы өз командасына түсіндіреді. Ал команда мүшелері жасырылған суретті тауып айту керек. Егер суреттің атын жасырып отырған ойыншы айтып қоятын болса ұпай саны есептелмейді. Сондықтан да өте сақ әрі мұқият болайық. Әр командаға 2 минут уақыт беріледі. Әр дұрыс жауап 1 балл.

1- Балық

2- машина

3- телескоп

4- шәйнек

5- кілт

6- сандар

7- лампа

8-планета

9- кітап

10-күн

11-магнит

12-ракета

13-от

14-ауа шары

15-циркуль

16- теледидар

17-радио

18- телефон

19-ұзындық өлшегіш

20-сағат

+Әділ қазылардан ІІІ кезең қорытындысын сұраймыз.

ІV - кезең. Кім көп біледі?
1 минут ішінде қойған сұрақтарға неғұрлым көп дұрыс жауап беру керек. 1 дұрыс жауап 1 балл.

1 - топқа «Физика»
1. Диффузия дегеніміз не?-бір зат молекулаларының екінші зат молекуласының бос орнына енуі
2. Термометр қандай құрал? - температураны өлшейді
3. Судың қайнау температурасы. - 1000С
4. Булану қандай құбылыс? - сұйықтың буға айналу құбылысы
5. Жылу берілу түрлерін ата. - жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару
6. Күштің қандай түрлерін білесіңдер - серпімділік, ауырлық, үйкеліс
7. Жылу мөлшерін есептеуге арналған формула. - Q=t2-t1
8. Температураны қандай әріппен белгілейді? - t
2 - топқа «Астрономия»
1. Заттың агрегаттық күйлерін ата. - сұйық, қатты, газ
2. Жылулық қозғалыс дегеніміз не? - Молекулалардың ретсіз қозғалысы
3. Конвекция дегеніміз не? - сұйықтың не газдың ағысы арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі
4. Кебу қандай құбылыс? - сұйықтың бетінде жүретін булану
5. Конвекцияның түрлерін ата. - еркін, еріксіз, табиғи
6. Қара беттер дегеніміз не? - жақсы сәуле шығарғыштар
7. Мұздың еру температурасы. - 00С
8. Меншікті жылу сыйымдылықты қандай әріппен белгілейді.- с

+Әділ қазылардан ІV кезең қорытындысын сұраймыз.


V - кезең. Кім тапқыр?
Бұл турда интербелсенді тақтада 6 ұяшықтың астында сурет жасырылған, әр ұяшықта сұрақтар жазылған сол сұрақтарға жауап беру арқылы ұяшықтың астындағы суреттің атын табу керек. 1 ұяшықты ашу арқылы тапса, онда 5 ұпай беріледі. Егер 2 ұяшықты ашу арқылы тапса, 4 балл беріледі, 3 ұяшықты ашса 3 ұпай, ал 4 ұяшық та таңдалса ешқандай ұпай берілмейді.

+Әділ қазылардан V кезең қорытындысын сұраймыз. Және барлық ұпай сандарын да хабарлап жіберсеңіздер.

ІІІ. Қорытынды.

Жеңген топты анықтап, марапаттау рәсімін әділ қазыларымызға береміз.

Қара сөздің дауылы,

Құрмет еткен ауылы,

Сыйымызға риза бол

Сайыскерлер қауымы - дей келе марапаттау рәсімін бастаймыз.

Мұғалім: Бүгінгі сайысқа ат салысып қатысқандарыңызға көп размет! Сау болыңыздар!

© 2010-2022