«XXI-ғасыр жас физигі ! »

Раздел Физика
Класс 10 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: «XXI-ғасыр жас физигі ! »

Мақсаты:

  1. Білімділік: Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.

  2. Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.

1 жүргізуші Физика!

Ғылымдардың нақтысы,

Жалқаулықты сүймейтін

Оңайлықпен бас имейтін

Көп оқымасаң миыңа кірмейтін

Жалпылауды білмейтін

пәннің қиын да жақсысы

2 жүргізуші: физика!

Өте ұсақ пен алыпты,

Мұнай мен жарықты,

Пайдаланып ,

Не бір техникаға жарыпты,

Тұрмысты жеңілдетіп,

Қиындықтан арылтты.

Жасай бер жаса физика!

2 жүргізуші: Хош келдіңіздер, қымбатты достар, қонақтар және қазылар алқасы!

1 жүргізуші: құрметті достар бүгін біздер физика ғылымының қыр - сырымен танысу үшін, көңілді дем алып, ойнау үшін жиналдық.

Сайыс 4 бөлімнен тұрады:

1,бөлім «Бәйге»

2,бөлім «тіл өнер»

3,бөлім «дода»

4,бөлім «жорға»

2 жүргізуші: Мәңгі бақи есте қалар,

Қызықты бір жиын болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Сұрақтары қиын болсын - дей отырып, ойнымыздың «Бәйге» атты бірінші бөлімін бастаймыз. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

1) 1 сұрақ: Механиканың 3 заңын ашқан (Ньютон)

2) 2 сұрақ: Жерді қоршап тұрған ауа қабаты. (атмосфера)

1) 3 сұрақ: Математик, дәрігер, ақын музыкант, екінші Аристотель атанған шығыстың ғұламасы кім? (Әл- Фараби).

2) 4 сұрақ: Ең кішкентай заряд (электрон)

1) 5 сұрақ: Жұмыстың өлшем бірлігі (Джоуль)

2) 6 сұрақ: Жылуды ұзақ уақыт сақтайтын құрал (термос).

1) 7 cұрақ: Температураны өлшейтін құрал (термометр)

2) 8 сұрақ: Будың сұйыққа айналу құбылысы (конвекция)

1) 9 сұрақ: Пішінін де,көлемін де сақтамайды (газ).

2) 10 сұрақ: Оң зарядты бөлшек (протон).

ІІ - бөлім. Тіл өнері. 20 ұпай.

  1. Бар ма жоқ па оны бірақ білмейсің, ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа, воздух, an air)

  2. Дүние жүзінде ең көп тараған сұйық. (су, вода, water)

  3. Аса қажет өмірде халық үшін, пайдаланар күн сайын жарық үшін. (Ток, en energy)

  4. Аспандағы алып доп, жарқырайды жарық боп. (Күн, солнце, sun)

  5. Қабат - қабат қаптама,

Ақылың болса, аттама

(кітап; книга: book (бук))

6. Суға салсаң, батпайды. Отқа салсаң жанбайды (мұз, лед, ice (айс))

Екі аудармасын дұрыс шешсе 20 ұпай, біреуін тапса 10 ұпай

ІІІ - бөлім. «дода» 20-ұпайлық сұрақтар

Тақтада 9 сұрақ ілулі тұр. Осы сұрақтарға жауап бересіздер. 1-ші болып сұрақты таңдайтын ұпайы ең көп оқушы.

1,атом массасының бірлігіне не алынған ?(кг)

2,күшті өлшейтін құрылғы? ( динамометр )

3,керекті бағытыңды көрсететін құрал? ( компас )

30-ұпайлық сұрақтар

1,джоульмен өлшенетін физикалық шама? ( энергия )

2,бір заттың екінші затпен араласу құбылысы? ( дифузия )

3,радио ойлап тапқан ғалым? (А.С.Попов )

40-ұпайлық сұрақтар

1,спетр деп нені атайды? ( ақ жарықтың жеті түрлі жіктелуі )

2,жер төнкергіш ғалым? ( Архимед )

3,жарық жылдамдығы неге тең? ( 300 000 км/с )

4-бөлім. «жорға»

А және В нұсқасы: Ұпай саны аз оқушы жауап береді.

А нұсқасы:

1.Балқу температурасы жоғары метал. (вольфрам)

2.Күштің өлшем бірлігі. (ньютон)

3.Пирамида қай жерде орналасқан. (египет)

4.Ер адамның жуан даусы. (баритон)

5.Күнбағыстың шыққан жері.(америка)

6.Түбір астындағы 225. (15)

В нұсқасы:

1.Балқу температурасы төмен металл. (сынап)

2.Барометр нені өлшейді. (қысымды)

3.Парижде ән салған қазақ.(Әміре Қашаубаев)

4.Әйел адамның жіңішке даусы. (сапрана)

5.картоптың шыққан жері. (латын америкасы)

6.түбір астындағы 625 неге тең.(25)

Қорытынды: сайыс соңында қазылар алқасы ұпай саны бойынша жеңімпазды анықтап марапаттайды.


© 2010-2022