Урок: Зарядтардың сақталу заңы

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Түгіскен ауылы

№256 орта мектебінің физика пәні мүғалімі: Аббасова Куланда


Зарядтардың сақталу заңы


тұйық жүйеде зарядтардың алгебралық қосындысы тұрақты q1+ q2 +…+ qn = const.

Енді электромагниттік өзара әсерлесулерді сан жағынан сипаттайтын заңдарды оқып үйренеміз. Электр зарядтардың өзара әсерін тағайындауда француз ғалымы Ш. Кулон иірілмелі таразы көмегімен қозғалмайтын зарядталған денелердің бір-біріне әсерін қарастырды. Иірілмелі таразы серпімді жіңішке сымға асылған шыны таяқшадан тұрады, таяқшаның бір ұшына металл шар, ал екінші ұшына оны теңгеріп тұратын жүк бекітілген. Тағы бір металл шар таразының қақпағына жылжымайтындай етіп бекітілген. Шарларға аттас зарядтар бергенде олар бір-бірінен тебіледі. Шарларды белгіленген арақашықтықта ұстап тұру үшін, серпімді қылсымды қайсыбір бұрышқа бұру керек. Шарлардың өзара әсер күшін қылсымның ширатылу бұрышы арқылы өлшейді. Тәжірибенің нәтижесінде зарядтардың өзара әсер күшінің шамасы зарядтардың шамасына және арақашықтығына байланысты екені анықтап, француз ғалымы Ш. Кулон электростатиканың негізгі заңын төмендегідей тұжырымдады. Зарядтың өлшем бірлігі Кулон заңы ашылғаннан кейін тағайындалды. Х.Б. жүйесінде зарядтың бірлігі кулонды ток күші бірлігі арқылы тағайындады. 1 кулон (Кл) - бұл ток күші 1 А болғанда, өткізгіштің көлденең қимасынан 1 секундта өтетін заряд.


© 2010-2022