Сабақ жоспары физика пәніен тақырыбы Салмақсыздық 7-класс

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ жоспары физика пәніен тақырыбы Салмақсыздық 7-классСабақ жоспары физика пәніен тақырыбы Салмақсыздық 7-классСабақ жоспары физика пәніен тақырыбы Салмақсыздық 7-класс

Сабақтың тақырыбы: Дененің салмағы. Салмақсыздық

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға салмақ, масса, ауырлық күші мен салмақ арасындағы айырмашылық, салмақсыздық, асқын салмақ туралы түсінік беру, оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасап, таным белсенділігін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашу

Дамытушылық: оқушылардың топпен жұмыс істеу қабілетін арттыру, мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, алған білімдерін қолдана білуге үйрету, жеке тұлғалық қабілетін дамыту

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, білімін жинақтап жеткізе білуге үйрету, сенімділікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, сұрақ-жауап, топпен жұмыс

Көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, кеспе қағздары

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

Оқушыларды топқа бөлу(масса, салмақ, ауырлық күші), назарын сабаққа аудару

Бірде Эйнштейн жолдастарының үйінде қонақта отырғанда 18 жасар қызбен танысты. «Сіздің мамандығыңыз қандай?» - деп сұрады ақ шашты ғалымнан ол қыз. «Мен өз өмірімді физиканы зерттеуге жұмсадым» - деп жауап берді Эйнштейн. «Сіз осы жасыңызда әлі де физиканы оқисыз ба? Мен оны бұдан бір жыл бұрын-ақ бітіргенмін » деді бикеш. Физикамен қоштасуға болмайды. Қадам бассаң техниканың әрбір жетістігі, жұмбақ құбылыстардың ашылуы физика ғылымының қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді.

Қазіргі 21ғасыр - ақпарат ғасыры. Бұл ғасырда Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың жолдауындағы «Өмір бойы білім алу керек» қағидасы әрбірімізге жол сілтейтін қағида болу керек. Сондықтан білім алу жолында «Талап пен еңбек, бәрін де жеңбек» деген қанатты сөзбен сабағымызды бастаймыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру

1.Толықтыру тесті

2.Сәйкестендіру тесті

  1. Ньютонның бірінші заңы инерция заңы деп аталады.

  2. Ньютонның бірінші заңы орындалмайтын санақ жүйесі инерциялық емес санақ жүйесіне жатады.

  3. Дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті серпімділік күші деп атайды.

  4. Денеде туындайтын үдеу әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал массаға кері пропорционал болады.

  5. Барлық денелер бір-біріне массаларының көбейтіндісіне тура пропорционал, ал арақашықтығының квадратына кері пропорционал күшпен тартылады.

Сәйкестендіру

Fa =mg

Ньютонның екінші заңы

Сабақ жоспары физика пәніен тақырыбы Салмақсыздық 7-класс

Үйкеліс күші

F=m·a

Ауырлық күші

F = μN

Серпімділік күші

F = kх

Бүкіләлемтік тартылыс күші


  1. Жаңа тақырып

Жетелеуші сұрақтар арқылы сабақтың тақырыбын ашып аламын.

Лифтімен қозғалғанда лифтің табанына қандай жағдайда көп күш түсіреміз?

Жоғары көтерілгенде ме, немесе төмен түскенде ме?

Осы сұрақтардың жауабын білу үшін келесі тапсырмаларға назар аударайық.

Ертеде жаздың жайма шуақ күнінде алма ағаштың түбінде демалып жатқан ғалымды тысырлаған дауыстар оятады. Жан - жағына қараса қасында үзіліп түскен алманы байқайды. Содан ол барлық заттар неге Жерге тартылады, яғни оған Жер тарапынан қандай да бір күш әсер етіп тұр,ол барлық денелерді Жерге қарай тартатын ауырлық күшін байқайды. Бір кезде шиқылдаған құстардың даусы оның ойын бөліп жібереді. Қараса өзі отырған ағаштың бұтағына қонған құстарды көреді. Құстардың қонған бұтағы майысып тұр екен. Өзінің жемісін көтере алмады ма әлде құстар келіп қонғандықтан солай иіліп тұр ма деп ойлады. Алманың Жерге түсуі, ағаштың бұтағының майысып Жерге иілуі ғалымды ойландырып мынадай ой түйді. Алма Жерге түсті яғни оған ауырлық күші әсер етті, ал құстар Жерге емес ағаштың бұтағына күш түсірді.

Бұл күшті дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке әрекет ететін күші дененің салмағы деген қорытындыға келді.

(Электронды оқулық)

Салмақ - дененің Жерге тартылуы салдарынан оның тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші P=mg

Салмақсыздық - дененің салмағы нольге тең болатын дененің күйі. P=m(g - а)

Асқын салмақ - тіректің немесе аспаның үдемелі қозғалысынан туындайтын дене салмағының артуы

P=m(g + а)

Сабақты бекіту:

Сұрақ 1

Ғалымды таң қалдырған күш туралы «Иә» немесе «Жоқ» түрінде тауып көр


Салмақ пен ауырлық күшінің айырмашылығы қандай?

«Иә» немесе «Жоқ»

1

Екеуі де Жерге қарай бағытталады

Иә/жоқ

2

Ауырлық күші Жерге, салмақ тірекке әсер етеді

Иә/жоқ

3

Екеуі де жоғары қарай бағытталады

Иә/жоқ

Есептер шығару.

1 - деңгей

  1. Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы қандай?

  2. Жер бетіндегі денеге әсер ететін ауырлық күші 50 Н. Оның массасы қандай?

2 - деңгей

  1. Лифтің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеудің модулі 0,2 м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай? (g=10м/с2)

  2. Төмен 0,8 м/с2 үдеумен қозғалған лифт еденіне массасы 70 кг адамның түсіретін салмағы қандай? (g=10м/с2)

3 - деңгей

Көпірдің қисықтық радиусы 100м. Автокөліктің массасы 2000 кг, оның осы нүктедегі қозғалыс жылдамдығы 5 м/с. Ойыс көпірдің төменгі нүктесіндегі автомобильдің салмағы қандай?

Топ басшылары топпен бірлесе дайындаған өз тобы жайлы білгендерін постер арқылы қорғау

Қорытындылау

Үйге тапсырма: 15 -жаттығу (3,4) §18

Бағалау








  1. Ньютонның бірінші заңы _____________ заңы деп аталады.

  2. Ньютонның бірінші заңы орындалмайтын санақ жүйесі ________________

_________ санақ жүйесіне жатады.

  1. Дененің пішіні мен көлемі өзгерген кезде пайда болатын күшті ___________ _________ деп атайды.

  2. Денеде туындайтын үдеу әрекет етуші күшке _______ пропорционал, ал массаға _______ пропорционал болады.

  3. Барлық денелер бір-біріне массаларының көбейтіндісіне _____пропорционал, ал арақашықтығының квадратына _____ пропорционал күшпен тартылады.

Сәйкестендіру

Fa =mg

Ньютонның екінші заңы

Сабақ жоспары физика пәніен тақырыбы Салмақсыздық 7-класс

Үйкеліс күші

F=m·a

Ауырлық күші

F = μN

Серпімділік күші

F = kх

Бүкіләлемдік тартылыс күші

Ғалымды таң қалдырған күш туралы «Иә» немесе «Жоқ» түрінде тауып көр


Салмақ пен ауырлық күшінің айырмашылығы қандай?

«Иә» немесе «Жоқ»

1

Екеуі де Жерге қарай бағытталады

Иә/жоқ

2

Ауырлық күші Жерге, салмақ тірекке әсер етеді

Иә/жоқ

3

Екеуі де жоғары қарай бағытталады

Иә/жоқ




Масса

Салмақ

Ауырлық күші

Масса

Масса

Салмақ

Ауырлық күші

Масса

Масса

Салмақ

Ауырлық күші

Салмақ

Масса

Салмақ

Ауырлық күші

Ауырлық күші


  1. - деңгей

  1. Жерде массасы 6 кг жәшік жатыр. Жәшіктің салмағы қандай?

  2. Жер бетіндегі денеге әсер ететін ауырлық күші 50 Н. Оның массасы қандай?


  1. - деңгей

  1. Лифтің жоғары көтеріле бастау сәтіндегі үдеудің модулі 0,2 м/с2 болса, массасы 50 кг баланың лифтідегі салмағы қандай? (g=10м/с2)

  2. Төмен 0,8 м/с2 үдеумен қозғалған лифт еденіне массасы 70 кг адамның түсіретін салмағы қандай? (g=10м/с2)

3 - деңгей

Көпірдің қисықтық радиусы 100м. Автокөліктің массасы 2000 кг, оның осы нүктедегі қозғалыс жылдамдығы 5 м/с. Ойыс көпірдің төменгі нүктесіндегі автомобильдің салмағы қандай?







Мұнайлы ауданы

№5 жалпы білім беру орта мектебі




Ашық сабақ

Тақырыбы: Дененің салмағы. Салмақсыздық

Сабақ жоспары физика пәніен тақырыбы Салмақсыздық 7-класс




Физика пәнінің мұғалімі: Жарылкасынова Т.С

Сыныбы: 9

Күні: 26.10.2015ж



2015-2016 оқу жылы




















© 2010-2022