Математика Физика Информатика. Сыныптан тыс сабақ. 5-9 сыныптар

Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сынып: 5,6,7,9 сыныптар

Сайыстың тақырыбы: «М.И.Ф. пәндерінің көщбасшысы»

Сабақ түрі: сыныпаралық сайыс

Сабақтың мақсаты: үш пән бойынша оқушылардың білімін тексеру, пәндерді бір-бірімен байланыстыру. Сонымен қатар сыныптарды бір-бірімен жарыстыра отырып үздікті анықтау және жеңіске жетудің түрлі әдістер арқылы анықтау.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар, бағалау парақтары.

Пәнаралық байланыс: физика, математика, информатика сонымен қатар тарих және әдебиет.

Сайыстың барысы:

Амандасу

Әділ - қазылар алқасын анықтау.

Сыныптарды таныстыру.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру:

Сайыс 3 кезеңнен тұрады.

  • Сұрақ- жауап

  • Есептер шешу

  • Жалпы сұрақтар

Іске көшу.

1 Сайыс кезеңі.

5 - сынып:

1 Қазақстан мектептеріндегі жоғары баға.(5)

2 Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді

Көңілге армандаған қона бермейді

Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін

Қандай сан бар айтыңдаршы? (жай бөлшек)

3 Толық бұрыш қанша градусқа тен? (360)

4 Жұп сан (2)

5 Санда өрнекпен әріпті өрнектің айырмашылығы.

6 Бірінші қорапта екіншіге қарағанда 10 дәптер артық.Ал барлығы 70 дәптер болса, әрбір қорапта қанша дәптер бар? (30,40)

7 Нәрселерді санағанда

Керек ол бізге ауадай

Айтыңдаршы бұл қандай сан

Жан-жақтарыңа қарамай?(натурал сан)

8 Бір нүктеден шыққан екі сәуледен құрастырылған геометриялық фигура.(бұрыш)

9 Бұрышты өлшейтін құрал.(транспортир)

10 Бір қызыл өрік жесең не қалады?(пашағы)

6-сынып:

1 Алымы бөліміне тең жай бөлшек .....деп аталады.(бұрыс)

2 Кесіндіні өлшейтін құрал.(Сызғыш)

3 Тіктөртбұрыштың периметрі неге тең? (P=2(a+b)

4 Әрбір элементі сол екі жиынның кем дегенде біреуіне тиісті болсы онда ол...(екі жиынның бірігуі)

5 + және - қандай таңба береді. (-)

6 0 санының модулі нешеге тең: (0)

7 Жиын теориясының негізін қалаушы: (Георг Кантор)

8 49-құрама сан ба? (иә)

9 1 саны мен өзіне ғана бөлінетін натурал сан(жай сан)

10 Берілген натурал сандардың әрқайсысына еселік болатын ең кіші натурал санды, сол сандардың ... деп атайды.(ЕКОЕ)

7*сынып:

1 Алымы мен бөлімі өзара жай сандар болатын бөлшектер(қысқартылмайтын)

2 Бұрышты өлшейтін құрал.(транспортир)

3. Негіздері бірдей дәрежелерді қалай көбейтеміз: (олардың дәреже көрсеткіштерін қосып, негізін өзгеріссіз калдырамыз)

4 Бірдей немесе коэффициентері ғана өзгеше бірмүшелерді қандай мүшелер д.а.? (ұқсас)

5 y=x2 функциясының графигі кандай болады? (парабола)

6 Екіден көп бөлгіші бар натурал сандар ... сандар деп аталады.(құрама)

7 Жолдың таңбасы: (с)

8 2-нің төртінші дәрежесі неге тең?(16)

9 7 сынып кітабының авторы? (Шыныбеков)

10 10дык сандарды ата? (1 ден бастап 10 мен аякталатын сандар)

9-сынып:

1 Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама: (удеу)

2 Геометрияның негізін қалаған гректің ұлы ғалымы? (Эвклид)

3 Математикадан координаттар әдісін жете зерттеген француз математигі, әрі физигі? (Рене Декарт)

4 Қысқартылған жай бөлшекті қай кезде қысқартуға болмайды? (жай бөлшек еш уакытта қысқартылмайды)

5 Барлық бұрышы тең болатын төртбұрыш (тіктөртбұрыш)

6 Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым: (информатика)

7 Дискриминанттың формуласы: D=b2-4ac

8 Ең кіші планета: (Меркурий)

9 Ондық бөлшектермен есептеу ережесін жазған Орта Азиядан шыққан атақты ғалым: (Әл-Каши)

10 Үш пар ат 60км шауып өтсе , әр ат неше км шапты: (60км)

2 сайыс кезеңі:

Командалық есептер шешу:

9 - сынып:

1 Кішкене қайық кемеге карай аркан арқылы тартылады. Неліктен бұл кезде кеме қайыққа қарай жылжымайды

2 Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеңдер:

a) x²-2x-48

b) 5x²-x-42

7-сынып:

1 Стадион соқпағы шеңбер пішінді, оның ұзыңдығы 400 м. Али оны оны 4 минутта, Серик 2 минутта. Олар бір уакытта сол жерден бір жаққа жүгіреді. Олар қанша уакыттан кейін кездеседі.

2 Заттардың үш күйін атап мысалдар жаз және траектория деген не?

6 - сынып:

1 Екі бригадада жұмысшылар саны бірдей болатын. Бірінші бригадада тағы 8 жұмысшы қабылдадыда, ал екінші бригададан 2 жұмысшы шығып кетті. Сонда бірінші бригадада жұмысшы саны 2 есе көбейді. Бригадаларда неше адамнан болып еді?

2 Машинаны оталдыруға алгоритм кұр:

5-сынып:

1 Ұшақ Семейден Алматығаа дейін 1 сағат 40 минут ұшады, ал кері қайтқанда керісінше 100 минут ұшты. Айырмашылығы қандай:

2 1 қатарда 8 тас, аралары 2 см - ден, 2 - ші қатарда 15 тас, аралары 1 см - ден. Қай қатар ұзынырақ?

3 кезең сұрақтар қою.

Әділ-қазылар алқасын тыңдау.

Жеңіске жеткен топты анықтау.

Бағалау: 1,2,3 орындар бойынша

Қоштасу, алғыс білдіру.

© 2010-2022