7 сынып табиғат және адам

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7 сынып табиғат және адам7 сынып табиғат және адам

Сабақ тақырыбы: § Кіріспе.Табиғат және адам. Физика-табиғат туралы ғылым. Физикалық ұғымдар. Физика және техника.

Сабақ мақсаты: оқушыларды жаңа пәннің ерекшелігімен, оқып білудің маңыздылығымен таныстыру, пәнге деген қызығушылығын ояту

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Сабақ әдісі: түсіндірмелі -көрнекілікті

Сабақ көрнекілігі: флипчарт, тапсырмалар.

Сабақ барысы:

І. Қызығыушылықты ояту.

Әдісі: Суретті болжау

7 сынып табиғат және адам

7 сынып табиғат және адам

7 сынып табиғат және адам



ІІ. Мағынаны тану

Әдісі. Сұрақ-жауап (Оқулықтағы мәтінді пайдалану)

І. Сіздердің ойларыңызша физика нені зерттейді?

ІІ. Физика басқада жаратылыстану ғылымдарымен байланысты бола алама?

ІІІ. Қандай ғылымдармен байланысты болуы мүмкін?

ІҮ. Физика ғылымының пайда болуы неден басталды және нені дамытуға көмектесті.

Табиғат Физика Техника

Ү. Сонымен физикалық мақсаты не?

ҮІ. Физиканы толық біліп меңгеру үшін үнемі физикалық заңдылықтар мен теорияларды және теорияны оқып үйрену үшін қажетті терминдер мен ұғымдарды жадымызда сақтай білуіміз қажет.

Ең алғашқы физикалық ұғымдар материя, дене, зат.

Материя -бізді қоршаған әлемде не бар соның барлығы.

Дене-кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе, мысалы парта, доп, сырға, өшіргіш, қасық.

Зат- дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрі, мысалы ағаш, резеңке, алтын, резеңке, күміс.

Демонстрация

Стакандағы су, мұз кесегі, қайнаған судан шыққан бу. Бұл бір ғана заттан тұрады. Су тамшыларынан, бірақ үшеуі үш түрлі-сұйық, қатты, газ.

Сонымен бір заттың өзі үш күйде бола алады. Қатты, сұйық, газ.

ІІІ. Толғаныс.

1-тапсырма тест

7 сынып табиғат және адам


7 сынып табиғат және адам


7 сынып табиғат және адам



2-тапсырма. Негізгі ой

  • Адам үшін физиканы білу не үшін қажет?

  • Табиғат құбылыстарына мысал келтір.

  • Қандай физикалық құбылыстарды білесің?

  • Физиканың мақсаты не?

  • Неліктен физика техниканың негізі болып саналады?

ІҮ. Үйге тапсырма.

Міндетті: §1- §3 оқып, 1,2-тапсырма жазбаша

Мүмкіндік деңгейлі тапсырма: Мәтінде кездескен ғалымдар мен ғарышкерлер туралы мәліметтер жинақтау. Түрі: слайд, буклет, мәнжазба.


© 2010-2022