Мектептегі тәжірибе кезіндегі орындауға арналған тапсырмалар (В3 есебі)

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ешпанова Замзагүл Сәттіғалиқызы Мұғалім портфолиосы В3 есебі

2 топ

Ақтөбе қаласы 3-деңгей 16.04.15

«Мектептегі тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым бойынша есеп

«Мектептегі тәжірибе» кезеңіндегі орындалған тапсырмалар бойынша топ болып орындау жағдайларымызда талқыладық. Талқылау нәтижесінде бір - біріміздің жоспар бойынша қалай әрекет еткенін бақыладық, тапсырмаларды орындау кезіндегі әсерімізбен бөлістік, белгілі бір тапсырманы орындау кезіндегі бізді таңқалдырған, қиындық туғызған, «бірінші бетпе - бет» кезеңінде тренерлердің көмегімен меңгерген жаңа - әдіс тәсілдердің қайсысын іске асыруда қандай нәтижеге қол жеткізгенімізді, кездескен қиындықты жеңуге қандай іс - әрекеттер арқылы жеңе білгенімізді бөлісіп, тәжірибемізді толықтыруларымызды топтық әңгіме барысында диалогтық сұхбат арқылы жүзеге асырдық. Осы іс барысындағы толғаныстан кейінгі өзімнің алған әсерлерім туралы айта кетсем.

Бірінші тапсырманы орындау барысында мұғалімдер барлық нысандарды толықтай қамтуға тырысқан. Оқушылармен кездесу, мектеп басшылығымен кездесу, әріптестер, ата - аналар және басқа мүдделі тараптар өкілдері мектеп психологы, әлеуметтіе педагог, информатика пәні мұғалімі және т.б. кездескен. Мектеп әкімшілігімен кездесу барысында көптеген мұғалімдер «мектептегі тәжірибе» кезіндегі жоспарды талқылап, рұқсат алғаны турасында болды. Ал әріптестермен кеңесу барысында Матайқұм орта мектебінің мұғалімі Бағила Елеусізқызының тапсырма орындаудағы жұмысы әсерлі болды. Мектеп бойынша ең алғаш болып осы үшінші деңгейлік бағдарлама курсына келген мұғалім еді. Әріптестері үлкен өзгеріс күтіп отырған мұғалім өз әсерін жемісті жеткізгенін, қызықтыра білгенін жеткізді. Оқушылармен кездесу барысында Самал Шаймаганбетовнаның ықпалдастыру тренингінің нәтижесін мұғалімнің әсерін жеткізуі тартымды ой болды.(тест нәтижесінде барлығының үндемейтін қызды таңдауы) Гүлсезімнің тренингінен Төлегеннің әрекеті барлығымызға назар аудартса, Қарт қожа тақырыбының анықталуын сурет арқылы жеткізіп, сыни ойлата отырып мақсатты анықтауы ой қалдырды. Амина апаймен Калима апайдың да ынтымақтастыру тренингтеріде өз дәрежесінде өткен.

Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету және түсіну дәрежесін бағалау тапсырмалары бойынша топтық талдауда әріптестер өз тәжірибелерімен бөлісті. Әріптестер «Сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады», деген нұсқаулық сөзін негізге ала отырып, сұрақ қоюдың түрлерін қолданып, сабақтарын түрлендіріп отырған. Мысалы Гулсезім атты әріптесімнің қазақ әдебиеті сабағында дұрыс жауабын таппаған сұрақтарға сұрақ қоюдың «қайта бағыттау» техникасын пайдаланып, дұрыс жауапқа әкелетін жол жасап отырған. Және де қара жәшіктің ішіндегі ең маңыздысы «сұрақтың дұрыс қойылуын» соның ішінде деңгейләк сұрақтар «Блум түймедағы» арқылы сұрақтың түрлерін оқушылардың өздеріне қойғызу арқылы оқушыларға да сұрақтың маңызын ұғындырып отырған. Келесі әріптесім Гүлназ сұрақтың қандай болып қойыуы оқушылардың сабақта жалығып кетпеуінің себебі деп түсіндірді. Бастауыш сынып оқушыларына сабақты толық жеткізіп отыруды жүзеге асыру мақсатында тірек сөздерді қолдану арқылы оң нәтижеге жетсе, Самал жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы деңгейлеп оқытуды жүзеге асыра отырып талантты және дарынды оқушыларға жұмыс жасауда тиімді әдісті қолданса, доп лақтыру арқылы пысықтау сұрақтарына бірге ойлаймыз әдісімен планшетке жазу арқылы ағылшын тілінен сөздің жазылуында тексеріп отырған. Амина апайдың сыни ойлата отырып қойған сұрағы «Ең алғаш» сөзін пайдаланып сұрақты оқушыларға қойғызған. Оқушылардың сұрақ қою деңгейлерінің артқанын осы сабағынан ерекше байқағанымен бөлісті. Осы сәтте Амина апайдың Сағадат атты оқушысы «Ең алғаш ғарышқа ұшқан кім?» деген сұрақ қойғандағы бастауыш сынып оқушысының реакциясын, оған жауап берген сынып оқушыларының жауаптарына таң қалғанын жасырмады. Жанат атты әріптесім сабақтың тақырыбын анықтауда сыни ойлауға жетелейтін сұрақтар қою арқылы мақсатқа жеткен. Калима атты әріптесімнің «Дуадақ» атты сабағындағы «Кезбе тілші» әдісімен өткен сабағында оқушылар жолдастарының оқытуын іске асыра отырып сұраққа жауапты іздеп жүріп «қайта бағыттау» техникасын пайдаланып сабақта образға еніп одан әрі көркемдеп отырған. Ал Фариза атты әріптесім өз сабағында «Бұғымен жыланның орнына қасқырмен қоян болса не болар еді?» деп «сынақтан өткізу» техникасын қолданып сыни ойлауға бағыттаған. Міне осылардан кейін сабақта сұрақ қою арқылы оқушылар тек қана сабақты қорытындылап қана қоймай, сабақтың барлық кезеңінде де жоспарды іске асыруға қолдануға болатынын көруге болады. Тек қана қаперден шығармайтын жайт «сұрақтың дұрыс қойылуы» және әр оқушының деңгейін естен шығармау керек.

Келесі тапсырманы орынауда қазақ әдебиетінен алынған әріптестердің баяндауы әсерлі болды. Бірі Қарт+Қожа суреттерін пайдаланып сыни ойлауға оқушыларды жетелей отырып, сабақтың тақырыбын анықтаса, түрткі болу техникасын қолдана отырып, сабақтың мақсатын анықтаған. Бұл сабағында оқушылар сыни ойлау дағдалырын ерекше танытқан. Мұғалімдер осы тұста тапсырмаларды орындау барысында нені үйрендіңдер деген кезде оқушылармен бірге өзімізде сыни ойлай отырып сұрақ қоярда «жеті рет өлшеп бір рет кесетіндей» сұраққа алатын жауабымызға қарай және оны қоятын оқушымызға қарай, сұрақ қойығаннан кейінгі кідірісті де ескеріп әрекет етуді үйрендік деген жауап болды.

Оқушылар алғашқы сабақтарда топтық ережені бұзып, әдістерді орындау барысында шулап кетіп, бағалауда әділдік танытпау көптеген әріптестердің сабағынан орын алған. Кей әріптестердің сабағында топтастыру сәтінде әсіресе бастауыш сыныптарда сөмкесімен орындығын алып көшіп сабақтың уақытын тиімді пайдалана алмау қиындықтары кездескен. Алайда педагогикалық шеберлік арқасында әр мұғалім әр түрлі әдістерді пайдаланған. Мысалы Гулназ есімді әріптес топтастыруды сабақ басталарда іске асырса кей әріптес сабақ басталмас бұрын топқа бөліп алып отырған. Осылайша зерттеу жұмысының соңында оқушылар төселіп, үйреніпте кеткен. Сынып оқушылары ынтымақтастыру тренингтерінен кейін көңіл күйлерінің өзгеріп сала беретінін байқап бұдан арғы сабақтарында тренингтердің жиі өткізілуінің дұрыстығын аңғарған. Әрдайым сабақтарда тренингтер мен сергіту сәттерін пайдалану арқылы сыныптағы атмосфера жайлы, оқушылардың күлкісі жиі естіліп, өздерін еркін сезініп, ой-өрістерінің еркіндігі орын алатынын барлық мұғалімдер жете талқылып, мысалдар сөз етілді.

Дарынды және талантты балаларды оқытуда көптеген мұғалімдер оқтудың инклюзивті тәсілін қолдану тиімді екенін байыбына барып түсінгенін айтумен қатар нақты дәлелдермен көрсете кетті. Мысалы Жанат атты орыс сыныптарына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі орыс ұлтты Ваняның сөйлеу кемістігінің әсерінен дәстүрлі сабақтарында жауап беруге ол қиналса, жауапты тыңдауға мұғалім өзі де қиналып, онымен қоса жолдастарының алдында өз сөзінен ұяла отырып сабаққа көптеп қатыса алмаса тәжірибе кезіндегі сабақтарда көптеген өзгерістерге ұшырап белсенділігі артқанын қуанышпен жеткізді. Басқа көптеген әріптестер «Синквейн» әдісін қолдану арқылы дарынды да талантты балаларды айқындаса енді біреулері шығармашылық тапсырмалар беруде, келесілері «Блум түймедағы» арқылы тапсырмалардың сұрақтарын күрделендіре отырып өздері бұрын байқай қоймаған дарын иелерін тани алған. Және де сол оұушыларға деген болашақтағы жоспарларында бекемдеп белгілеген. Осылайша топ болып талқылап, әр мұғалімге екі жұлдыз, бір тілек айта отырып және үш шапалақ арқылы қолпаштау көрсете отырып мұғалімдер ой бөлісіп, өз тәжірибемізге айтарлықтай мәнді ұғымдар мен бай кеңестерді алып отырдық. Мектептегі тәжірибеде өзіміз кездеспеген кедергілерді көре отырып, және ол тығырықтан шығу жолдарында бірге талқылай отырып өз тәжірибеміздің төрінен орын беріп санамызға тоқыдық.

Осылардан кейін, мен өз педагогикалық тәжірибемде мынаны жоспарлап отырмын:

  • өз тәжірибемде топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру, оңтайлы жағдай жасау;

  • топтарға балалардың бәрі қамтылатын, әрқайсысының қабілеттеріне қарай, шамасы келетін тапсырмаларды құрастыру;

  • оқушыларды топпен дұрыс жұмыс істеуге дағдаландыру;

  • топ мүшелерінің құқықтарының теңдігін ескерту және ескеру.

Сонымен, мен курсқа дейін педагогикалық практикамда өз жұмысыма «артқа қарап», яғни рефлексия жасап көрмеген болатынмын, енді Бағдарламаның идеяларын меңгере бастап, осындай топтық жұмыстың оқу үдерісіне маңыздылығын біліп, жоғарыда айтылғандай, қорытынды шығара алдым. Осы бағдарламаны меңгергеніме еш өкінбестен барша ұстаздарға осы бағдарламаны меңгеруге шақырамын. Бұл бағдарлама негізінде үйренеріміз көп, ең бастысы оқушыға жеке көзқарас пайда болады және бұл бағдарламадағы ең тиімді деп тапқан тәсілім дарнды және талантты балаларды оқытудағы инклюзивті тәсіл.


© 2010-2022