Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Сабақтың   барасы   оқушыларға механикалық   қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың   салыстырмалылығы туралы түсіндіру. Оқушыларды   өз   бетімен  ғылыми  ой  қорытындыларын  жасауға  жетелеу.  Жауапкершілікке,   тиянақтылыққа,   еңбекқорлыққа тәрбиелеу.   Сабақты   қорытындылай  келетін  болсақ оқушыларға  білім   және  ақыл  бере  отырып,  физика сабағына   қызығушылығын   арттыру.  Оқушыларды  өз  бетімен   жұмыс   жасай  білуге  дағдыландыру.  Сабақтын  аяғында  оқушыларға  сұрақтар  берелді. ...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §17. Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға механикалық қозғалыс, санақ жүйесі, қозғалыстың салыстырмалылығы туралы түсіндіру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Өткен тарауды қорытындылау:

  1. Атом дегеніміз не?

  2. Молекула дегеніміз не?

  3. Молекулалық кинетикалық теорияның негізгі қағидалары қандай?

  4. Диффузия дегеніміз не?

  5. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

  6. Заттың қандай күйлері болады?

  7. Температура дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Дененің немесе дене бөлшектерінің уақыттың өтуіне қарай бір-бірімен салыстырғандағы бұрынғы орнының өзгеруі механикалық қозғалыс деп аталады.

Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Қозғалмайды деп есептелетін және басқа денелердің қозғалысы соған салыстырылып қарастырылатын денені санақ денесі деп атайды.

Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы дене деп аталады.

Механикалық қозғалыс. Санақ денесі. Қозғалыстың салыстырмалылығы

Кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы болып табылады.

Санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтады.

ІV. Пысықтау.

1. Механикалық қозғалыс деп нені айтады? Мысал келтіріңдер?

2. Санақ денесі деген не? Мысал келтіріңдер.

3. Тыныштық салыстырмалы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §17. 7-тапсырма.


© 2010-2022