Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

7-сынып. Сабақ тақырыбы: §40. Дененің салмағы. Сабақ мақсаты: 1. Оқушыларға салмақ, ауырлық күші мен салмақ арасындағы айырмашылық, салмақсыздық, асқын салмақ туралы түсінік беру.  2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу. 3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Сабақ түрі: аралас Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап. Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар, Техникалық қүрал-жабдықтар: ...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

7-сынып.


Сабақ тақырыбы: §1,§2,§3. Табиғат және адам. Физика -табиғат туралы ғылым. Физика және техника.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға физикалық құбылыстар, физиканың мақсаты, физика заңдары, физикалық ұғымдар, қазіргі заманның ғылыми-техникалық жетістіктерінің ерекшеліктері туралы түсінік алуға жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін жетілдіру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Сабақ көрнекілігі: слайдтар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері туралы.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Физикалық құбылыстар: механикалық, жылу, электр, жарық құбылыстары.

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сыныпФизика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сыныпФизика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сыныпФизика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

«бірінші ұстаз» «екінші ұстаз» орыс тіліне физика сөзін

алғаш енгізген ғалым

Физиканың мақсаты -табиғаттағы болып жатқан әр түрлі физикалық құбылыстарды өзара байланыстыратын заңдарды ашу.

Физикалық құбылыстарды және оларды сипаттайтын заңдарды бір жүйеге түсіру арқылы физикалық теориялар жасалады.

Физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың мәнділік мазмұнын ашып беретін терминдар физикалық ұғымдар деп аталады.

Кеңістікте белгілі бір пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені дене деп атайды.

Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін зат деп айтады.

Физика мен техникаға байланысты жетістіктер:

  1. Физиктер атом ядросындағы энергияны алу жолын тапты.

  2. ХХ ғасырда адамзат физика мен техникаға жетістіктерінің арқасында ғарышқа көтерілді.

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сыныпФизика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сыныпФизика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

  1. Лазердің дүниеге келуі.

  2. Кибернетика мен электрондық есептеуіш техникасының дамуы.

ІV. Пысықтау.

  1. «Табиғат» деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  2. Табиғат пен адамның бірлігін білдіретін қандай нақыл сөздерді, мақалдар мен мәтелдерді білесіңдер?

  3. Табиғат құбылыстары деп нені айтамыз?

  4. Қандай табиғат құбылыстары физикалық құбылыстарға жатады?

  5. Физиканың мақсаты неде?

  6. Физика заңдары қалай ашылды?

  7. Физикалық теориялар қалай жасалды?

  8. Физикалық терминдар мен ұғымдар дегеніміз не?

  9. Ғылыми -техникалық жетістіктерді ата.

V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: §1,§2,§3. Қазіргі заманның техникасы жөнінде қосымша әдебиеттерден баяндама жазыңдар.

V. Бағалау.
















































7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §40. Дененің салмағы.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға салмақ, ауырлық күші мен салмақ арасындағы айырмашылық, салмақсыздық, асқын салмақ туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Бүкіл әлемдік тартылыс дегеніміз не?

  2. Қандай күш ауырлық күші деп аталады?

  3. Денеге әрекет ететін ауырлық күші мен оның массасының арасындағы қатынасы қандай?

  4. Дененің массасын динамометр көмегімен анықтауға бола ма?

  5. Күн жүйесінің қай планетасында денеге әрекет ететін ауырлық күшінің шамасы көбірек?

  6. Неліктен денедердің Айға тартылуы Жердегіге қарағанда аз?

  7. Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарғандарын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

  • Дененің тірекке немесе аспаға әрекет ететін күші дененің салмағы деп аталды.

  • Ауырлық күші қарастыратын денеге, ал салмақ дене орналасқан тірекке түсіріледі.

  • Егер дене горизонталь орналасқан, әрі жерге қатысты қозғалмайтын тірек үстінде жатса, онда дене салмағы әрекет ететін ауырлық күшіне дәлме-дәл келеді.

P=FA= mg

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сыныпФизика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

IV. Есептер шығару. 17-жаттығу. №3. №4.

V. Пысықтау.

1. Дененің салмағы дегеніміз не?

2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?

3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?

4. Салмақсыздық себебі неде?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §40. 17-ж. №1, №2.




7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§41.42. Үйкеліс күші,Техникада үйкеліс әрекетін ескеру.

Сабақ мақсаты:

1. Оқушыларға үйкеліс, үйкеліс күші, түрлері, пайда болу себептері, нормаль қысым күші туралы түсінік беру.

2. Мысалдар келтіре отырып, оқушы ойын дамыту, ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

3. Еңбекке баулу, жауапкершілігін арттыру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: компьютер арқылы жасалған слайдтар,

Техникалық қүрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, экран.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды қалай меңгергендерін тексеру.

1. Дененің салмағы дегеніміз не?

2. Дененің салмағы мен ауырлық күшінің арасындағы қандай айырмашылық бар?

3. Қандай жағдайда дене салмақсыздық күйде болады?

4. Салмақсыздық себебі неде?

5. Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай шығарғандарын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

  • Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш үйкеліс күші деп аталады.

Ғүйк - үйкеліс күші.

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

  • Сырғанау үйкелісі

  • Домалау үйкелісі

  • Тыныштық үйкелісі

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

Үйкелістің пайда болу себептері:

  • Жанасатын беттердің кедір-бұдыр болуы

  • Жанасатын беттер молекулаларының өзара тартылысы.

Үйкеліс :

  • Жанасатын беттердің қандай материалдан жасалғандығына,

  • Олардың өңделу сапасына;

  • Бір беттің екінші бір бетке түсіретін қысым күшіне тәуелді.

Дененің өзі жанасып тұрған бетке тік бағытта түсіретін күшін нормаль қысым күші деп атайды.

N -нормаль қысым күші.

N=mg

Fүйк=µN

µ - үйкеліс коэффициенті

IV. Есептер шығару. 18-жаттығу. №3. №4.

V.Пысықтау.

1.Үйкеліс төмендегі түсініктердің қайсысына жатады?

1.Физикалық шама.

2.Физикалық құбылыс.

3.Физикалық дене.

2. Егер білеуше стол үстімен қозғалып бара жатса, онда

Білеушенің қозғалыс үйкеліс күшінің бағыты

бағыты

І.Алға 1.Алға

ІІ.Артқа. 2.Артқа

ІІІ.Солға. 3.Солға.

ІV. Оңға. 4.Оңға

Сұрақтарға жауап:

1.Көктайғақта неге тротуарға құм себеді? (үйкелісті көбейту үшін)

2. Неге жаңбырдан соң грунт жолы тайғақ болады? (сұйықта бөлшектер тез қозғалады, қатты денелерден гөрі сұйық қабаттарының үйкелісі аз).

3. Шаңғының астын неге майлайды? (май қабаты үйкелісетін беттерді ажыратып, үйкелісті кемітеді).

4.Қандай күшті үйкеліс күші деп атайды?

  1. Үйкеліс не себептен болады?

  2. Қандай үйкеліс түрлері болады?

  3. Үйкелісті қалай азайтуға болады?

  4. Үйкеліс күшін қалай өлшеуге болаы?

  5. Нормаль қысым күші дегеніміз не?

  6. Үйкелістің пайдалы жақтарын көрсететін мысалдарды келтіріңдер.

  7. Үйкелістің зиянды жақтарын көрсететін мысалдарды көрсетіңдер.

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§ 41.42. 18-ж. №1, №2.

7-сынып.

Сабақ тақырыбы: §53. §54.Манометрлер. Сорғылар.

Сабақ мақсаты:

  1. Манометрлер, олардың түрлері, сорғының құрылысы, жұмыс істеу принциптері туралы ұғым қалыптастыру.

  2. Оқушыларды өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай алуға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап,

Техникалық оқыту құралдары: компьютер, видеопроектор, экран

Демонстрациялар: шприц арқылы сұйықтықты сору.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Атмосфера деген не? Оның құрамы қандай?

  2. Атмосфераның негізгі қабаттарын ата.

  3. Қалыпты атмосфералық қысым деген не?

  4. Ол неге тең?

  5. 760 мм.сын.бағ. қанша паскальға тең?

  6. Альтиметр деген не?

  7. Үйге берліген есептердің орындалуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Атмосфералық қысымнан жоғары немес төмен қысымды өлшеу үшін қолданылатын аспап манометр деп аталады.

МФизика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сыныпФизика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сыныпАНОМЕТР

МЕТАЛЛ МАНОМЕТР АШЫҚ СҰЙЫҚТЫҚ МАНОМЕТР

АШЫҚ СҰЙЫҚ МАНОМЕТР

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сыныпФизика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

МЕТАЛЛ МАНОМЕТР -газдың немес будың қысымын өлшеу үшін қолданылады

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

  1. доға тәрізді иілген металл түтікше

2-меңзер

3-тісті тегершіктер

4-кран

5-иіндік


Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

Адамның қан айналым жүйесіндегі қысым сфигмоманометр немесе сфигмотанометрмен өлшенеді

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

1- металл манометр

2-манжет

3-үрлеуіш

Сорғылар -атмосфералық қысымның әрекетіне негізделген құрылғылардың бірі.

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

1-сорғы корпусы

2-саңылау

3- поршень

4-нипель


Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

Су сорғысының құрылысы:

Физика пәнінен күнтізбелік жоспар 7 сынып

1- цилиндр

2-поршень

3- қақпақшалар

4-құбыр

5-кран

V. Пысықтау.

  • Атмосфералық ауа қысымынан жоғары немесе төмен болатын қысымды өлшеуге арналған құралдар қалай аталады?

  • Манометрлердің жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?

  • Ашық сұйықтық манометр қалай жасалған және қалай жұмыс істейді?

  • Металл манометр қалай жұмыс істейді?

  • Сорғылардың құрылысы жұмыс істеу принципі қандай?

VI. Қорытындылау.

VII. Бағалау.

VIII. Үйге тапсырма: : §53. §54.Манометрлер. Сорғылар.27-ж. №1, №3,28-ж. №1, №2.


© 2010-2022