План урока по физике Практикалық жұмыс: Атом ядросы

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Практикалық жұмыс: Атом ядросы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін

нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту теориялық

білімін практикамен ұштастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілетін шыңдау. Білімге деген

қызығушылығын арттыру. Білім деңгейін көтеру.

Тәрбиелік: Оқушыларды өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, уақытын

үнемді пайдалануға үйретіп, жан - жақтылыққа, алғырлыққа,

шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың формасы: Жеке, ұжымдық

Пән аралық байланыс: Химия, математика, әдебиет.

Көрнекіліктер: Менделеевтің периодтық кестесі, карточкалар, тест сұрақтары.

І. Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме!

Сабақта жоқ оқушыны белгілеу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

ІІ. «Мен нені үйрендім»

Өткен тақырыпты қайталау

А) «Кім көп біледі»

  1. Атом құрылысының «планетарлық» моделін ұсынған ғалым кім? Қай жылы?

(Ағылшын ғалымы Э.Резерфорд, 1911 жылы)

  1. Атомның құрылысын кім айтып береді? (Атомның центрінде ядро орналасқан,

электрондар ядро айналасында эллипстік орбита бойымен қозғалады.)

  1. Электрон қалай белгіленеді? Заряды қандай? Массасы нешеге тең? ( -10е, mе= 9,1*10-31кг)

  2. Протон қалай белгіленеді? Заряды қандай? Массасы нешеге тең? (11р , mp=1,6726 *10-27кг)

  3. Нейтрон қалай белгіленеді? Заряды қандай? Массасы нешеге тең? (01n , mn= 1,6749 *10-27кг)

  4. Массалық сан дегеніміз не? Қалай белгіленеді, формуласы қандай? (А= Z+N)

  5. Нуклон дегеніміз не? (Протон мен нейтронның жалпы санын нуклон дейміз.)

  6. Химиялық элементтің ядросының белгіленуі? (zAХ)

  7. Изотоп дегеніміз не? (Z=Z, A≠A)

  8. Изобара дегеніміз не? (Z ≠ Z, A = A)

Б) «Сәйкесін тап» ойыны

Берілген сұрақтардың жауаптарының орны ауысқан сәйкес жауабын табу.

План урока по физике Практикалық жұмыс: Атом ядросыПлан урока по физике Практикалық жұмыс: Атом ядросы

ІІІ. Тест тапсырмалары

  1. Ядродағы нуклондарды ыдырап кетуден сақтап, берік байланысын қамтамасыз ететін күштер

А) Гравитациялық күштер; В) Ядролық күштер; С) Магниттік күштер;

  1. Массалар ақауын есептейтін формула

А) ΔM=Z*mp + N*mn -Mя; В) ΔM=Z(mp -mn) -Mя;

С) ΔM=(А-Z)*(mp + mn) -Mя;

  1. Байланыс энергиясының формуласы:

А) Еб= ΔM*c2; В) Ем.б= Еб/А ; С) Е=hν;

  1. Меншікті байланыс энергиясының формуласы:

А) Е= hν; В) Еб= ΔM*c2; С) Ем.б= Еб/А ;

  1. Киелі сандарға жататындар:

А) 1; 10; 25; В) 3; 15;100; С) 2; 8; 20;

  1. Қосарланған киелі санды ядролар:

А) 2He4; 8O16, 20Ca40; В) 3Li7, 4Be9, 26Fe56; С) 11Na23, 29Cu64, 47Ag108;

ІV. Деңгейлік тапсырмалар

Деңгейі

Тапсырмасы

І

Натрий 11Na23 ядросының құрамы қандай?

ІІ

Оттек 8О16 ядросының байланыс энергиясын табыңдар.

ІІІ

Магний 12Мg24 ядросының меншікті байланыс энергиясын табыңдар.

V. Белгісіз шаманы табу

А

(Массалық сан)

Еб

(Байланыс энергиясы)

Ем.б

(Меншікті байланыс энергиясы

13

?

7,47 МэВ/нуклон

2

2,23 МэВ

?

?

1801,6 МэВ

7,57 МэВ/нуклон

Карточкамен жұмыс

VІ. Физикалық тілде

  1. Резерфорд тәжірибелерінен тікелей атомның ... моделі келіп шығады. (планетарлық)

  2. Центрінде массасы түгелдей жинақталған ... зарядталған атом ядросы орналасқан. (оң)

  3. Ядроны айнала, белгілі орбиталармен ... қозғалып жүреді. (электрондар)

  4. Электрондардың мұндай қозғалысы ядро тарапынан болатын ... күштің әсерінен туады. (ядролық)

  5. Протондар мен нейтрондарды жалпы түрде ... деп атауға келісілген.(нуклондар)

  6. Протон - бұл заряды оң және модулі бойынша ... зарядына тең бөлшек. (электронның)

  7. Электрон - бұл заряды теріс және модулі бойынша элементарлық ... Кл зарядқа, ал массасы ... кг - ға тең бөлшек. (е=1,6*10-19, mе= 9,1*10-31)

ҮІІ Үйге тапсырма беру

Оқулықтан §8.3. оқу,

8.3.4 - 8.3.9 есептерді шығару.

Сөзжұмбақ құрастыру.

ҮІІІ. Бағалау

ІХ Қорытындылау.


© 2010-2022