«Кім білімді, кім жылдам?» білімділер сайысы

  Мақсат«Кім білімді, кім жылдам?»   білімділер  сайысы    Мақсаты:   1. Білімділік.  Оқушылардың  физикадан  алған  білімдерін жүйелеп , өз бетінше тұжырымдауға  дағдыларын  қалыптастыру.    2. Дамытушылық.  Заңдылықтарды өзара салыстыра отырып  ажырату,  формулаларды  еске сақтау дағдыларын дамыту.     3. Тәрбиелілік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты , сауатты жеткізуге жаттығу, оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.   Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс   Сабақ көрнекілігі:  слайд,  сөзжұмбақ,  формула   Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, сайыс.      І      Жалпы бүгінгі өтетін сайысымыздың ретін атап өтсек, сайыс 7 кезеңнен тұрады: атап айтсақ   1. таныстыру   2. сұрақ- ...  
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Кім білімді, кім жылдам?» білімділер сайысы«Кім білімді, кім жылдам?»

білімділер сайысы

Мақсаты:

1. Білімділік. Оқушылардың физикадан алған білімдерін жүйелеп , өз бетінше тұжырымдауға дағдыларын қалыптастыру.

2. Дамытушылық. Заңдылықтарды өзара салыстыра отырып ажырату, формулаларды еске сақтау дағдыларын дамыту.

3. Тәрбиелілік. Әр оқушы өз пікірін тиянақты , сауатты жеткізуге жаттығу, оқушылардың білімге қызығушылығын, жауапкершілігін арттыру.

Сабақ түрі: сыныптан тыс жұмыс

Сабақ көрнекілігі: слайд, сөзжұмбақ, формула

Әдіс- тәсілдері: сұрақ-жауап, сайыс.

Жүргізуші:

І Сәлеметсіздер ме оқушылар!

Физикаға қызығушылар

Сәлеметсіздер ме ұстаздар!

Айтар ойын тұспалдар

ІІ Есепті түрлі түрлі шығарамыз

Арасында ойын ойнап жарысамыз

Ойламды сұрақ, қиын сұрақ бәрі де бар

Әзіл есепке де отырамыз

ІІ Олай болса бұл не тұрыс

Кешімізді бастайық

І Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімін дұрыс бағалайтын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік

ІІ Шын жүйрік шабысынан танылады

Нақты білім терең ой сыналады

Баға берер әділқазы ортамызда

Сіздерге құрметпенен қол соғылады

І Жалпы бүгінгі өтетін сайысымыздың ретін атап өтсек, сайыс 7 кезеңнен тұрады: атап айтсақ

1. таныстыру

2. сұрақ- жауап

3 .Сөзжұмбақ шешу

4 сөзқұрау

5 .кесте толтыр

6 қорытынды

І олай болса 7 а сынып оқушылар мен 8 а сынып оқушыларының командасын ортаға шақырамыз

ІІ І кезең «Топты таныстыру » Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып өтеді, сондай ақ таңба мен тақырыпқа сай плакаттары бағаланады.

7 сынып «Архимед» тобы

8 сынып «Ампер» тобы

І Әділқазылар алқасы І кезеңнің бағаларымен таныстырып өтсе екен

ІІ ІІ кезең «Сұрақ- жауап», бұл кезеңнің шарты әр сыныптың деңгейіне сай физикалық шамалар, құбылыстар бойынша сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру керек. Әр топқа 6 сұрақ беріледі.

7 сыныпқа

  1. Күш дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі?

  2. Қысым дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі?

  3. Атмосфералық өысым дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі?

  4. Жылдамдық деген не? Формуласы, өлшем бірлігі?

  5. Инерция дегеніміз не?

  6. Салмақ дегеніміз не? Формуласы, өлшем бірлігі?

8 сыныпқа

  1. Кедергі дегеніміз не? Формуласы. SI жүйесінде кедергінің өлшем бірлігі не болып табылады?

  2. Ток күші дегеніміз не? Формуласы. SI жүйесінде ток күші өлшем бірлігі не болып табылады?

  3. Кернеу дегеніміз не? Формуласы. SI жүйесінде кернеудің өлшем бірлігі не болып табылады?

  4. Электр тогының жұмысы дегеніміз не? Формуласы. SI жүйесінде жұмыстың өлшем бірлігі не болып табылады?

  5. Тізбектей және параллель жалғау дегеніміз не? Тізбектей және параллель жалғауда кернеуді, ток күшін, кедергіні қалай есептейміз?

  6. Меншікті кедергі дегеніміз не? Формуласын жаз. SI жүйесінде меншікті кедергінің өлшем бірлігі не болып табылады?

ІІІ кезең «Сөзжұмбақ шешу » бұл кезеңнің шарты әр сыныпқа бір сөзжұмбақтан беріледі. жылдам әрі дұрыс жауап беру керек.

7 сынып «Манометр» сөзжұмбағы 8 сынып «Ареометр» сөзжұмбақ

Жауабы: 1.масса Жауабы: 1.марс

2.зат 2.инерция

3.нормаль 3.метр

4.барометр 4.молекула

5.атом 5.жылдамдық

6. секунд 6.дене

7.метр 7.материя

8.уран 8.сорғы

ІV кезең «Сөз құрау» әр топқа бір әріп беріледі сол әріптен басталатын физикалық шама, өлшем бірлік, прибор , құбылыстар, заңдылықтарды жазу. К Т

Мысалы: манометр, масса, метр, механикалық қозғалыс т.б

V кезең «Кесте толтыру» бұл сайыста әр топқа кесте беріліп сол кестені дұрыс толтыру керек.

шамалар

белгіленуі

формуласы

Өлшем бірлігі

қысым

Р

Р= F/S

Паскаль

Қорытынды І орын «Архимед» 7 сынып

ІІ орын «Ампер» 8 сынып марапатталды

«Бұлақ жалпы орта білім беретін мектеп» КММ









7-8 сыныптар арасында

білімділер сайысы

Орындаған: Манарбекова Л.М















2012-2013 оқу жылы

© 2010-2022