Электричество

Мұғалімнің аты-жөні: Абдикеева Шолпан Жусуповна.   Пәні: физика 8-сынып     Тақырыбы: «Электр құбылыстары» бөлімі Қайталау сабағы   Пәнаралық байланыс:  физика, информатика   Сабақтың мақсаты: Электр құбылыстары бөлімі бойынша оқушылардың білімдерін қорытындылау және жүйелеу. Оқушылардың өмірде болып жатқан құбылыстар туралы танымын кеңейтіп, алған білімдерін өмірдің әр жағдайында қолдана білуге баулу.   Сабақтың міндеттері ...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:


Мұғалімнің аты-жөні: Абдикеева Шолпан Жусуповна.


Пәні: физика

8-сынып


Тақырыбы: «Электр құбылыстары» бөлімі

Қайталау сабағы


Пәнаралық байланыс: физика, информатика


Сабақтың мақсаты:

Электр құбылыстары бөлімі бойынша оқушылардың білімдерін қорытындылау және жүйелеу. Оқушылардың өмірде болып жатқан құбылыстар туралы танымын кеңейтіп, алған білімдерін өмірдің әр жағдайында қолдана білуге баулу.


Сабақтың міндеттері

Білімділік:

Электр құбылыстары ережелерін, формулаларын білу


Дамытушылық:

Белсенділігін көтеруге, ойлау қабілетін арттыруға өз ойын жүйелеуге, тез шешім қабылдауға дағдыландыру.

Тәрбиелік:

Дәстүрлі емес сабақ түрлерінде оқушылардың өзіне-өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарына сын көзбен қарауға тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі

Интерактивті тақта, компьютер, видео, слайдтар, карточкалар, видеокамера, стикерлер

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Блум таксономиясы, тренинг, ой қозғау, ынталандыру, танымдық ойын әдісі, дамыту әдісі, репродуктивтік әдіс, жаттығу әдісі, эвристикалық әдіс, сұрақ-жауап, талқылау, Сократ әдісі, зерттеушілік, мәселелік әдіс, демонстративті, сұрақ-жауап, формативті, рефлексия, бақылау

Сабақтың жоспары

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, зейінін сабаққа аудару, топқа бөлу

Психологиялық дайындық:

«Рахмет» тренингі

Қалай оқыту керектігін үйрету модулін қолданамын

«Көпір»

тапсырмалары:

Ребус шешу

Сабақ тақырыбын ребусты қолданып ашамын және мақсатын оқушыларға тапқызамын

Мына сөздерді қандай тақырыпқа байланысты деп ойлайсыздар? Бүгінгі сабағымыздың мақсаты қандай болу керек деп ойлайсыздар?

Электричество

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін қолданамын

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін қолданамын.

Табыс критерийлері

  • Физикалық формулаларды, ережелерді білемін;

  • Есептерді шығару барысында формулаларды қолдана аламын;

  • Есептердің шығару жолын түсіндіре аламын;

  • Кез келген тапсырмаларды қорытып дәлелдей аламын;

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін қолданамын.

«Білу»


  1. Кір жаятын жіп (ережелерді жатқа білу)

Электричество

  1. Қатені тап (формулаларды жатқа білу)

Электричество

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін қолданамын

«Түсіну»

«6W»

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін, оқытуды басқару және көшбасшылық модульдерін қолданамын.

6W (Неге? Неліктен? Не себепті?)

  1. Не себепті зарядталған денені бейтарап денеге жанастырғанда оның бойына заряд таралады? (Өйткені, зарядталған дененің зарядының бір бөлігі екінші денеге көшеді)

  2. Неге затты зарядтағанда оң немесе теріс заряд болады? (Өйткені,ол денедегі электрондар санына байланысты. Егер денеде электрондар саны қалыпты жағдайдан артық болса, онда дене теріс зарядталады, ал егер дененің электрондар саны қалыпты жағдайдан аз болса, онда дене оң зарядталады)

  3. Неге өткізгіш бойынан ток өткен кезде қызады? (Өйткені, электр энергиясы ішкі энергияға айналады. Бұл құбылыс Джоуль -Ленц заңы бойынша түсіндіріледі)

  4. Неге қысқа тұйықталу - зиянды деп атаймыз? (Өйткені, қысқа тұйықталу кезінде электр энергиясының қажетсіз жұмсалуымен қатар ток көзі де істен шығады. Бұл кезде пайда болатын күшті токтар сымдарды қатты қыздыратындықтан өте қауіпті, олар өрт тудыруы мүмкін)

  5. Неліктен зарядталған шарға металдың жеңіл шаң-тозаңдары тартылады? (Өйткені, кез келген зарядталған дененің айналасында электр өрісі деп аталатын кеңістік бар. Осы өрістің тарапынан әрекет ететін күштерді электрлік күш деп атаймыз, сол себептен шаң-тозаңдарды өзіне тартады)

  6. Неліктен электр плитасының спиралін меншікті кедергісі үлкен өткізгіштен жасайды? (Өйткені, жылу мөлшері өткізгіш кедергісіне тура пропорционал. Демек кедергі шамасы неғұрлым үлкен болса, жылу мөлшері де соғұрлым көп болады)

«Қолдану»

Деңгейлік тапсырмалар (А,В,С өздері таңдайды)

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу

«Талдау»


  1. «Бейне сұрақтар» 10 сынып оқушылары

  2. Кесте толтыру

Мына заттардан өткізгіштер мен изоляторларды ажырат:

І-топ: Болат шеге, шыны таяқша, жібек мата, мыс сым, ағаш сызғыш, алюминий қасық

ІІ-топ: Элетроскоп, эбонит таяқша, пластмасс сызғыш, бор, картон, темір шеге


Өткізгіштер

Изоляторлар

Болат шеге

Мыс сым

Алюминий қасық

Шыны таяқша

Жібек мата

Ағаш сызғыш


Өткізгіштер

Изоляторлар

Электроскоп

Темір шеге

Эбонит таяқша

Пластмасс сызғыш

Бор

Картон

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін қолданамын

Оқытуды басқару және көшбасшылық модулін қолданамын.

«Жинақтау»

«Конструктор»

І-топ: Екі шамды тізбектей жалғап оларды жандыру үшін және олар арқылы өтетін ток күшін өлшеу үшін қандай аспаптар алар едіңіздер? Оқушылар физикалық аспаптармен тізбек құрастыру керек

ІІ-топ: Екі шамды тізбектей жалғап оларды жандыру үшін және олар арқылы өтетін ток күшін өлшеу үшін қандай аспаптар алар едіңіздер? Оқушылар физикалық аспаптармен тізбек құрастыру керек

Үй тапсырмасы

Логикалық сұрақтар

1. Неге электрленген адамның шашы жоғары көтеріледі?

2. Неге күн күркірегенде көп адамдар жиналған жерде тұру қауіпті деп саналады?

3. Неге құстар жоғарывольтті сымдарға отыра алады?

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулін

Бағалау


Оқушыларды топ басшысы бағалайды. .

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін қолданамын.

Бағалау парағы



Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Бағалау

Оқушы

аты-жөні

Кір жаятын жіп

Қатені тап

6W

Деңгейлік тапсырмалар

Озық болсаң тауып көр

Конструктор

Кесте толтыр

Баға

1










2










3










4










5










6










7











© 2010-2022