АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ – САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ

Біліп қойған ғана аз, оны пайдалана білу қажет, Қалап қойған аз, жасау қажет. Иоганн Вольфганг ГетеЖаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі – бұл мұғалімге физика сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгртуге, оқудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жадай жасауы.
Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА ПАЙДАЛАНУ - САПАЛЫ БІЛІМ НЕГІЗІ. Медетова Гүлім Ратбайқызы Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі

Біліп қойған ғана аз, оны пайдалана білу қажет, Қалап қойған аз, жасау қажет.

Иоганн Вольфганг Гете

Оқытудың жаңа ақпараттық - коммуникациялық технологияларын меңгеру- қазіргі заман талабы. Өйткені, ХХІ ғасыр технология ғасыры. Қазіргі қоғамдағы білім жүйесін дамытуда ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың маңызы зор. Білім беруді ақпараттандыру және пәндерді ғылыми -технологиялық негізде оқыту мақсаттары алға қойылуда. Қазақстан Республиасының «Білім туралы » заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халқаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез келген білім беру саласында мультимедиалық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуда пайдаанады. Осы ретте ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігін ашып айтуға болады.

Электрондық оқыту технологиясын коллдежде қолдану ақпараттық технологиялардың дамуына, колледжіміздің компьютерлік, интеррактивті техникамен, мультимедиалық, мобильді кабинеттермен жабдықталған. Болашақта білім беру компьютер технологияларының дамуымен тығыз байланыста болатыны анық. Сондықтан да электрондық оқыту технологиясын колледждерде оқу үрдісіне қолдану қазіргі білім берудің көкейкесті мәселесі болып саналады. АКТ технологиясы есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Ал АКТ келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы зор.

Қазіргі кезде шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестігі күшейте түсуде. Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін АКТ қолдану саласы бойынша көтеру негізі міндеттерінің біріне айналды.

Ақпараттық қатынастық технология құралдарын оқу, тәрбие үрдісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден, компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді. Білім мен дағдының өзара бірігуі арқылы мұғалім теориялық және практикалық әдістерді саралап пайдалануға жаттығады. Соның нәтижесінде ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқыту әдістері жүйеленіп берілсе, білім берудің сапасы артады. Оқушыларға уақытыңды орынды пайдаланып, оларға тың мағлұматтың дүние беру - ақпараттың қатынастық технологиялардың жетістігі.

Жаңа ақпараттық технологияның басты тиімділігі - бұл мұғалімге физика сабақтарындағы оқу үрдісін түбегейлі өзгртуге, оқудағы пәнаралық байланысты күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін көре біліп, оны дамытуға толық жадай жасауы.

Физика - оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және дамытатын негізгі пән. Ол оқушылардың интеллектін, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, табиғат заңдылықтарын толығымен түсінуге ықпал жасайды. Физика пәнінде ақпараттық технологияларды қолдану пәнді пәнді оқытуда оқушыға дүниенің заңдарын терең меңгеріп қана қоймай, оқушының ойын дамытып, эмоциясына, сезіміне қозғау салды. Өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті ақпарат көзіне таңдап, өз бетінше ойланып, шешім қабылдауға дағдыланады.

Өзім физика сабағында үнемі интернет арқылы электронды оқу жүйесінің кітапханасынан сабағыма қажетті қажетті тақырыптарды пайдаланып отырамын. Тақырып соңында оқушыларға өзін- өзі тексеру жұмыстары, одан соң сол тақырыпты меңгергендігін анықтау мақсатында тест тапсырмалары бар. Оқушылардың тест жүйесі сол бойда нәтижесін көрсетеді. Ол мұғалімге уақыт үнемдеп, тексеруге жеңілдік береді. Алайда көптеген ұстаздар электронды оқу жүйесін тек қана журнал толтыру деп түсінеді. Сондықтан мұғалімдердің компьютерлік сауаттылықтарын, онымен жұмыс жасау қабілеттерін арыттыру қажет.

Компьютермен жұмыс барысында оқушылардың белсенділік, жауапкершілік және өзіндік шығармашылық қабілеттері қалыптасады. Оқушы өз бетінше еңбектенеді. Өз еңбегінің нәтижесін көреді. Өзін- өзі қадағалауға мүмкіншілік туады. Тапсырмаларды мұғалімнің көмегінсіз орындайды. Сол арқылы ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды. Берілетін материал бір сарынды болып, тек мұғалім ғана сөйлейтін болса, балалар тез шаршап қалады да, сабақ сәтсіз ақталады. Осындай көңілсіз жағдайларды болдырмау үшін физика сабағында компьютер арқылы студенттердің белсенділігін арыттыратын элементтер қолданылады. Ақпараттық технологияның мұғалім жұмысына ең тиімдісі - оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар. Жаңа технология әрбір мұғалімнен жаңа ізденісті, шығармашылықпен ойлауды талап етеді:

  • ой- өрісін дамытатын интеллектуалды жұмыс түрлерін жіктеп саралау;

  • пәнге деген қызығушылығын арыттыру;

  • жаңа кезең технологиясын зерделей отырып, өз жұмысында тиімді қолдану;

  • тақырып бойынша педагогикалық тәжірибеге сараптама жасау және оны меңгерумен қатар, оқушылардың оқу белсенділігін арыттыру жолдарын қарастыру;

Сонымен қатар колледжде интернет желісі болғандықтан физика сабағында виртуалды зертханалық жұмыстарды қызығушылықпен орындайды. Зертханалық жұмыстың мақсаты теориядан алған білімін тереңдету, әр түрлі көлемдегі өлшеуіш приборлармен жұмыс жасауды оқыту, әдістермен таныстыру, жинау технологияларын үйрету және эксперименталдық мәліметтерді өңдеу, нақты зертханалық жұмыс дағдыларын дамыту. Вертуальды зертхананы орындаған соң, студентке физикалық құралдармен жұмыс жасау көп жеңілдік береді.

Тест жүргізу тек білімді тексеруге маңызды элемент қана емес, сонымен бірге оқытуда да маңызды. Өзіңе жақын дәстүрлі формада өткізуге болады: алдымен слайдта сұрақтар мен жауап нұсқалары, содан кейін дұрыс жауабы шығады. Электронды оқулықпен немесе электронды оқу жүйесінің кітапханасында берілген тақырыптардан соң өзін - өзі тексеру жұмыстары немесе тест тапсырмаларды орындаған кезде оқушылар арасында бәскелестік туындайды, сұрақтарға барынша нақты жауап беруге тырысады.

Физика сабақтарында ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдаланудың тиімділігі:

  • Оқушының өз бетімен жұмысы;

  • Аз уақытта көп білім алып, уақытты үнімдеу;

  • Білім - білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

  • Шығармашылық есептершығару кезінде физикалық құбылыстарды түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

  • Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

  • Қарапайым көзбен көріп, колмен ұстау сезіну немесе құлақ пен есту мүмкіндіктері болмайтын табиғаттың таңғажайып процестермен әр түрлі тәжірибемен нәтижелерін көріп,сезіну мүмкіндігі;

  • Оқушының ой - өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор.

Физика сабағында ақпараттық технологияны тиімді пайдалану -білім сапасының артуына әкеледі. Жаңа ақпараттық технологияны физика сабақтарында пайдалана отырып, студенттердің білім, бірлік дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығын араттырып, түрлі деңгейдегі есептерді шығарып, оны талдай білуге уйретемин. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытып, интернет желісінен сабаққа қажетті деректерді өз бетімен ізденуіне, компьютерлік сауаттылықтарына жол ашу. Сабақта алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу. Саналы да сапалы білім алған оқушы ұлт келешегі.

Физика сабағында сабақты қызықты қылып өткізу үшін мынандай сабақтар түрлерін қолдануға болады: физикалық есептер шығару, диагностикалық тестілеу, электрондық нұсқадағы тәжірибелік жұмыстар жүргізу, физикалық диктант алуға болады. Сонымен қатар сабақта ақпараттық технологияларды пайдаланып, оқытушы келесі сабақ түрлерін өткізе алады: 1. Презентация сабақ. 2. Зерттеу сабақ. 3. Практикум сабақ. 4. Интернет - жоба сабақ. 5. Телеконференция сабақ. 6. Онлайн - сабағы.

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала -ертеңгі жаңа әлем. Заман талабына сай жаңа ақпараттық технология әдістерін үйрету, бағыт бағдар - беруші - оқытушыларымыз. Студенттердің жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, қатынастарға бейімделуі тиіс. Осы үрдіспен бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктелгенін ұмытпауымыз керек.

Әдебиеттер тізімі:

  1. ҚР «Білім туралы» Заңы

  2. ҚР білім беруді дамытудың 2011-2012 жылдарға арналан мемлекеттік бағдарламасы

  3. «Физика және астрономия» журналы

  4. СЭО оқулық кітапханасы материалдары

© 2010-2022