Бақылау жұмысы №2. Динамика негіздері

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Келісілді»

Оқу ісінің меңгерушісі

Мерзімі: 05.12.2015 ж ___________________

Пән аты: Физика

Сыныбы: 9 «а,ә,в»

Сабақтың тақырыбы: Бақылау жұмысы №2. Динамика негіздері

Сабақ мақсаты:

  1. Білімділік: оқушылардың тарау бойынша алған білімдерінің нақтылығын, меңгерілу дәрежесін айқындау; жұмысты орындау барысында дайындық деңгейлерін анықтау.

  2. Дамытушылық : Оқушылардың білім деңгейін және оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік : Өз бетімен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

І нұсқа.

  1. Серіппені 8 мм-ге созу үшін 0,04 Дж жұмыс істеу керек. Осы серіппені 4 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару қажет?

  2. Массасы 10 кг дене қандай да бір күштің әсерінен 3 м/с2 үдеу алды. Массасы 24 кг дене дәл осындай күшпен әсер еткенде ол қандай үдеу алады?

  3. Массасы 200 г балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 0,5 кН/м-ға тең қармақ бауы қанша созылатынын анықтаңдар.

  4. 2 км биіктіктен түсіп келе жатқан массасы 20 мг жаңбыр тамшысына әсер етеін ауырлық күішінің істейтін жұмысы қандай болады?


ІІ нұсқа.

  1. 60 Н күш денеге 0,8 м/с2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 4 м/с2 үдеу бере алады?

  2. Қатаңдығы 40 кН/м серіппені 0,5 см-ге созу үшін қандай жұмыс атқару керек?

  3. Жер бетінен 300 км биіктікте ұшып жүрген жасанды серіктің жылдамдығы қандай? Оның айналу периоды қандай?

  4. Тереңдігі 5 м судағы көлемі 0,6 м3 тасты судың бетіне дейін көтерді. Тастың тығыздығы 2500 кг/м3. Тасты көтеруде істелген жұмысты табыңдар.


ІІІ нұсқа.

  1. Ғарыш ракетасы старт берілгенде Жер бетінен 20 м/с 2 үдеумен тік жоғары қарай қозғалады. Кабинадағы массасы 80 кг ғарышке-ұшқыштың салмағын табыңдар.

  2. Жер бетінен 600 км биіктікте дөңгелек орбита бойымен айналып ұшуы үшін жасанды серіктің жылдамдығы қандай болу керек? Оның айналу периоды қандай?

  3. Қатаңдығы 100 кН/м тең сымды 1 мм-ге созу үшін оның шеттеріне қандай күш түсіру керек?

  4. Массасы 2 кг денені 1 м биіктікке 3 м/с 2 үдеумен көтерегн кезде адам қандай жұмыс істейді?

ІІІ. Бағалау.

VI І. Үй тапсырмасын беру: тарауды қайталау ;




© 2010-2022