7-сынып физика Жай механизмдер

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні:Физика

Сынып: 7 Ә

Күні: 12.02.2016ж

Сабақтың тақырыбы: Жай механизмдер

Сабақтың мақсты:Оқушыларға жай механизмдер және олардың жұмыс істеу принциптері туралы түсінік беру .

Сабақтың міндеттері:

1.Жай механизмдер түрлерін таныстыру.

2.Оқушыларды ғылыми ой қортындыларын жасай білуге дағдыландыру.

3.Жауапкершілікке ,тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбилеу.

Сабақ түрі : Аралас.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрау-жауап,есеп шығару,жұмбақтар

Сабаққа қажетті құралдар:компьютер ,слайд,блоктар,шығыр,жүктер тиінтірек,таразылар .

Сабақтың құрлымы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

2.Сұрақ-жауаптар

3.Ойланайық,ойлайық (жасырын өлшем бірліктер)

4. «Кім тапқыр!»

5.Сергіту сәті.(Кел,күлейік)

6.«Тіл өнер» (Жұмбақтың шешімін тауып, орыс ағылшын тіліне аудару).

7.Есептер шешу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу,сабаққа қатысымы мен даярлығын тексеру.

2.Мұғалімің сөзі: Оқушылар ,өткен сабағымызды сұрақ-жауаптармен еске аламыз.

1.Иіндік дегеніміз не?

2.Күш иінді деп нені айтамыз?

3.Күш моментідегеніміз?

4.Салмақсыздығы жағдайында таразы жұмыс істей алама?

5.Моментер ережесі қалай айтылады.

3.Ойланайық, ойлайық (жасырын өлшем бірліктер)

4. «Кім тапқыр» ( сұрақ-жауап)

1.Электр тогы дегенімізне?( Электр тогы деп -электр қозғаушы күштің эсерінен зарядтардың зарядталған бөлшектер бағытталған қозғалысы).

2.Ең алғаш ғарышқа ұшырылған иттің есімі?(Белка және стрелка)

3.Ағылшын ғылымы Иссак Ньютонның бүкіләлемдік тартылыс заңын ашуына не себеп.(Алма)

5. «Кім білгір » (берілген тапсырма бойынша физикалық тәжрибе жасау ).

1. Тәжрибе.

Қажетті заттар:Екі стакан, шам және оттық.

Стаканды алып,шамға оттық жағамыз оны стаканның ішіне салып оттың жанып жатқанын көреміз.Екінші стаканды алып төңкереміз.

Не байқалады?

Себебін айт?

2.Тәжрибе.

Қажетті заттар:Стакан өлшемдері стакан диаметрінен үлкен қалың қағаз.

Стаканды жиегіне дейін су толтыр.

Бетін қағазбен жап .Бір қалыңмен стакан түбінен ұстап екінші қалыңның алақанымен су төгілмейтін етіп қағаз бетін стаканға қысып ұстаса.

3. Енді түбін жоғары қаратып, стаканды өте шапшаң төңкер.

4. Қолыңды ептеп қағаздан ажырат.

Не байқалады?

Себебін айт?

3.Тәжрибе.

Қажетті заттар:Екі стакан,су,екі жұмыртқа және тұз.

1.Екі стаканды алып су құямыз,бір стаканға сегіз қасық тұз саламыз,ал екінші стаканда таза су болады.Екі стаканға шикі жұмыртқа саламыз.

Не байқалады ?

Себебін айт?

6.Сергіту сәті.(Кел,күлейік)

7. «ТІЛ - ӨНЕР» (жұмбақтың шешімін тауып, орыс, ағылшын тіліне аудару)

1. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (Энергия)

2. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да.

Ұзындығы жазулы тұр бойында. (Сызғыш)

3. Суға салсаң батпайы,

Отқа салсаң жанбайды.(Мұз)

8.Есеп шығару.

1.Есеп:100 кг жүкті 10 м биіктікке көтеру үшін көлбеу жазықтық пайдаланылды.Тартушы күш 245 Н болса,неше метрлік көлбеу жазықтықта жұмысты орындауы мүмкін?

2 Есеп: Иіндік (рычаг)тепе-теңдікте болуы үшін А нүктесіне қандай күш түсіру керек?

3 Есеп: Иіндіктің иіндерінің қатнасы 1/10. Оның ұзын иініне әсер ететін күш 150 Н-ға тең болса,онымен ауыр жәшікті 12 см биіктікке көтергенде қанша жұмыс істеледі?

Қортынды: Сұрақ-жауап

1.Сен тағы қандай жай механизмдерді білесің?

2.Үйіңде,мектебіңде қандай жай механизмдерді пайдаланады?

3.Жылжымалы және жылжымайтын блоктарды рычаг деуге болама?

4.Күш моменті қандай шамамен өлшенеді?

5. Жай механизмдер дегеніміз не?

6.Блок дегеніміз қандай құрал?

Үйге тапсырма: 1. Тақырыпты оқып келу.

2.Есеп шығару. 34-жаттығу. 4 есеп.


© 2010-2022