Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. 10 класс

Класс: 10(гум) Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Сабақтың типі: аралас сабақ Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Әрбір оқушының және бүкіл кластың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін тексеру және тиянақтау. Дамытушылық: оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне – өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, іскерліктерін, білім сапасын арттыру.  Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз беімен ізденуге ...
Раздел Физика
Класс 10 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класс: 10 13 сабақ 4.12.12

Сабақтың тақырыбы: Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы.
Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Әрбір оқушының және бүкіл кластың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау, білімдерін тексеру және тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың белсенділігін арттырып, өзіне - өзі баға беруге, өз жетістіктерін сезініп, әлсіз жақтарын сын көзбен қарауға үйрету, іскерліктерін, білім сапасын арттыру.
Тәрбиелік: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз беімен ізденуге дағдыландыру.
Сабақтың көрнекілігі: есептер, тесттер, билеттер, баллистикалық пистолет Сабақтың әдісі: Шығармашылықпен зерттеу, тез ойлауға үйретуге, мәселелер қоя білуге үйрету әдістері
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Дене импульсі. Күш импульсі
2. Импульстің сақталу заңы

1.Есеп. Горизонталь бағытта υ0 = 10 м/с жылдамдықпен ұшып келе жатқан граната екіге бөлініп кетті. Оның бір бөлігіне массасы m1 = 1 кг , екіншісінікі m2 = 1,5 кг. Екінші бөлігінің ұшы бағыты бұрынғы қалыпында қалды, оның жылдамдығы υ2 = 25 м/с - ке жетті.Бірінші бөлігінің жылдамдығы мен ұшу бағытын тап?

Берілгені:
m1= 1кг

m2=1,5 кг

υ2 = 25 м/с

υ0 = 10 м/с:

υ1-?

шешуі

(m1+m20=m1υ1+m2υ2
m1υ1=(m1+m20 - m2υ2
υ1 = (m1+m20 - m2υ2/ m1

2.Массасы 4 кг дене 8 м биіктіктен түседі . Осы дене импульсінің өзгеруін табыңдар.

Тест тапсырмалары :
№1. Қандай физикалық шамалар кг*м/с өлшем бірлігімен өлшенеді ?
А) Күш В) Қуат С) Энергия Д) Күш моменті Е) Импульс

№2. Халықаралық бірліктер жүйесінде энергияны қандай бірлікпен өлшейді ?
А) Кг В) Дж С) кг* м/с Д) Н Е) Вт

№3. Импульстің анықтамасына қай өрнек сәйкес келеді ?
А) a = F/m В) F*t С) P = mv Д) mv2 Е) F =ma

№4.Күш импульстің өрнегін көрсет?
А) FΔt В) Fv C) FS Д) F/m Е) F/S

№5. Импульстің сақталу заңы қандай жағдайда орындалады ?
А) Жүйедегі барлық денелердің импульсі азаяды
В) Жүйе импульстерінің қосындысы нөлге тең .
С) Жүйе импульстерінің қосындысы тұрақты болады
Д) Тұйықталған жүйелерде

№6. Физикадағы сақталу қасиетіне ие болатын шамалар бар .Механикада қарастырылған қандай векторлық шаманың осындай қасиеті бар ?
А) Күш В) Импульс С) Үдеу Д) Жылдамдық

№7. Массасы 1 кг дене түзу сызықты қозғала отырып , өзінің жылдамдығын 10 м/с - тен 20 м/с - ке дейін өзгертеді . Дененің импульсінің өзгерісін анықтау керек .
А) 5кг * м/с В) 15кг * м/с С) 10кг м/с Д) 100кг* м/с

Е) 1 кг* м/с

ІV. Пысықтау сұрақтары

  1. «Импульс» дегеніміз не ?

  2. Дене импульсі дегенімз не ?

  3. Күш ипульсі дегеніміз не ?

  4. Бірінші ғарыштық жылдамдық неге тең ?

  5. Екінші ғарыштық жылдамдық неге тең ?

  6. Айдың массасы неге тең ?

  7. Тұңғыш рет Жердің жасанды серігі қашан ұшырылды ?

  8. Жердің массасы неге тең ?

  9. Қазақстандағы ғарыш айлағының аты ?



© 2010-2022