Презентация по физике 2 закон Ньютона

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Күш. Масса. Ньютонның екінші заңы.

Сабақ мақсаты:

А) Білімділік: Денелердің механикалық қозғалысын зерттеу барысында ауырлық, серпімділік, үйкеліс күштері туралы түсіндіру.Механиканың ең іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңын тұжырымдау.

Ә) Дамытушылық: Алған білімдерін тиянақтай отырып , тапқырлыққа , ізденіп шешім қабылдауға , ауызбіршілікке , ойын жинақтай білуге , біріне -бірі көмектесуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Б) Тәрбиелік : Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолданып, өз ойын айта білуге, жүйелі түрде ойлауға, ізденуге бағыттау, білімге деген құштарлығын арттыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты өту әдісі: білімді жинақтау, жүйелеу, сұрақ-жауап, есептер шығару, кестемен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, таратпа кестелер, слайдтар , анықтамалық кітапша

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

а).Оқушылармен сәлемдесу

ә) Сабаққа қатысуын бақылау,

Назарларын сабаққа аудару. Түгендеу.

II. Өткен материалды еске түсіру.

  1. Динамика нені зерттейді?

  2. Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?

  3. Ньютонның І заңы қалай оқылады?

  4. Аристотельдің табиғаттағы қозғалыс туралы пікірі қалай?

  5. Галилей мен Ньютонның дене қозғалысы жөніндегі қорытындысы неге негізделген?

Жаңа сабақ.

Күш деп бір дененің екінші бір денеге механикалық әсерін сипаттайтын және осы әсердің өлшемі болатын векторлық физикалық шамасын айтады.
"Күш " деген терминнің денелерің өзара әсерлесуімен байланысты екенін және оның сандық мөлшері екенін есте ұстаған жөн. Ньютонның атымен Халықаралық бірліктер жүйесінде күштің өлшем бірлігі - ньютонмен өлшенеді.

Дененің массасы - оның инерттілігінің, яғни күштің әрекетінен белгілі бір үдеу алу қабілетінің сандық сипаттамасы болып табылады. Денелер жүйесінің массасы оны құрайтын денелердің массаларының қосындысына тең болады, яғни m = m 1 + m2 +……+m п.Өлшем бірлігі килограмм, грамм 1кг деп алынған. Денеге бірдей күш түсірілген жағдайда денелердің алатын үдеуі олардың массаларына кері пропорционал болатындығын байқаймыз . Яғни әрқашан а ~ 1/m болады. Дененің массасы неғұрлым үлкен болса , белгілі бір күш әрекетінен ол соғұрлым аз үдеу алады. Дененің үдеуі мен оған әрекет етуші күш арасында Ғ ~ а ( m= const кезінде ) және кез келген дененің үдеуімен оның массасының арасында а ~ 1/m ( Ғ= const болғандағы ) байланыс болса , онда механиканың іргелі заңдарының бірі Ньютонның екінші заңы былайша тұжырымдалады: Денеде туындайтын үдеу оған әрекет етуші күшке тура пропорционал, ал оның массасына кері пропорционал:


Сабақты бекіту:

1)Егер m 1 = m2 = 2кг , ал Ғ = 12Н болса , онда денелер қандай үдеумен қозғалады.

2)Массасы 1 кг денеге Жер қандай күшпен әсер ететінін есептеңдер

3)Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады?

4)60Н күш денеге 0,8 м/с 2 үдеу береді. Осы денеге қандай күш 2 м/с 2 үдеу бере алады?

а

0,4м\с 2

2км\с 2

0,1м\с 2

5см\с 2

m

8кг

200кг

10г

F

6мН

20Н

1 кН

5)Реактивті ұшақтың массасы 60т қозғалтқышының тарту күші 90 кН болса , ол екпін алғанда қандай үдеумен қозғалады ?



Үйге тапсырма: §11, §12. оқу. 10 -жаттығу (есептер шығару ).

Қорытынды.

Бағалау.







а

0,4м\с 2

2км\с 2

0,1м\с 2

5см\с 2

m

8кг

200кг

10г

F

6мН

20Н

1 кН



а

0,4м\с 2

2км\с 2

0,1м\с 2

5см\с 2

m

8кг

200кг

10г

F

6мН

20Н

1 кН





а

0,4м\с 2

2км\с 2

0,1м\с 2

5см\с 2

m

8кг

200кг

10г

F

6мН

20Н

1 кН



© 2010-2022