Физика пәнінен олимпиада есептері (7 сынып)

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Физика

7 сыныпФизика пәнінен олимпиада есептері (7 сынып)

Теориялық сайыс


  1. Ойыншық шелектің пішіні шын шелектің пішініндей, бірақ ойыншық шелектің биіктігі 4 есе кіші. Шын шелекті толтыру үшін ойыншық шелекпен қанша рет су құю керек?

  2. Суретке микроскоп арқылы алынған иненің суреті бейнеленген. 0 және 1 бөліктерінің арақашықтығы бір миллиметрге сәйкес келеді. Иненің сыртқы диаметрі d және ине қабырғасының қалыңдығы h неге тең?

Физика пәнінен олимпиада есептері (7 сынып)

  1. Суретте вертикаль қабырғалы өлшеуіш ыдыстың цилиндрлік денені салғанға дейінгі (а) және денені салғаннан кейінгі (в) фотосуреті көрсетілген. Егер ыдыстағы судың көлемі V0= 40 мл болса, онда жүктің көлемі V неге тең?

Физика пәнінен олимпиада есептері (7 сынып)

  1. Адам алақанымен домалақ қарындашты үстел үстімен домалатты. Егер алақанның ұзындығы 10 см болса, онда үстелге қатысты қарындаш қандай жол жүрді? Үстелмен салыстырғанда алақан қаншаға орын ауыстырды?

  2. А мекенінен түзу жолмен велосипедші жолға шықты. Ол 16 км жол жүргенде, оның артынан мотоциклші де жолға шықты. Мотоциклшінің жылдамдығы велосипедшінің жылдамдығынан 9 есе артық және ол велосипедшіні Б мекенінде қуып жетті. Екі мекеннің арақашықтығы неге тең?

Эксперименталдық сайыс

Құралдар: ұзындығы 15-20 см болатын жіп, миллиметрлік бөліктері бар сызғыш.

тапсырма1. Экспериментті сипаттау.

тапсырма 2. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижесін көрсету.


© 2010-2022