Конспект по физике Дене импульсі

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дене импульсі. Импульстің сақталу заңы. Реактивті қозғалыс.

М.Жұмабаев атындағы №9 жалпы орта мектебінің физика пән мұғалімі Божымбетова Тұмаркүл

Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Оқушыларға дене импульсі,импульстің сақталу заңы,реактивті қозғалыс туралы түсіндіру,формулаларын меңгерту,өз бетінше білімді қалыптастыруды жүзеге асыру шараларын ұйымдастыру.

2.Дамытушылық:Оқушылардын пәнге деген қызығушылығын арттыру,жеке тұлғаны,танымдық ой өрістерін,ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелілік: Алғырлыққа,жауапкершілікке,өз бетімен ізденуге,формулаларды дұрыс жаза білуге ықпал жасау.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Көрнекілік:Плакат,суреттер,шар.

Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

2.Алдынғы тарауды қорытындылау.

а) сыныпты 2 топқа бөліп сайысамыз

I-ші бөлім: Жұмбақтар

II-ші бөлім «Кім көп формула біледі?»

III-ші бөлім «Гүл сыйла»

IV-ші бөлім «Ия» немесе «Жоқ»

3.Жаңа сабақты баяндау.

4.Сабақты бекіту.

5.Сабақты қорытындылау.

6.Бағалау кезеңі.

Бірінші ұсынған ойынның түрі:»Физикалық жұмбақтар».

1.Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың, таңдайсың. ( Жол,путь,way )

2. Жылдамдықты өзгертеді,

Қозғалысты тездетеді.

Қарсы шықса қозғалысқа,

Тоқтарына кқз жетеді. ( Күш,сила,power )

3. Тар шеңберді айналып,

Тұр құдықта байланып.

Қаға берер таңдайды,

Әдетінен танбайды. ( сағат,час,clock)

4. Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды. ( масса,масса,mass )

2- ші бөлім: Плакатқа жазылған формулалардың ішінен дұрыс жазылғанын табады.

3- ші бөлім:2 топқа ортасына физикалық шама жазылған мысалы:F.V

Оқушылар гүлдің жапырағын салып ішіне формулалар жазады.

4- ші бөлім: «Ия» немесе «Жоқ»

1. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)

2.Желді күні асфальт тез кебеме? (ия)

3.Ньютонның 2 заңы бар (жоқ)

4.Үдеудің өлшем бірлігі м/с2 па (ия)

5.Күш E әріпімен белгіленеді (жоқ)

6. F=mgh Гук заңы ма? (жоқ)

7. Үйкеліс коэффициенті k әріпімен белгіленеді ма? (жоқ)

8.Жылдамдықтың өлшем бірлігі м/с па? (ия)

9.1кН 1000Н ға тең ба? (ия)

10.Заттың 5 күйі бар ма? (жоқ)

Сайысты қорытындылап бағаларын береміз.

Жаңа сабақты баяндау.

Денелердің механикалық қозғалысын сипаттайтын шамаларға дене импульсі жатады.

Дене импульсі - дене массасы мен жылдамдығының көбейтіндісіне тең физикалық шама:

P =mv

Өлшем бірлігі: кг*м/с

Уақыттың t аралығы ішінде F күшінің әрекеті салдарынан дене импульсі өзгереді, демек:

P = F t

P - дене импульсінің өзгерісі, F t күш импульсі деп аталады.

Өлшем бірлігі: Н*с

m1v1 + m2v2 = m1v1 + m2v2 немесе р1 + р2 = р1 + р2

Импульстің сақталу заңы былай оқылады: тұйық жүйеде өзара әрекеттесетін денелер импульстерінің векторлық қосындысы өзгеріссіз қалады (сақталады).

Реактивті қозғалыс импульстің сақталу заңының техникада табысты қолданылуына жарқын мысал бола алады.

Реактивті қозғалыс принципі бойынша: сегізаяқ, кальмар,медуза,теңіз құрт сияқты теңіз жәндіктері қозғалады.

Реактивті қозғалыс принципі сағатына бірнеше мыңдаған километр жылдамдықпен қозғалатын ұшақтарды,Жердің жасанды серіктерін, планетааралық саяхат жасайтын ғарыш зымырандарын мүмкіндік туғызады.

Ғарышқа алғаш қадам жасау белгілі ғалым К.Э.Циалковскийден басталады.Тұңғыш жасанды жер серігі біздің еліміздегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 1957 ж ұшырылған.1961 ж адамзаттың тұңғыш ғарышкері Ю.А.Гагарин ғарышқа қадам басты.Ғарышқа сапар шегі қайтқан қазақ ғарышкерлері Т.Әубакіров,Т.Мұсабаев,А.Айымбетов те бар.

Дененің бір бөлігі одан қандай да бір жылдамдықпен бқлініп шыққан кездегі қозғалысы реактивті қозғалыс деп аталады.

Қазіргі заманғы зымырандардың қозғалтқыштары отын түрлерін пайдалану бойынша сұйық және қатты отынды болып ажыратылады.Қатты отынды зымыранда оқ-дәрінің арнайы түрі,ал сұйық отынды зымыранда керосин,спирт,анилин,сұйық сутегі және жануды қамтамасыз ету үшін тоқтандырғыш ретінде оттегі,азот қышқылы және т.б қолданылады.

Сабақты бекіту: Есептер шығару.

1)Массасы 3 кг доңғалақ горизонталь бетпен сырғанаусыз 5м/с жылдамдықпен домалап келеді.Доңғалақтың импульсін табыңыз.

2) Рельсті бойлай 6 м/с жылдамдықпен жүгіріп келе жатқан массасы 60 кг адам рельсте тыныш тұрған 30 кг арбашаға секіріп мінді.Арбашаның рельспенен қандай жылдамдықпен қозғала бастайтынын табыңыз.

3) Зарядымен қоса есептегенде массасы 300 г болатын кішкене зымыран вертикаль жоғары қарай 140 м биіктікке көтерілді.Заряд лезде жанады деп есептеп, зымыранан бөлініп шығатын газ жылдамдығын есептеңдер.Зарядтың массасы 50 г.

Сабақты қорытындылау: Оқушылардың білім-білік дағдысының қалыптасуын бағалау.

Үйге тапсырма:12,13,14 тақырыптар.



© 2010-2022