Топтық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету

Тақырыбы:  «Топтық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету»   Мақсаты: Мұғалімдерді міндеті мен атқаратын қызметінің ережелерімен таныстыру,  педагогикалық шеберлігін арттыру, әдістемелік көмек беру. Сыныпта оқушылармен сабақ жүргізу барысында өзіндік шығармашылық жұмыс жүргізуге көмек көрсету.Топтық жұмыс құру,сыныпта ынтымақтастық атмосфераны құруға көмектесу,оқушыны еркін пікір айтуға дағдыландыру, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан  ойлауды дамыту, қызығушылықты ояту  (evocation); мағынаны ашу (realization of meaning), ой толғаныс (рефлексия)  (reflection)          Зерттеу жұмысының нысаны – сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру,                       шығармашылық ойлауын дамыту,  пәнге деген қызығушылығын арттыру.       Зерттеу жұмысының міндеттері:           -Мұғалімдер оқушыларға  сыни тұрғыда ойлауға үйрету дағдысын қалыптастыру; -пәнге деген қызығушылығын арттыруда жаңа технологияларды пайдалану; -оқушыларды ынталандырудың жолын, тәсілін қарастыру;       Зерттеген ғалымдар: Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Выготский, Пиаже, Д.Клустер, Джон Дьюи, Селестен Фринти, Паола Фриери, Бутенко А.В., Ходос Е.А. және  отандық ғалымдар.
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бейнеу ауданы

Үстірт орта мектебі




Топтық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету

Топтық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету


Топтық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету

Мұғалімдерге арналған әдістемелік көмек





Дайындаған:Шерипова Клара




Тақырыбы: «Топтық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету»

Мақсаты: Мұғалімдерді міндеті мен атқаратын қызметінің ережелерімен таныстыру, педагогикалық шеберлігін арттыру, әдістемелік көмек беру. Сыныпта оқушылармен сабақ жүргізу барысында өзіндік шығармашылық жұмыс жүргізуге көмек көрсету.Топтық жұмыс құру,сыныпта ынтымақтастық атмосфераны құруға көмектесу,оқушыны еркін пікір айтуға дағдыландыру, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, қызығушылықты ояту (evocation);

мағынаны ашу (realization of meaning), ой толғаныс (рефлексия) (reflection)

Зерттеу жұмысының нысаны - сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

-Мұғалімдер оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға үйрету дағдысын қалыптастыру;

-пәнге деген қызығушылығын арттыруда жаңа технологияларды пайдалану;

-оқушыларды ынталандырудың жолын, тәсілін қарастыру;

Зерттеген ғалымдар: Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Выготский, Пиаже, Д.Клустер, Джон Дьюи, Селестен Фринти, Паола Фриери, Бутенко А.В.,

Ходос Е.А. және отандық ғалымдар.

Міндеті:

1.Мұғалімдерді міндеттерімен атқаратын қызметінің мазмұнымен таныстыру.

2. Мұғалімдер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тақырыпты деңгейлеп жоспарлауға бағыттау.

3. Мұғалімдерді шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттау.

Түрі: Семинар-тренинг

Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг: «Шаттық шеңбер»

Мұғалімдерді ортаға шақырып шаттық шеңберін құру,өздерін бір-біріне таныстыру.Жақсы тілектер айту.

2.Топқа бөлу: Әр түсті кубиктер арқылы үш топқа бөлемін.Топ мүшелері топтың атын ,ережесін түзеді,

топ ұранын шығарады.

Топ мүшелері топтық жұмыстың негіз қалаушы ережелерін әзірлеуге қатысуы қажет.Топ мүшелеріне адамдармен

жұмыс істеу үшін оларды жақсы көру міндетті емес екендігін ескерту керек.Топтағы жұмысқа әрбір топ мүшесі

атсалысуға тиісті.Топтағы жұмыс түрлі көзқарастарға байланысты,өз пікірін,көзқарасын және өзінің пікірімен

қоса,әркімнің пікірі құнды екенін көрсету керек.

3.Бейне ролик көрсету.

Бейне ролик көрсету арқылы есте сақтау қабілетін дамыту,сыни тұрғыдан ой-жүгірту,танымдық көз-қарасты

дамыту,ақпараттық балама жауабын табу.

«Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамытуды сабақтарда қолданудың тиімділігі бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;

  • - өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

  • - бір-біріне құрметпен қарауға;

  • - өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

  • - өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

  • - мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

  • - достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

  • - белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.

  • Оқушы әрекеті:
    1. Өз ойын еркін жазу.
    2. Өзгені тыңдай білу және көмектесу.
    3. Бірлесе әрекет ету.
    4. Өз әрекетін талдау.
    5. Өз мақсатын анықтау.

4. Сергіту сәті. (Мұғалімдерге гимнастика жасату)

5. Физикадан тапсырмалар беру.

1-топқа: Жүргізуші автомобиль есептеуіші- нің көрсеткіші 500 км-ге артқанын көрді. Бұл нені білдіреді: автомобильдің жүрген жолы ма, әлде орын ауыстыру ма ?

Топтық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйретуТоптық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйретуТоптық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйретуТоптық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету

2- топқа:Автомобиль Сағыздан Миялыға дейінгі аралықты 2,5 сағатта жүріп өтті.Берілген шаманы секундпен өрнектеңдер.

3-топқа: Поезд бірқалыпты қозғалып,1сағатта 8 км жол жүрді. Поездың 2сағатта 20 км жол жүруі мүмкін бе?

4-топқа: Футбол ойынын бақылай отырып, шабуылшының ойын кезінде шамаман 15 км жүгіретіні анықталды.

Осы қашықтық орын ауыстыру ма, әлде жолдың ұзындығы ма ?

Тәжірибелік сайыс:

1-топқа: Ақ қағаз бен қара қағаздың бетіне күн сәулесі түседі.

Ақ бет неге салқын қалпында қалады, қара қағаз неліктен қызады?

Жаз айларында қандай түсті киім киген дұрыс болады?

2-топқа: Лазерлік компакт дискіге қарасаңыз, жеті түстің құбылып

ойнауын байқайсыз. Оның себебі неде?

3-топқа: Шалшық су бетіне тамған автокөлік майы су бетіне жайылып,

оған күн сәулесінің жарығы түскенде түстердің құбылып,

ойнау себебін түсіндіріңіз.

4-топқа: Суы бар стакан,мұз кесегі,жіп,шым-шым тұз.судың ішіндегі мұз кесегін

қолдың көмегінсіз осы нәрселер арқылы қалай шығарып алуға болады?


Тапсырманың жауаптары:

1.Ақ бет салқын қалпында қалатын себебі ол өзіне түскен барлық түсті жарықты шағылдырады. Жарық -электромагниттік толқын болғандықтан, ол өзімен бірге энергия тасымалдайды.

Ал қара қағаздың қызатын себебі, ол барлық түсті жарықты өзіне жұтады,

сол себепті өзіне энергия сіңіреді.

2.Себебі, компакт дискі өте жіңішке сызықтармен сызылған. Сызық және сызықтардың арасы дифракциялық тордағы мөлдір емес және мөлдір саңылаулар ролін атқарады да, дифракциялық тордағы сияқты, ақ жарық диск бетінде жеті түске жіктеледі.

3. Себебі, су бетіне жайылған май қабаты өте жұқа болады да, жұқа қабықшадағы интерференция құбылысын көресіз, қабықшаның үстіңгі және астыңғы қабатынан шағылған сәулелер қабаттасып, интерференцияланады.

6. Рефлекция

Мұғалімдер стикерге өз пікірлерін жазу,бүгінгі коучинг сабақтан алған әсерлерін жазу,келешекте қандай семинар сабақтарды жоспарлау



Топтық жұмысты құрастыру, сыни тұрғыдан ойлауды үйрету

© 2010-2022