Ашық сабақ Архимед күші

Раздел Физика
Класс 7 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

БҚО, Теректі ауданы,

Подстепное ауылы

лингвистикалық гимназия

«Үміт», физика пәні мұғалімі

Кабашева Гулсая Кадырбековна

Сабақтың тақырыбы: «Архимед күші»

Сабақтың мақсаты:

1.«Архимед күші» ұғымы туралы түсінік қалыптастыру, «архимед күші» қандай шамаларға байланысты екенін түсіну, тақырып бойынша есеп шығару.

2.Тәжірибелер арқылы қорытынды жасауға, дәлелдеуге үйрету және оның маңыздылығын айқындау;

3. құралдармен жұмыс жасау арқылы ұқыптылыққа баулу, алғырлыққа, тез ойлауға үйрету.

Көрнекіліктер: слайд, интерактивті тақта, Архимед шелегі, әр түрлі жүктер, суы бар ыдыс, динамометр;

Түрі: жаңа сабағы

Пәнаралық байланыс: биология, география пәні

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Кроссворд шешу»

  1. Қысым айырымын өлшеу үшін қолданылатын аспап

  2. Атмосфералық қысымды ашқан, зерттеген ғалым

  3. Серіппенің созылуы немесе сығылуы қандай әріппен белгіленеді

  4. Кілем қағу, балға саптау, адамның автобуста еріксіз алға, артқа ұмтылуы қай құбылыс

  5. Дененің тірекке немесе аспаға түсіретін күші

  6. Ауырлық күші 50Н-ға тең, дене массасы қандай? Тартылыс тұрақтысы 10Н/кг

  7. өлшем бірлігі Кг/м3 болатын физикалық шама

ІІІ. Жаңа сабақ.

Кішкентай тас суға батып кетеді, бірақ үлкен кемелер батпайды, ауыр денені ауадан көрі суда көтерген жеңіл екенін білесіңдер. Енді мынадай тәжірибе жасайық

1 тәжірибе: жүкті динамометрмен ауада, кейін суда өлшейміз. Суда салмағы кемиді.

Сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әсер етеді.

Р ауа - Р сұйық = Fығыст. (1 слайд)

2 слайд. Ол күш қалай пайда болады? слайд бойынша түсіндіріледі.

3 слайд. Ол мынадай шамаларға тәуелді болуы мүмкін:

  1. Дененің көлеміне

  2. Дененің тығыздығына

  3. Сұйықтың тығыздығына

  4. Сұйық бағанының биіктігіне

Тәжірибе арқылы тексерейік

2 тәжірибе: тығыздықтары бірдей әртүрлі жүктерді бірінші ауада, кейін суда өлшейміз. Кіші жүкті суға салғанда серіппенің созылуы көп өзгерген жоқ, демек бұл денеге аз ығыстырушы күш әсер етті деген сөз. Енді үлкен жүкті ілгенді серіппе көрінерліктеі сығылды, демек ығыстырушы күште үлкен.

Ашық сабақ Архимед күші

Қорытынды: сұйыққа батырылған дененің көлемі үлкен болған сайын, архимед күші де көп болады

3 тәжірибе: Ашық сабақ Архимед күшікөлемдері бірдей, бірақ әр түрлі материалдан жасалған екі дененінің ығыстырушы күштерін анықтаймыз. Олардың тығыздықтары әртүрлі деген сөз. Архимед күштері тең.

Қорытынды: ығыстырушы күш дененің тығыздығына тәуелді емес

4 тәжірибе: Ашық сабақ Архимед күшіжүкті іліп, жаймен су құямыз, динамометр өзгермейді, демек ығыстырушы күш те өзгермейді

Қорытынды: сұйыққа батырылған дененің үстіндегі сұйық бағанының биіктігіне тәуелді емес.

5 тәжірибе: Ашық сабақ Архимед күші әр түлі сұйықтарға батырамыз.

Қортынды: сұйықтың тығыздығы көп болған сайын денеге әсер ететін күш те көп болады.

Осыдан Ашық сабақ Архимед күші шығады.

6 тәжірибе: Ашық сабақ Архимед күшіАшық сабақ Архимед күшіАшық сабақ Архимед күші

Қорытынды: Fығыс. = Р. ығ.сұй.

АРХИМЕД ЗАҢЫ:

Сұйыққа батырылған денеге оның сұйыққа батқан бөлігі көлеміндегі сұйықтың салмағына тең ығыстырушы күш әсер етеді.

Бекіту. 1. Израиль шекарасында "өлі теңіз" орналасқан. Бір қызығы онда адамдар ешқашан батпайды. Неліктен?

2. Балықтар өздерінің ауа көпіршіктерінің көлемдерін өзгерту арқылы су түбіне және су бетіне дейін жүзе алады. Егер ауа көпіршігі кішірейсе не болады?

Қорытынды. 29-жаттығу

Үйге тапсырма: §44 оқу, жаттығу қалғаны



Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясы









Ашық сабақ

Тақырыбы: «Архимед күші»













Өткізген: физика пәнінің

мұғалімі Қабашева Г.Қ.















2014-2015 оқу жылы

© 2010-2022