• Преподавателю
  • Физика
  • «Физикадан эксперименттік есептер шығару» факультативтік курс бағдарламасы 8 сынып

«Физикадан эксперименттік есептер шығару» факультативтік курс бағдарламасы 8 сынып

Раздел Физика
Класс 8 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Бисарина Назира Базарбаевна

Алакөл ауданы,Қабанбай ауылы

«№3Қабанбай орта мектебі

мектеп жасына дейінгі шағын

орталығы бар» коммуналдық

мемлекеттік мекемесінің физика

пәнінің мұғалімі


«Физикадан эксперименттік есептер шығару» факультативтік курс бағдарламасы

Сыныбы : 8

Мақсаты: Физикаға қызығушылығы бар оқушыларға физика ғылымының негізгі әдістерімен /бақылау,өлшеу,есептеу/танысуға, өлшеу және басқада эксперименттік дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.Оқушылардың теориялық білімдерін дамыту, функционалдық сауаттылықтарын арттыру.

Міндеттері:

  • Оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық ізденістерін дамыту;

  • Өз беттерімен ізденуін, ынтасын дамытудағы табандылықтарын арттыру, мақсаттылыққа тәрбиелеу;

  • Физикалық заңдылықтардың өмірлік маңызы мен шынайлылығын оқушы санасына жеткізу;

  • Оқушыларға физикалық шаманы өлшеуді,өлшеу әдістері мен эксперименттік зерттеулермен таныстыру;

  • Өлшегіш құралдарды дұрыс қолдануға үйрету;

  • Эксперименттік зерттеулердің қорытындысын дұрыс талдауға,қорытынды жасауға үйрету.

Кіріспе.

Адамға күнделікті кездесетін өмірлік жағдаяттарды алған білімі мен тәжірибесіне сүйеніп, талдап шешуге тура келеді. Физикалық есептерді шешу,соның ішінде эксперименттік есептерді шығару-оқушылардың физикалық ой-өрісін дамытудың негізгі құралы. Оқушыларды эксперименттік есептерді шығаруға дағдыландыру, олардың алған теориялық білімдерін нақтылауда, жалпы физикалық заңдардың түрлі көрінісін көре білуінде үлкен роль атқарады.Эксперименттік есептер шешуде қолданылатын қарапайым зерттеулер,тәжірибе жасау мен бақылау- физикалық заңдылықтарды тереңірек талдап,физикалық құбылыстар мен процесстердің негізін түсінуге септігін тигізеді.Эксперименттік есептер шығаруды үйрету арқылы оқушыларды физикалық заңдарды терең меңгеруге, логикалық ойлауының дамуына,игерген білім негіздерін өзара байланыстырып қолдана білуіне, өлшегіш құралдармен жұмыс жасап, дұрыс,орынды қолдана білуге, тапқырлыққа тәрбиелеуге болады. Эксперименттік есептер оқушылардың физикалық құбылыстардың қыр-сырымен танысуға талпындырады, жалпы физика саласы бойынша білім шеңберін кеңейтеді,физика ғылымына деген қызығушылығы артады.

Күтілетін нәтижелер:

  • Эксперименттік есептердің басқа есеп түрлерінен айырмашылығын ажырата алады;

  • Эксперименттік есептердің шығару тәсілдерін үйренеді;

  • Есептің шартын түсіндіре біледі/қандай заңдылыққа негізделген/;

  • Есептің шығару жолын талдайды /ортақ жалпы заңдылықты қалай пайдалану керектігін анықтайды/

  • Физика пәнінің практикадағы қажеттілігін сезінеді;

  • Танымдық,шығармашылық қабілеті артады;

Курс 34 сағатқа есептелінген (аптасына 1 сағат).

Бағдарламаның мазмұны

1.Кіріспе /2 сағат/

І.1/ Физикалық шамалар,олардың өлшем бірліктері.Физикада эксперименттің маңызы туралы.Физикалық шамаларды өлшеу /тура және жанама өлшеу/ Өлшегіш құралдар, олардың өлшем шегі, бөлік құнын анықтау, қолдану тәсілдері.Құралдармен жұмыс жасаған кездегі қауіпсіздік ережелері.

ІІ.2. Жылулық құбылыстар/12 сағат/

1. Теориялық бөлім.Жылу берілу түрлері, жылулық тепе-теңдік,жылу мөлшерін есептеу, меншікті жылу сиымдылығы, балқу жылуы,отын энергиясы,температура,ішкі энергия туралы түсініқтерін дамыту.

Эксперименттік есептер /эксперименттік жұмыстар сыныпта орындалатындықтан 1 есеп 1 сабаққа жоспарланады/:

1/ Термометрдің өлшеу шегін, бөлік құнын, өлшеу қателігін анықтау,әр жағдайдағы температураны өлшеп үйрену.

2/Суды бастапқы температурасынан 700С қыздыру үшін жұмсалатын жылу мөлшерін есептеу /бөлме температурасындағы су, термометр, сиымдылығы белгісіз ыдыс, қыздырғыш пеш,таразы/

3/Судың булану жылуын есептеу. /бөлме температурасындағы су, термометр, сиымдылығы белгісіз ыдыс, қыздырғыш пеш,таразы/

4/ Суды қайнату арқылы жұмсалған отын массасын есептеу/суы бар ыдыс,таразы, термометр, спирт шамы,/

5/Мұздың балқуы мен судың қайнауын бақылай отырып , температураның уақытқа тәуелділік графигін салу /кесек мұз салынған ыдыс,термометр, уақыт,қыздырғыш құрал/

6/ Сынып бөлмесінің ылғалдылығын есептеу /психрометрлік кесте, термометр/

7/ Екі түрлі металл сымның жылу өткізгіштігін салыстыру /ұзындығы бірдей алюминий және темір өткізгіш сым ,балауыз,спирт шамы,сызғыш/

8/ Ас тұзының меншікті балқу жылуын есептеу /суы бар ыдыс, ас тұзы, таразы, термометр/

9/ 2 шыны түтік, резина түтік және сызғыш арқылы ауа қысымын есептеу .

10/ Таудың биіктігін суы бар ыдыс, термометр, қыздырғыш құрал арқылы есептеу.

11/ Ағаш үй мен кірпіш үйдің тиімділігін анықтау. Жылу өткізгіштігін салыстыру./көлемдері бірдей ағаш пен кірпіш үйді салыстыру, жылыту үшін жұмсалатын отындарды салыстыру/

ІІІ. Электр және жарық құбылыстары /17 сағат/

  1. Теориялық бөлім: Электр тогы, электр өлшегіш құрылғылар, жалғануы,электр тізбегін құру, электр тогын сипаттайтын шамалар,тізбек бөлігі үшін Ом заңы, Джоуль-Ленц заңы, токтың жұмысы,токтың қуаты туралы,жарықтың түзу сызық бойымен таралуын,линзаны қайталау,білімдерін дамыту.

Эксперименттік есептер

12/ Берілген электр шамының кедергісін есептеу /электр шамы, амперметр, вольтметр,өткізгіш сымдар, кілт, ток көзі/

13/ Үш электр шамын тізбектей және параллель жалғау арқылы жалпы кедергіні салыстыру / 3 электр шамы, амперметр, вольтметр,өткізгіш сымдар, кілт, ток көз/

14/ Ток күшінің кернеуге тәуелділігін график түрінде көрсету /амперметр, вольтметр, электр шамы, реостат,кілт, өткізгіш сымдар, ток көзі/

15/Реостат кедергісін есептеу / кедергісі белгілі резистор,ток көзі,вольтметр, реостат, өткізгіш сымдар/

16/ 200 г суды қайнатқандағы электр тогының жұмысын және электр шығынын есептеу /қыздырғыш құрал, суы бар ыдыс, сағат/

17/Мыс және алюминий өткізгіштердің кедергісін анықтау,салыстыру. /ұзындықтары бірдей өткізгіш сым, сызғыш, карандаш/

18/ Параллель, тізбектей және аралас жалғау арқылы 3 қалта фонарының ток күшін, кернеу және кедергілерін,жалпы кедергілерін есептеу / шам, өткізгіш сымдар, амперметр, вольтметр, кілт, ток көзі/

19/ Амперметр және вольтметр көмегімен бөлме температурасын есептеу /мыс сым орамы, амперметр, вольтметр, ток көзі,/

20/ Амперметр мен вольтметр көмегі арқылы сынып бөлмесінің биіктігін есептеу /сынып бөлмесінің биіктігіне тең мыс сым, амперметр, вольтметр, өткізгіш сымдар, кілт/

21/Электр шәйнегінің 1рет су қайнатқандағы электр шығынын,құнын және 1 айдағы электр шығыны мен құнын есептеу.

22/ Сым ораманың ұзындығын қысқарту арқылы қуаттың өзгерісін есептеп салыстыру /сым орама, өлшегіш құралдар, ток көзі,кілт,жалғағыш сым өткізгіштер/

23 / Сызғыштың көмегімен ағаш биіктігін есептеу./көлеңкені пайдалану арқылы/

24/ Көзілдірік линзасының фокус аралығын есептеу.

25/ Жинағыш линзаның көмегімен нәрсенің үш есе үлкейтілген кескінін алу .

ІІІ. Қорытынды /3 сағат/

1/ Қорытынды талдау.

2/ Оқушылардың өзіне 8 сынып бағдарламасы бойынша эксперименттік есептер құрастыру, талдау, қорғау.

3/ Қорытынды сабақ

Қолданылған әдебиеттер:

1.В.Н. Ланге «Экспериментальные физические задачи на смекалку»-1979 ж «Наука»баспасы

2.И.Ш.Слободецкий,В.А.Орлов «Всесоюзные олимпиады по физике»-1982ж «Просвещение» баспасы

3. В.И.Лукашик «Физическая олимпиада» 1976 ж. «Просвещение» баспасы

4. Б.М.Дүйсембаев, Г.З. Байжасарова, А.А.Медетбекова «Физика және астрономия» 8 сынып оқулығы

5.Л.А.Горев «Занимательные опыты по физике»-1977ж. «Просвещение» баспасы

© 2010-2022