Анасын табуға көмектес

Білім беру саласы: Қатынас Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет Тақырыбы: «Анасын табуға көмектес» дидактикалық ойын. Мақсаты: Балаларға төрт түлік туралы кеңінен түсінік беру, жануарға деген сүйіспеншілікке, татулыққа, бауырмал болып өсуге баулу. Көрнекілік: Бес түліктің суреттері, бейнетаспа, жапсыруға арналған суреттер. Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой-қозғау. Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Баланың іс-әрекеті Ұйымдастыру, оятушылық                       Ізденушілік                                                                                                                       Рефлекция   Қорытынды Балалар, бүгін күн ерекше екен. Бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.   Бүгін күнде бізге ере...   Күтілетін нәтиже: Білуі: үй жануарларын білу. Меңгеруі: Көреді, біледі, бірін-бірінен айыра алады. Орындалуы: Анасын табуға көмектес.
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Анасын табуға көмектес» дидактикалық ойын.

Мақсаты:

Балаларға төрт түлік туралы кеңінен түсінік беру, жануарға деген сүйіспеншілікке, татулыққа, бауырмал болып өсуге баулу.

Көрнекілік: Бес түліктің суреттері, бейнетаспа, жапсыруға арналған суреттер.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ой-қозғау.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Баланың іс-әрекеті

Ұйымдастыру, оятушылық





Ізденушілік





























Рефлекция

Қорытынды

Балалар, бүгін күн ерекше екен. Бүгін бізге көп қонақтар келіпті. Олай болса, қонақтармен сәлемдесейік.

Бүгін күнде бізге ерекше шуағын шашып, жылулық беріп тұр екен. Шаттық шеңберге шақырады.

Армысың алтын күн,

Армысың апайлар

Армысың достарым

Сендерменнен қуанам

-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінің қай айы?

Балалар, бүгін бізде ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіміз «Көркем әдебиет».

Тақтаға үй-жануарларының суретін іледі.

-Балалар, суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Жарайсыңдар балалар, бұл үй жануарлары.

Үй жануарлары жайлы әңгімелеп береді.

Балалар, осы үй жануарлары жайлы мақал-мәтелдер өте көп екен. Мысалы:

Жақсы ат жанға серік

Жақсы ит малға серік

-Балалар, үй жануарлары жайлы сендер қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?





Жарайсыңдар балалар!

Сендер өте жақсы мақал-мәтелдер біледі екенсіңдер.

Сергіту сәті:

Қане балалар, тұрайық

Мойнымызды оңды-солды бұрайық

Қомданып қанатыңмен ұша ғой

Қайта оралып анашымды құша ғой

Балалар, біз қазір «Даусынан таны» деген дидактикалық ойнаймыз.

Үн таспадан үй жануарларының даусын тыңдатады және атап айтып береді.





Дидактикалық ойын: «Анасын табуға көмектес»

Қазір мен үй жануарларының суретін ілемін. Сендер соның төлін табуға көмектесіңдер. Түйе - бота, сиыр - бұзау, жылқы-құлын, қой-қозы, ешкі-лақ.

Баланы ойындағы ынтасын бақылау.

Балалар, бүгін не жайлы айтып үйрендік?

Ойын ұнады ма?

Ойын қалай аталады?

Сендер ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне өте жақсы қатыстыңдар. Үй жануарларында олар жайлы мақал-мәтелдерді де және дауыстарында өте жақсы таниды екенсіңдер, сендерге үлкен рахмет!

Енді балалар, апайлармен қоштасайық.

Келген қонақтармен амандасады. Сәлеметсіздер ме апайлар!



Шаттық шеңберін жасайды.

-Көктем

-Мамыр

Суреттерді көреді.

Түйе, сиыр, жылқы, қой, ешкі

Балалар, тыңдайды.



Нұрсила:

Құтты қонақ қонса,

Қой егіз табады.

Жанерке:

Түйе байлық,

Жылқы мырзалық

Кәусар:

Ер қанаты ат

Нұрасыл:

Түлік төлден туады.



Қимылмен көрсетеді.



Түйенің даусы

Бө-бө-бө

Сиырдың даусы

Мө-мө-мө

Жылқының даусы

Иһа-иһа-иһа

Қойдың даусы

Мә-мә-мә

Ешкінің даусы

Ми-ми-ми



Бота, бұзау, құлын, қозы, лақ

Үй жануарлары

Ұнады

Анасын табуға көмектес



Сау болыңыздар апайлар!

Күтілетін нәтиже:

Білуі: үй жануарларын білу.

Меңгеруі: Көреді, біледі, бірін-бірінен айыра алады.

Орындалуы: Анасын табуға көмектес.








© 2010-2022