Обобшение педагогического опыта учителя физики

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Обобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физики

Қазақстан Республикасының «Орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасы: «Әрбір баланың жеке тұлғалық қасиеттерін ашу, оның мүмкіншілігін, өмірдегі мәнін көрсету арқылы білімге тереңірек ұмтылуына, сондай-ақ ізденісіне, бейімділігіне көмек беру, жағдай туғызу және оған өмір сүру үшін жаңа рухани күш беру- білім берудің түпкілікті мақсаты»


«... Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет»



«Мектептің тірегі де, тіреуі де - оқыта білетін мұғалім»

Ахмет Байтұрсынов







Обобшение педагогического опыта учителя физики

Аты-жөні: Калеева Үміт Ахметқызы

Туған жылы: 28. 05. 1957 ж.

Білімі: жоғары, 1979 ж., Сейфуллин атындағы педагогикалық институт

Санаты: бірінші санатты (2010 жыл)

Педагогикалық өтілі: 22 жыл.

Тақырыбы: «Ұжымдық әдіс технологиясының элементін қолдану арқылы физика сабағында оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру»

Білім көтеруі:

1.«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» (2013 ж)

Тақырыбы: «Физика сабағында оқушылардың білімін сыни тұрғыда бағалау»



2010 2011 оқу жылы - Баяндама «Оқушылардың физика сабағында танымдық қызметін арттыру», тамыз конференциясында

2011-2012 оқу жылы - Баяндама «Физика сабағында оқушылардың шығармашфылық іс -әрекетін дамыту», мектепішілік әдістемелік бірлестігі.

2012-2013 оқу жылы - Ашық сабақ «Механикалық тербелістер мен тоқындар», қалалық директорлар семинары

2012-2013 оқу жылы - ІІІ Халықаралық әулеметтік - педагогикалық инновациялар Жәрмеңкесі(сертификат)

2012- 2013 оқу жылы - Қолданбалы курс « Физикадан есептер шығару әдістемесі» облыстық сайыс







Обобшение педагогического опыта учителя физики


Обобшение педагогического опыта учителя физики


Обобшение педагогического опыта учителя физики


Аннотация

Өзімнің іс - тәжірибемде топтық жұмыс оқушылар арасында әулеметтік өзара қарым -қатынасты, тиімді араласу және проблемелерды шешу дағдыларын дамытуға ықпал ететіндігін көрсету. Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда топтық жұмыстың тиімділігін қарастыру, соған сәйкес сабақ жоспарын құру. Ол үшін оқу үдерісінің мына түрлерін қолдану:


  • сұрақ - жауап әдісі

  • сызба түрі

  • тест әдісі

  • көрнекілік әдіс

  • өздігінен іздену әдісі

  • топтық әдіс

  • интерактивті тақтамен жұмыс

  • деңгейлік тапсырма арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.












№2 Ақсу орта мектебінің әдістемелік кабинеті ұсынады.



Степногорск қаласының №2 Ақсу орта мектебінің физика пәнінің бірінші санатты мұғалімі Калеева Үміт Ахметқызының: «Ұжымдық әдіс технологиясының элементін қолдану арқылы физика сабағында оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру» тақырыбы бойынша

іс - тәжірибесін жинақтап қорыту жұмысына

Рецензия

Іс - тәжірибені жинақтап қорыту кітапшасында физика пәнінің мұғалімдеріне сабақтарда оқушылардың оқытудың топтық әдісінің технологиясын қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыс түрлері ұсынылады.

Кіріспе бөлімінде автор тақырыпты толық түсіндіре білген.. Топтық әдіс технологиясын қолданудың тиімділігі- сабақта оқушының айқын ашылмаған қабілеттері ашылады және есеп шығар алмаймын деген оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырады, шығармашылық қабілеттері дамиды.

Жинақтау кітапшасында оқытудың жаңа технологиясы -топтық әдісін қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру мақсатында

таратпалар, суреттер, практикалық жұмыстар түрлері бар. Сонымен біргежеке жұмыс, жұппен жұмыс жасау алынған. Таратпалар 7 сыныптың оқулығына сәйкес құрастырылған.

Пікір жазған: №2 Ақсу орта мектебінің әдіскері Цейтва О.Л.


Мазмұны беттер

І. Кіріспе ...................................................................................................9

ІІ. Практикалық бөлім...............................................................................13-34

1. Тақырыпты өзара ауыстыру әдісі бойынша

жұппен жұмыс жасаудың жоспары ........................................................13

2 Жеке берілген тапсырмалардыөзара тексеру әдісі бойынша

жұппен жұмыс жоспары...........................................................................14

3. Тақырыпты өзара ауыстыру. 7 сынып. Кіріспе..................................15-18

4. Таратпа - тапсырмалар.........................................................................19-25

5. Ашық сабақ «Механикалық тербелістер және толқындар»..............26-34

ІІІ. Қорытынды...........................................................................................35-36

IV. Пайдалынған әдебиеттер.....................................................................37















«Ұжымдық әдіс технологиясының

элементін қолдану арқылы физика сабағында

оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру»



Обобшение педагогического опыта учителя физики









Кіріспе

Оқушыны жұмыс істеуге үйрет, ...

өзі жеке ойлансын,ізденсін,

өзін өзі көрсетсін,

тыныштықтағы күшін дамытсын,

өзінен мықты адамды қалыптастырсын

А. Дистервег.

Оқытудың 7 модулін қолдана отырып,оның ішінднгі оқытуда жаңа әдіс - тәсілдердің бірі - топтық жұмыстарды қолдану арқылы оқушыларды бітімге, келісімге қол жеткізуге үйрету.

Топтық жұмыс әдісінің элементін қолдана отырып оқушыларға жаңа тақарапты игерту; оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру.

Егер А.Байтұрсыновтың сөзіндегі оқытудың бір жағы - оқу құралы дегендей: жаңа дидактикалық материалдар жасалса (мұғалім арқылы), топтық оқыту технологиясын тиімді қолданса, оқу материалдарының арасындағы логикалық байланыстар ашылып көрсетілсе, онда оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, материалдарды нәтижелі әрі тиімді меңгереді, логикалық ойлау қабілеті артады, білім сапасының деңгейі артады.

Сондықтан сабағымда мына әдістерді қолданамын:


  • салыстыру әдісі;

  • тірек -сызба;

  • бақылау әдісі;

  • сұрақ- жауап;

  • тестілеу; т.б.;

  • әр түрлі деңгейлік; тақырып пен тапсырмаларды қолдану.

Оқу қызметінің ұйымдастыру түрлері: жеке, жұппен, топпен.

Топтық жұмыс оқушылар арасында әулеметтік өзара қарым қатынасты, тиімді араласу және проблемелерды шешу дағдыларын дамытуға итермелейді. Бір -біріне сұрақтар қоя біледі. Ең бастысы топта оқушы оқшауланып қалмайды. Бір -бірін қолдайды, топтық рух мадақталады. Топпен жұмыс жасағанда, тыңдау, келіспеушілікті құрметпен білідіру қабілеттеріне аударылады. Нәтижесінде өз ойы бар оқуға қабілетті тұлға қалыптасады. Тұйық оқушылар ашыла бастайды. Үлгерімі төмен оқушылар қысылмай өз ойларын ашық айтатын болады. Топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.

Топтық технология - сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.

Топтық технологияны қолданғанда оқушыларды топқа бөлу, топтық тапсырма беру, жеке, жұппен жұмыстар істелінеді. Ол үшін сабақты тақырыптарды блок түрінде беріледі. Ол уақытты үнемдеуге, дарынды және үлгере алмайтын балармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Осылай әр сабаққа жеке дайындық оқушылар өдерінің дайындық деңгейін анықтауға, бағалау кезінде артық толғаныс тудырмауға жағдай жасалады.

Электрондық оқулықты қолдану, комьютермен жұмыс жасау, тақырып соңында тестілеу оқушыда пәнге деген қызыушылығын арттырады.

Педагогикалық үдерісте бастысы оқу материалын жақсы түсіндіру ғана емес, сонымен бірге оны жақсы бекіту. Оқушылардың тақырып бойынша білімдерін жақсы бекітудің бір түрі қайталау. Қайталау түрі және мазмұны бойынша әртүрлі. Қайталау белсендірілмеген және берсендірілген, қосымша және арнайы болады.

Өзімнің тәжірибемде оқу жылының аяғында 7-8 сынып оқушыларымен қайталау сабақтарында оқытудың топтық әдісін (ОТӘ) қолданамын. Материалды қайталау сабақтары бұл сыныптарда оқушылардың топтық қызметінің негізінде жүзеге асырылады. Топтық жұмыстың тиімділігі сабақта команда жұмысының атмосферасын қолдана отырып, әр оқушының мүмкіндігін ашу. Ғалымдардың айтуынша топтық оқу қызметінде топтық әсер туады, яғни әр оқушы мүкідігін арттырады.

Топқа бөлгенде мұғалім әр деңгейлік білімдері бар оқушылар бір топта болғанын қарау керек және үлгерімі нашар оқушы басқаларды пайдалануға немесе сыртта елеусіз қалуға тиісті болмауы керек. Топқа бөлу кезінде сыныптағы жеке қарым қатынастары да есепке алынғаны дұрыс. Топтық жұмыста әр уақытта шу болады, себебі топ мүшелері өзара ой алмасуы қажет. Топ басшысы - үлгеретін оқушу болуға тиіс, сондықтан ол жолдастарына тақырып бойынша кеңес беріп қоймайды, олардың жұмыстарын бағалайды. Топта алған және мұғаліммен бекітілген баға топ мүшелерінің әрқайсысын жауапкешілікке тәрбиелейді.

Осылай құрастырылған сабақ: біреулеріне физика пәні бойынша қорытынды бағасын жоғарлатуға екіншісіне топта өзін өзі көрсете алуға, үшіншілерін өздерінің педагогикалық қабілеттерін көсетуге тырысады.





Ұжымдық әдіс технологиясының

элементін қолдану:



Ойлау, есте сақтау қабілеті



Шығарма-шылық

Оқушының қабылдауы






Құралдарды дұрыс қолдана білу

Қызығушылық тудыру





Сабақтың тиімділігін арттырады






Ой өрісі кеңейеді



Оқуға ынтасы артады

Іскерлігі дамиды




Оқушы

Белсенділігі артады

Ұйымшылдыққа тәрбиеленеді




Шығармашылық қабілеті дамиды

Шапшаңдылыққа тәрбиеленеді



Пәнге қызығушылығы артады


«Ұжымдық әдіс технологиясының

элементін қолдану арқылы физика сабағында

оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру»


Оқушылар оқулықпен

және бақылау анықтамалармен мына

сызбамен жұмыс істейді:

Оқу мақсаты

нақтылау

өңдеу

инрмации.

Ізденіс

иормации.


Обобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физики

құру

алгоритмі

Проблеманы шешу

Жекешілік тапсырма.

Алгоритмді

нақтылау

.



Оқытудың құрылымы

Пробемалық жағдай тудыру

Құрылуы

алгоритма.

Сараптау

Жауаптың үлгісі

Проблеманы талдауМұғалімнің қызметі Оқушының қызметі



алгоритмді қолдану, шешуін түсіндіру





1. Тақырыпты өзара ауыстыру әдісі бойынша

жұппен жұмыс жасаудың жоспары. (ТӨА)

1. Тақырыпты оқушы өздігінен оқиды.

- Тақырыптың атын дәптерге жаз.

- Бірінші абзацын оқы, оған тақырыпта да дәптерге жаз.

- Осы абзацқа келетін бірінші топтың тапсырмасын орында.

- Екінші абзацты оқыда, оны тақырыпта және дәптерге жаз. Осыған сай тапсырманы орында, т.с.с.

- Тақырыпты түгел қамтитын екінші топтың тапсырмасын орында.

- Тақырыпты мұғалімге тапсыр.

2. Жұппен жұмыс.

- Жолдасыңа жоспарыңның бірінші пунктісінің мазмұны мен мәнін қалпына келтіру

- Жолдасыңа осы пунктінің қиын жерлерін түсіндір.

- Жодасыңа бірінші пунктінің мазмұнын түсінуге тиісті сұрақ қой.

-Осы пунктінің сәйкес бірінші топтың тапсырмасын орындауды ұсын.

- Жолдасыңа бірінші пунктінің тақырыпшасын жазуды сұра.

- Жолдасыңа жоспарыңның екінші пунктінің мазмұны мен мәнін, жоспарын қалпына келтір, қиын жерлерін түсіндір.

Жолдасыңның бірінші топ тапсырмаларын орындалу деңгейін тексер. Тақырыпшаны жолдасыңның дәптеріне жаз. Т.с.с.

- Ролдеріңді ауыстыр. Енді жолдасың өз тақырыбын саған оқытады.

- Екінші топтың тапсырмаларымен ауыстыр. Оны өз беттеріңмен орындаңдар.

-Екінші топтың тапсырмаларының дұрыстығын өзара тексеріңдер.- бір бірлеріңе алғыстарыңды білдіріңдер.

3. Жолдастарын ауыстыру.

- Қажеттілігінше тақырып бойынша алған тапсырмаларды ауыстырып отырыңдар. ( п. 1 қара). Тақырыпты өз беттеріңмен оқыңдар. ( п. 2).





2. Жеке берілген тапсырмаларды

өзара тексеру әдісі бойынша

жұппен жұмыс жоспары.


1. Өз таратпаларыңдағы тапсырмаларды өздерің орындаңдар.

2. Бірінші таратпаның тапсырмасын тексеру үшін өзіңе жлдас ізде.

3. Жұппен жұмыс.

- Жолдасыңабірінші тапсырманың орындалу тәртібін қалпына келтір.

- Сен орындаған тапсырманың орындалуы туралы ойын тыңда.

Оның сұрақтарын мұқият тыңда, қателеріңді түзет.

- Жолдасыңды тыңда. Оның тапсырма орындау әрекетін тексер. Қателері туралы сұрақ қой. Оны түзетуді сұра.

- Бірігіп істегендерің үшін бір бірлеріңе алғыстарыңды білдіріңдер. .

3. Келесі тапсырманы тексеру үшін тағы жолдас ізде де 3 пункт бойынша жұмыс жаса 4. Әр оқушылармен жұмыс істеп болған соң, басқа таратпадағы тапсырманы орында. Оны 1- пунктеріне сәйкес жаса.









«Ұжымдық әдіс технологиясының

элементін қолдану арқылы физика сабағында

оқушылардың есеп шығару дағдысын қалыптастыру»


Обобшение педагогического опыта учителя физики

Оқушылар топтасып жұмыс жасайды, жұппен және жолдасымен тақырыптарын өзара ауыстыру, өзара тексеру элементтерін қолданады.

Жұппен жұмыс жасағанда әр тарауға жеке таратпалар дайындалады.




3. Тақырыпты өзара ауыстыру. 7 сынып. Кіріспе.

ТӨА - 1 кіріспе

Атауы

Белгіленуі

Еселік

Еселіктің аталуы

мега

М

1 000 000=106

миллион

кило

к

1 000=103

мың

деци

д

0,1=10-1

Бір ондық

санти

с

0,01=10-2

Жүзден бір

милли

м

0,001=10-3

Мыңдық

микро

мк

0,000001=10-6

Бір миллоиндық

Ұзындықтың өлшем бірілігіндегі қатынас

Мысалы :1) см -ді м өрнекте.

1 см=0,01м, 15см=150,01м=0,15м.

2) км -ді м өрнекте.

1 км=1000м, 14км=141000м=14000м

3) дм -ді м өрнекте.

1дм=0,1м, 13дм=130,1м=1,3м.

 : 1,8см=…м; 0,5км=…м; 4,2дм=…м.

Екінші топтың жұмысы:

 өрнекте:

0,01м=…дм=…см=…мм

250мм=…см=…дм=…м=…км

Кіріспе

Аспаптың бөліктік құнын анықтау

Физика - экспериментті ғылым. Экспериментжасағанда оны дұрыс қолдана білу керек және көрсеткіштерді дұрыс алу керек. Ол үшін аспаптың бөліктік құнын білу қажет.

Ол үшін шкаладағы екі жақын санда алып үлкенінен кішісі алып, айырмасын сол сандардың арасындағы бөліктер санына бөлу керек.

Мысалы :

Обобшение педагогического опыта учителя физики

Өлшеуіш лентаның бөліктік құнын анықтау үшін жақын жатқан 3- 2 санын аламыз. Олардың айырмасын солардың арасындағы бөліктер саны -10 бөлеміз:

Обобшение педагогического опыта учителя физики0,1(см)=1мм.


  • Рулетканың бөлікті құнын есепте

Обобшение педагогического опыта учителя физики

Аспаптың ең үлкен қателігі деп сол сапаптың бөліктік құнын екіге бөлгенге тең шаманы айтады. Оны аспап қателігі дейді.

Аспап қателігін табыңдар:

Обобшение педагогического опыта учителя физикиа) сызғыштың;

б)рулетканың;

в) мензурканың

ІІ топ сұрақтары:

Суретегі термометрлердің жоғары және төменгі өлшеу шектіліктерін, бөліктік құнын, аспатық қателігін анықтаңдар.

Аспаптардың көрсеткіштерін аспап қателігін есепке ала отырып жазыңдар.

Обобшение педагогического опыта учителя физики

Термометрлер түрлері:

а) зертханалық; б) су; в) бөлме; г) дала; д) медициналық.

Кестені толтыр:

Термометр түрлері

Төменгі және жоғары өлшеу шектілігі

Бөліктік құны

Аспаптық қателік

Термометркөрсеткіші

зертханалық


судық


бөлмелік


даланың


Медициналық



4. 7 сыныпта физика курсын қайталауға 5 нұсқалық 6 дидактикалық таратпа - тапсырмалар .

Әр таратпа - бір тақырыптың тапсырмасы.

№1 таратпа. Заттың құрылысы.

№2 таратпа. Заттың тығыздығы.

№3 таратпа. Күштің түрлері.

№4 таратпа. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

№5 таратпа. Қысымды атбиғатта, техникада, тұрмыста қоладну.

№6 таратпа. Жұмыс. Қуат. Энергия.

№1 таратпа. Заттың құрылысы.

1 нұсқа.

Орындалу тәртібі.

1. §5-§ 10 мәтіндерінің ішінен заттың құрылысы туралы молкулалық-кинетикалық теорияның негізіг үш қағидасын жаз.

2. Есіңе түсір және қандай бақылаулар және тәжірибелердің негізінде дәлелденген.

3. Кестені дәптеріңе сал және көрсетілгендердің қайсыс заттың қай күйін сипаттайтыны «+» таңбасын қою арқылы көрсет.


Заттың қасиеті

Заттың күйі

қатты

сұйық

газтәрізді

Пішінін сақтайды

Көлемін сақтайды

Өзі тұрған ыдыстың пішіні алады

Берілген көлемді түгел алады

4. Сұрақтарға жауап бер:

a. Қатты, сұйық, газ тәрізді заттарда молекулалардың(атомдардың) орналасу айырмашылығы қандай?

b. Қатты денелердің молекулаларының (атомдарының)қозғалысы сұйық және газдардың молекулалары (атомдарының) қозғалысынан айырмашылығы қандай?

3,4 сұрақтарға жауап бере алмасаң §9,10 қайтала

Жұмыстың бұл бөлігін топ басшысы тексереді.

5. Сапалы есепті шығар.

  • Бұршақ өсу үшін, оны судың қайсысына - ыстығына немесе суығына салып қою керек.

  • Темекі шеккен оқушыға, оның темекі шеккенін білмеуіне қандай құбылыс бөгет бола алады?

Мына заттардың қайсысы: сүт, оттегі, сынап, әтір, бензин, балауыз, су буы, сода, көмір -бөлме температурасында қандай күйде болады?

Жұмыстың бұл бөлігін мұғалім тексереді тексереді.

№2 таратпа. Заттың тығыздығы.

2 нұсқа.

Орындалу тәртібі.

1. Суретке қарап таразыда өлшеу ережесін тұжырымда: <сурет 1>

Обобшение педагогического опыта учителя физики

2.Массаны белгілейтін әріпті және оның негізігі өлшем бірлігін жаз.

(егер сұраққа жауап беру қиын болса параграфты тауып оқы.)

3. Суретке қарап қатты дененің көлемін анықтау әдісін айт.<суретк 2>

Обобшение педагогического опыта учителя физики

4. Көлемді белгілеуді және оның негізгі өлшем бірлігін жаз.

(егер сұраққа жауап беру қиыні болса параграфты тауып оқы.)

5. Тығыздық дегеніміз не? (анықтамасы, формуласы, негізгі өлшем бірлігі.)

6. Заттардың тығыздық кесетесін пайдаланып, мына сұрақтарға жауап бер:

А) 1 м3 сынаптыңкеросиннің, эфирдің, мұнайдың массалары неге тең?

Б) Суретке қара <сурет 3> плиткалардың өлшем бірлігі бірдей. Қайсысының массасы көп? Қайсысыныкі аз?

Обобшение педагогического опыта учителя физики

В) Суретте <сурет4> екі мензурка берілген. біреуінде спирт, екіншісінде - су. №2 мензуркада қандай сұйық бар?

Обобшение педагогического опыта учителя физики

Жұмыстың 1-6 бөлігін топ басшысы тексереді.

7. Пенопластының тығынға қарағанда тығыз екенін дәлелде. егер 3м3 пенопластың массасы 600 кг, 1,5 м3 көлемді тығынның массасы - 360 кг.

8. Практикалық жұмыс: берілген дене жасалған заттың тығыздығын анықта.

Жұмыстың бұл мұғалім тексереді.

№3 таратпа. Күштің түрлері.

3 нұсқа.

Орындалу тәртібі.

Бұл таратпаны орындау үшін, §§25- 32 қайтала.

Кестені дәптеріңе салып алда, толыр.

анықтама

Белгіленуі, өлшем бірлігі

Графиктік көрініс

формуласы

ерекшеліктері

Ауырлық күші

Серпімділік күші

Салмақ

Үйкеліс күші

Архимед күші

2. Тапсырманы орында:

а) дененің қандай да бір нүктесіне әрекет ететін екі күштің шамасы модулі бойынша 10Н және 40Н. Неліктен олардың теңәрекетті күші 50Н немесе 30Н болуы екенін түсіндіріңдер. Екі жағдай үшін олардың суретін салыңдар.

б) суретке қара. <сурет 5>. Динамометрдің көрсетулері дұрыс па?

Обобшение педагогического опыта учителя физики

б) Есепте: Суға толық батырылғанда 0,8 м3 суды ығыстырып шығарған гранит тасқа әрекет ететін кері итеруші күшті анықта.

1-3 тарсырмаларды топ басшысы тексереді.

4. Практикалық жұмысты орында:

а) білеушенің салмағын, ауырлық күшінт анықта.

б) үстел бетіндегі білеушенің сырғанау үйкеліс күшінт анықта.

в) судағы білеушеге әрекет ететін кері итеруші күшті өлше.

Практикалық жұмысты мұғалім тексереді.

№4 таратпа. Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі.

4 нұсқа

Жұмыстың орындалуы.

Сұрақтарға жауап бер:

А) қысым дегеніміз не?

Б) қысымның қандай өлшем бірліктерін білесің?

В) қатты денелердің және сұйықтардың қысымын есептейтін формулалар№

Г) қатты дененің неге тәуелді? Сұйықтың қысымы неге тәуелді?

Жұмыстың бұл бөлігін топ басшысы тексереді.

Есепті шығар:

А) массасы 50кг шаңғышының қарға түсірген қысымын анықта. Шаңғының ауданы 2000 см2

Б) Неліктен сүңгіуір қайықтар бомбы олардан алыс сыртта жарылсада куйзеліске ұшырайды? Почему подводные лодки иногда страдали от взрыва глубинных бомб даже тогда, когда бомба взрывалась в стороне от лодки?

В)Сүңгуірші скафандрда 250 м тереңдікке түсе алады. Осы тереңдіктегі судың қысымы қандай?

Бұл есепті мұғалім тексереді.

№5 таратпа. Қысымды атбиғатта, техникада, тұрмыста қоладну.

5 нұсқа.

Жұмыстың орындалуы.

1. §35,40 қайтала және 16 тапсырманы қара. Аспап пен тежегіштің құрылысы және жұмыс істеу принципі туралы топ басшысына айтып бер. <сурет 6> және <сурет7>.

Обобшение педагогического опыта учителя физики

Обобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физики

2. Қатты дененің қысымын тұрмыста, техникада, табиғатта пайдалану туралы әңгіме жаз және оны мұғалімге оқып бер.

№6 таратпа. Жұмыс. Қуат. Энергия.

1 нұсқа.

Жұмыстың орындалуы.

1. Жұмыс дегеніміз не? Қуат дегеніміз не?

2. физикалық шамалар үшін формулаларды жаз және олардың өлшем бірліктерін көрсет.

3. есепті шығар: Жас турист салмағы 100Н дорбақабымен 25 с-та 12 м биіктікке көтерілді. Дорбақапты көтеру үшін турис қанша қуат өндіреді?

4. Сұраққа жауап бер:

А) Суретке қара <сурет 8> және қандай денелер кинетикалық , қандай денелер потенциалдық энергияға ие болатынын көрсет.

Б) мына бірдей шарлардың қайсысы еден бетімен салыстырғанда аз потенциалдық энергияға ие? <сурет 9>

Обобшение педагогического опыта учителя физики

В) <сурет 10> қара. Бір заттан жасалған мына денелердің еден деңгейімен салыстырғанда потенциальдық энергиясы көп? Жауабын түсіндіріңдер.

Обобшение педагогического опыта учителя физики

Г) Суретке қара <сурет 11>. Мына көліктердің қайсысының а және б жағдайларда кинетикалық энергиясы көп? Неге? Обобшение педагогического опыта учителя физики

Бұл жұмысты топ басшысы тексереді

Өмірде жай механизмдерді қолдану туралы әңгіме жаз.

Әңгімені мұғалім тексереді.









Пән: физика


(Қалалық директорлар семинары)









Мұғалім: Калеева Ү.А.


№ 2 Ақсу орта мектебі


Сабақтың тақырыбы: «Механикалық тербеліс және толқын».

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: механикалық тербеліс пен толқынды сипаттайтын шамаларды қайталау; тақырып бойынша алған білімдерін жүйелеу, тексеру; ең өзекті мәселе - тербеліс кезіндегі энергия түрленуін түсіндіру және табиғатта кездесетін толқын құбылысының маңыздылығын көрсету.

Дамыту: алған білімдерін, үйренгендерін, дағдыларын практикада қолдана білу; оқушылардың танымдық қызметін, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік: тәжірибе мен теорияның сәйкестігін байқай білуге; ғылымға қызығушылығын тәрбиелей отырып,білім беру жүйесіндегі ізгілендіру принципін жүзеге асыру.

Сабақты өткізу тәсілі: сайыс - сабақ.

Сабақтың түрі: тақырыпты жалпылау, жүйелеу.

Пәнаралық байланыс: математика, география.

Сабақтың көрнектілігі, құрал жабдықтар: толқындық машина,серіппе, мультимедиалық проектор, физикалық маятник, қабырға сағаты, суреттер,тест сұрақтары,деңгейлік есептер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың түгендеу, дайындықтарын тексеру, сабақтың мақсатымен таныстыру, топқа бөлу.

Психологиялық ықпал:

Толқыннан толқын туады,

Толқынды толқын қуады,

Толқын мен толқын жарысад.

Жарысып жарға барысад.

Сабақ зерттеу әдістері: бақылау, эксперимент, теориялық зерттеуқұрылымына сәйкес құрылған. Алдарыңда тербелмелі қозғалыстың графигі - синусоида көрсетілген және график дөңгелектермен жабылған , дөңгелектердің астында әр топтың тапсырмасы жазылған, тапсырма орындалған сайын дөңгелектер алынып отырады.

Сайыс - сабақ болғандықтан, сынып екіге бөлінеді: «Тербеліс» және «Толқын».

Жиналған ұпай сабақ соңында айтылады.


х, м

тербеліс

t, с

2700

толқын

1 тапсырма. «Бақылау»

Мұғалім: Табиғат туралы ілім зерттеу әдістерін қолдану арқылы жинақталады. Табиғатта зерттеу әдістерінің ішінен ең көп тараған үш ғылыми әдістер: бақылау, эксперимент және теориялық зерттеу.

(слайдтан әр түрлі суреттер көрсетеледі: физикалық маятник, алтыбақан, ағаштың тербелісі, Фуко маятнигі, бесік, сағаттың маятнигі, су бетіндегі толқын, жіп бойындағы толқын, т.б.)

Осы суреттерден толқын тобы және тербеліс тобы өздеріне сәйкес көріністерді жылдам айтулары керек.

2 тапсырма. «Ой түйіндеу»

Мұғалім: Бақылаудан деректер жиналған соң, ғалымдар бұл құбылысқа атау береді және басқа құбылыстармен салыстырады,анықтамалар, жаңа физикалық ұғымдар, терминдер енгізеді. Тапсырма ережесі: бір топтың оқушысы келесі топтың оқушысына ойын айтады, яғни оқушы құбылысқа сәйкес анықтаманы бастайды, ал келесі оқушы оның ойын аяқтайды.

«Тербеліс тобы»:

1) Дененің бірдей уақыт аралығындағы дәлме - дәл немесе жуықтап қайталанып отыратын қозғалысын механикада ........ Механикалық тербелістер д/а.

2) Дененің тепе-тендік күйден аутқуын........ Ығысу д/а.

3) Дене қозғалысы толығымен қайталанып отыратын ең аз уақыт аралағы немесе бір толық тербеліс жасауға кеткен уақыт..........Тербеліс периоды д.а.

4) Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны.........Тербеліс жиілігі д.а.

5) Дененің тепе-тендік күйінен ең үлкен ығысуын...........Тербеліс амплитудасы д/а. Заңдылықтарын айт.

6) Созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды.........Математикалық маятник д/а.

7) Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары ...Музыкалық дыбыстар деп аталады.

«Толқын тобы»

1) Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлщегіне таралу процесі........Механикалық толқын д/а.

2) Серіппеге ілінген жүкті серіппелі маятник д/а.Маятниктің 2π секундтағы тербеліс санын.........Циклдік жиілік д/а.

3) Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды,........ тек энергияны ғана тасымалдайды.

4) Мәжбүр етуші күштің тербеліс жиілігі мен тербелмелі жүйенің меншікті жиілігі дәл келген кездегі еріксіз тербелістер амплитудасының кенет арту құбылысы........Резонанс д/а.

5) Толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-тендік күйенен аутқулары бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығы......Толқын ұзындығы д/а.

6) Толқын ұзындығының бөлшектердің тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама........Толқын жылдамдығы д/а.

7) Тербеліс жиілігі 16 Гц.- тен 20000Гц-ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады. Сондықтан мұндай толқындарды ...дыбыс толқындары д/а

Слайдтан тербеліс пен толқыннын түрлері көрсетіледі.

Обобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физики


Обобшение педагогического опыта учителя физики


Мұғалім: механикалық тербелістің неше түрлері бар?

Оқушы: Екі түрі: еркін және еріксіз.

Мұғалім: Еркін тербеліс дегенеміз не?

Оқушы: Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістері айтады.

Мұғалім: Еріксіз тербеліс дегенеміз не?

Оқушы: Еріксіз тербелістер дегеніміз - сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Мұғалім: Толқынның неше түрлері бар?

Оқушы: Екі түрі: көлденең және қума толқындар.

Мұғалім: Қандай толқынды көлденең толқын деп атаймыз?

Оқушы: Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды көлденең деп атайды.

Мұғалім: Қандай толқынды қума немесе бойлық толқын деп атаймыз?

Оқушы: Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды қума немесе бойлық толқын деп атайды.

Мұғалім: Дұрыс.

3 тапсырма. «Формулаларды білесің бе?» (топпен жұмыс)

Физиктер ашқан құбылыстарын көрнекті болу үшін физикалық шамалар арқылы математикалық түрде өрнектейді.

Слайдтан бірнеше әріптер көрсетеледі: Обобшение педагогического опыта учителя физики, T, Eтол, Обобшение педагогического опыта учителя физики, Обобшение педагогического опыта учителя физики, x, cos, xm, Обобшение педагогического опыта учителя физики0, Обобшение педагогического опыта учителя физики, l, 2π, n, t, g, m, k, Обобшение педагогического опыта учителя физики, Обобшение педагогического опыта учителя физики.

Мұғалім: Алдарыңдағы үлкен ақ қағазға осы белгілерді пайдаланып формуланы сурет түрінде көосетіңдер.

Обобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физики

Обобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физикиОбобшение педагогического опыта учителя физики



Кезең бағаланады.

4 тапсырма . «Эксперимент»

Мұғалім: Жоғарыда айтылғандардың барлығын дәлелдеу үшін және практикада қолдану үшін ғалымдар зертханада эксперимент жасап байқаған. Сондықтан келесі кезең эксперимент деп аталады.

Екі оқушы шығып:

1) адамның жүрек соғысы минуттына 60-80 рет соғатын көрсетеді. (балауызды жұқалап үстіне сіріңке шырпысын кіргізеді де, қолдың пульсінің үстіне қояды, сөйтіп адамның бір минуттағы жүрек соғысын анықтайды)

2) беттік толқындардың таралу жылдамдығын анықтау.

Слайдта: Адамның жүрек соғысы минуттына 60-80 рет.

Торғайдың жүрек соғысы 600-850 рет.

Тауықтікі 176-460 рет.

Мысықтікі 140 рет

Иттікі 100-139 рет.

5 тапсырма. «Зеректер елінде»

Мұғалім: Құбылысқа анықтама берелді, формулалар алынды, эксперимент жасалынды, енді осы құбылыстың практикалық есептеулерін қарастырамыз.

Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазыңдар. Алдарыңдағы парақта деңгейлік есептер көрсетілген. Әрқайсыларың өз деңгейлерінің есептерін таңдап алыңдар. Ойлануға бір минут береледі. Содан соң тақтаға шығасыңдар.

1 деңгей

1) Математикалық маятниктің ұзындығы 40 м. Осы маятниктің тербеліс периоды неге тең?

2) Материялық нүкте 20 с ішінде 50 тербеліс жасаса, тербеліс периоды қандай болады?

3) Камертонның жиілігі 440 Гц болса, ол 5 с-та қанша тербеліс жасайды?

2 деңгей

1) Ұзындығы 99,5 см математикалық маятник 1 минутта 30 тербеліс жасайды. Еркін түсу үдеуін табыңдар.

2) Қатаңдығы 160 Н/м серппеге ілінген массасы 400 г, жүктің тербеліс периоды неге тең?

3) Қатаңдығы 250 Н/м серппеге ілінген массасы 1050 г, жүктің тербеліс жиілігі неге тең?

3 деңгей

1) Гармоникалық тербелістің қозғалыс теңдеуі Обобшение педагогического опыта учителя физики. Тербелістің амплитудасын, жиілігін және периодын анықтаңдар.

2) Толқынның таралу жылдамдығы 340 м/с, ал жиілігі 200 Гц. Толқын ұзындығы қандай?

3) Көл бетіндегі толқынның ұзындығы 300 м, периоды 13,5 с оның таралу жылдамдығы қандай?

Кезең бағаланады.

6 тапсырма. «Ең өзекті мәселе».

Мұғалім: Енді ,балалар, біз осы тараудағы ең өзекті мәселе - тербелмелі қозғалыс кезіндегі энергияның түрленуіне және табиғатта кездесетін толқын құбылысының маңыздылығына тоқталамыз.

(топ басшылары өз топтарын қорғайды). Слайдтан жер сілкінісінен көрністер.

7 тапсырма . «Тестілеу».

Тербеліс тобы

1. Механикалық және электромагнит толқындар нені тасиды?

А) Ортадағы орналасқан денелерді

В) Ортаның бөлшектерін

С) Энергияны

2. Амплитуда қандай әріппен белгіленеді

А) Т В)А С) L

3. Синус немесе косинус заңы бойынша орындалатын тербелістерді қалай атайды?

А) Еркін

В) көлденең

С) Гармоникалық

4. Тербелмелі дененің тепе-теңдік күйінен ауытқуы -

А) Амплитуда

В) Орын ауыстыру

С) Ығысу

5. Математикалық маятниктің тербеліс периодының формуласы -

А) Обобшение педагогического опыта учителя физики

B) Обобшение педагогического опыта учителя физики

C) Обобшение педагогического опыта учителя физики

6. Бірдей уақыт аралығында траекториясы қайталанатын дененің қозғалысы қалай аталады?

А) Ілгерілемелі

В) Бірқалыпты

С) Механикалық тербеліс

7. Тербелмелі жүйенің толық энергиясы неге тең?

А) Обобшение педагогического опыта учителя физики

B) Обобшение педагогического опыта учителя физики

C) Обобшение педагогического опыта учителя физики

8. Бойлық толқындар қандай ортада тарайды?

А) Тек қана газда

В) Тек қана сұйықтарда

С) Газда, сұйықтарда және қатты денеде

Толқын тобы

1. период және жиілік арасында қандай байланыс бар?

А)nT В) T/ ν С) 1/T

2. Тербелмелі жүйедегі резонанс - бұл...

А) Тербеліс жиілігінің кенет артуы

В) Еріксіз тербеліс амплитудасының кенет өсуі

С) Тербеліс периодының кенет артуы

3. Сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістерді қалай атайды?

А) Еріксіз тербелістер

В) Еркін тербелістер

С) Гармоникалық теребелістер

4. Теңіз бетіндегі екі толқынның ара қашықтығы 4 м. Толқында тербелген қайық тербелісінің периоды 1,5 с. Толқын жылдамдығы неге тең?

А) 12 м/с

В) 2,7 м/с

С) 0,4 м/с

5. Серіппелі маятниктің тербеліс периодының формуласы -

А) Обобшение педагогического опыта учителя физики

B) Обобшение педагогического опыта учителя физики

C) Обобшение педагогического опыта учителя физики

6. Бөлшектердің тербеліс толқынның тарау бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқын -

А) Серпімді

В) Бойлық

С) Көлденең

7. Еркін түсу үдеуінің сандық мәні...

А) 3,14 м/с2

В) 9,8 м/с2

С) 10 м/с2

8. Дыбыс толқыны қандай толқын болып табылады?

А) Қума

В) Көлденең

С) Еркін

Слайдтан дұрыс жауабын көрсету.

1

2

3

4

5

6

7

8

Тербеліс

С

В

С

С

А

С

С

С

Толқын

С

В

А

В

С

С

В

А

Бағалау рейтингі: 1 қате - «5», 2-3 қате - «4», 4 қате - «3», «2» алмайды.

«Қортындылау»

Обобшение педагогического опыта учителя физики


Мұғалім: Сонымен бүгінгі сабағымыз аяқталып қалды. Енді тақтадағы суретке қараңдар. Дөңгелектердің орнында не қалғанын байқасындар?

Оқушы: Суретте синусоида графигі көрсетілген.

Мұғалім: Онда маған мынаны айтыңдар. Тербелістің қандай түрі синус және косинус заңына бағынады?

Оқушы: Гармоникалық тербеліс.

Мұғалім: Осы гармоникалық тербелістің периоды мен амплитудасын табыңдар, периодын минуттік өлшем бірлікке айналдындар.

Оқушы: Т=45 мин., А=35 м.

Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда механикалық тербеліс және толқын туралы тақырыпты қайталадық, бекіттік. Жаман баға алған бала жоқ, барлықтарың сабаққа белсенді қатыстыңдар. Рахмет. Бүгінгі сабақтың жеңімпазы аталынады және белсенді қатысқан балаларды атап бағалары қойылады.

Үйге тапсырма. Қайталау, бақылауға дайындық.

Обобшение педагогического опыта учителя физики

Обобшение педагогического опыта учителя физики

Қорытынды


Өзімнің іс - тәжірибемді қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.

  1. Таратпа тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілеті артты

  2. Жұмысқа көңілдері жоқ оқушының саны кеміді, физикаға қызығушылықтары артты.

  3. Оқушылардың білім сапасы көтерілді.

  4. Оқушылардың ойлауы, есептеу дағдыларына қабілеті артты.

  5. Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді, оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, оқытуға қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз.

Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынтымақтандырып отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз, ойлау қабілетін арттырамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі.




Ұлттық тестілеудің қорытындысы

Бағалар

2010-2011

2011-2012

"5"

1

"4"

1

1

"3"






















Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Математика және физика журналы. №4; 5; 6, 2011 ж.

  2. Физика Қазақстан мектебінде, 2011,2012,2013 ж.ж..

  3. Қазақстан мектебі, 2008 ж

  4. 12 - Жылдық білім, 2007ж.

  5. Физика және астрономия 7 сынып, дидактикалық материал,2012 ж.

  6. Физика және астрономия , оқыту әдістемесі, 2012ж., Р.Башарұлы

  7. Тесттер жинағы. 2012-13 ж.ж.







39


© 2010-2022