Физика пәні Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау тақырыбында (10-сынып)

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні: Сыныбы: Күні:

Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткізгіштерді тізбекке жалғаудың әдістерін үйрену, тізбектей және параллель жалғау кезіндегі негізгі физикалық заңдылықтарды білу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісін дамытуға, өз бетімен ізденуге,
шығармашылық дағдыларын дамытуға дайындау.
Тәрбиелік: Ептілікке, іскерлікке, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа үйрету.

Осы сабақ арқылы жететін оқу мақсаты: Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосқанда тізбек бөлігі үшін Ом заңын қолдану.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Тәжірибелік, сұрақ - жауап, салыстыру, бағалау, қосу.
Пәнаралық байланыс: Математика, информатика, сызу және т. б.
Технологиясы: Деңгейлік оқыту технологиясы.
Пайдаланылатын көрнекіліктер: Компьютер, экран, ток көзі, жалғағыш сымдар, шамдар, реостат, резисторлар - 5, 10 Ом.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі;
2. Үй тапсырмасын қайталау;
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру;
4. Жаңа тақырыпты бекіту;
5. Үйге тапсырма беру.
Жаңа сабақты меңгеруге дайындығымыз қалай?

  • Тізбек бөлігі үшін Ом заңы қалай тұжырымдалады?

  • Ом заңы арқылы өзара байланысып тұрған шамалардың өлшем бірліктеріне есімдері берілген ғалымдар кімдер? Олар «Электрді» зерттеуге қандай үлес қосты?

Ом заңының тұжырымдамасы:

Тізбектің бөлігіндегі ток күші осы бөліктің ұштарындағы кернеуге тура пропорционал, өткізгіштің кедергісіне кері пропорционал болады.Неміс ғалымы Георг Ом 1827 жылы анықтаған.

Физика пәні Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау тақырыбында (10-сынып)Өткізгіш тізбек берілген. Тізбек неден тұрады? Қатесін анықта.

Физика пәні Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау тақырыбында (10-сынып)Ток көзіне бірнеше резисторлар жалғанған. Өткізгіштің жалпы кедергісі

Техника және тұрмыста әр түрлі тұтынушылар: қыздыру шамдары, үтіктер, электр пештері, электрқозғалтқыштары және т. б. қолданылады.

Өткізгіштерді жалғаудың тәсілдерін қарастырайық.

1- жағдай. Егер бірінші өткізгіштің соңы екінші өткізгіштің басымен, екіншінің соңы үшіншінің басымен жалғанса, онда мұндай қосуды тізбектей жалғау деп атайды.

Физика пәні Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау тақырыбында (10-сынып)

Физика пәні Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау тақырыбында (10-сынып)

Физика пәні Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау тақырыбында (10-сынып)

2-жағдай. Егер өткізгіштердің басын бір ғана А нүктесінде, ал ұштарын екінші бір В нүктесінде жалғасақ, онда мұндай жалғауды өткізгіштердің параллель жалғау деп атайды.

Физика пәні Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау тақырыбында (10-сынып)

Электр тізбегінің екі өткізгіштен артық өткізгіштер түйісетін нүктесін түйін (суретте А және В нүктелері) деп атайды.

Физика пәні Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау тақырыбында (10-сынып)

Физика пәні Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау тақырыбында (10-сынып)

Шамалар

Физикалық шамалар

Белгіленуі

Өлшем бірлігі

Ток күші

Кернеу

Кедергі

Меншікті кедергі



Физика пәні Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау тақырыбында (10-сынып)

Сапалық есептерден сұрақтар

  1. Аккумуляторды зарядтау кезінде оның қақпақтарын ашып қояды неге?

Жауабы: аккумуляторды зарядтау кезінде сутегі мен оттегі бөлінеді. Егер қақпақ ашылмаса жиналған газ аккумуляторды жарып жіберуі мүмкін.

2. Қараңғыда қант сындырғанда әлсіз жарқылды байқауға болады. Осыны түсіндіріңдер.

Жауабы: Қант сындырғанда зарядталады.

3. Неге электр сымдарына қонып отырған құс, жоғары кернеуді қосқанда ұшып кетеді?

Жауабы: Электростатикалық өрістен құс қауырсындары өзара әсерлесіп аралары ашыла бастайды. Осы қолайсыз әсер құстың ұшуына себеп болады.

4. Электр желісіне ұшып келіп қонған құсқа токтың әсері неге білінбейді?

Жауабы: Құстың денесі мен оның аяқтары арасындағы өткізгіш бөлігі өзара параллель. Мұндай тізбектегі ток күші кедергіге кері пропорционал құс денесінің кедергісі АВ өткізгіш кедергісінен анағұрлым артық болатын, ондағы ток күші аз. Ол құсқа қауіпті.

Сабақты бекіту:
Деңгейлік есептер шығарту.
№1. Спиралының кедергісі 55 Ом. Электр плитка кернеуі 220 В желіге қосылған. Плитка спиралындағы ток күшін есептеп табыңдар.
№2. Электр тізбегіндегі ток күші 2 А - ге тең, электр шамының кедергісі 14 Ом, шамның кернеуі:
А) 28 В
В) 7 В
С) 0, 125 В
Д) 16 В
№3. Егер тізбек учаскесінің кедергісі 0, 2 кОм, ток күші 100 мА болса, ондағы кернеу қандай болады?
Сабақты оқушылар Венн диаграммасы арқылы қорытындылайды.
Кез - келген тізбектің кедергісін, кернеуін, ток күшін есептеуге болады.

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу тапсырылады.
Оқушы білімін бағалау.



© 2010-2022