ҚМЖ «Теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы және үдеуі»

«Теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы және үдеуі» тақырыбы бойынша 9 сынып оқушыларына арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары. сабақтың мақсаты:оқушылар тең айнымалы қозғалыс жылдамдығын және үдеуін анықтауға байланысты есептер шығаруға үйренеді. Оқыту нәтижесі : оқушылар теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы мен үдеуіне есептер шығаруға үйреніп, осы шамалар бойынша өз білімдерін бекітеді, топ ішінде өзара оқыту барысында оқушылар бойында жауапкершілік қасиетінің деңгейі байқалады. Негізгі идеялар: Те...
Раздел Физика
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

9 А сыныбында физика пәнінен өткізілген

қысқа мерзімді жоспары

Тақрыбы: «Теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы және үдеуі»

Бекіту сабағы

Орындаған: Исадилова А.Н.

Павлодар облысы Павлодар қаласы Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернаттың физика пәні мұғалімі





1.10.2013 ж

физика

9 а -сынып

Сабақ тақырыбы

Теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы және үдеуі

(бекіту сабағы)

Сабақтың мақсаты

оқушылар тең айнымалы қозғалыс жылдамдығын және үдеуін анықтауға байланысты есептер шығаруға үйренеді

Сілтеме

  1. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 78-бет.

  2. Р. Бащарұлы, Д. Қазақбаева және б. Физика-9. Алматы. Мектеп. 2005 ж.

  3. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 40-бет.

  4. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. Мектепте тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмалар. Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым. 14-бет.

  5. ДББҰ «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2012. Үлестірме материалдар. Топтыұ жұмыс туралы нұсқаулық. Бірінші апта.Екінші (негізгі) деңгей. Үшінші басылым.

Оқыту нәтижесі

оқушылар теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығы мен үдеуіне есептер шығаруға үйреніп, осы шамалар бойынша өз білімдерін бекітеді, топ ішінде өзара оқыту барысында оқушылар бойында жауапкершілік қасиетінің деңгейі байқалады

Негізгі идеялар

Теңайнымалы қозғалыстың жылдамдығына және үдеуіне есептерді шығару кезінде есептер шартын талдауға үйрену.

Оқушылардың топ мүшелері алдында жауапкершілік қасиеттерін жетілдіру

Сабақта қолданылатын материалдар

Тақырып бойынша презентация, «білем, білгім келеді, білдім» кестесі, еептерді шығарып алдауға арналған кесте, есепте, тест тапсырмалары

Оқуты әдістері

АКТ, СТО- «білем, білгім келеді, білдім» кестесі, жигсо әдісі, шығу парағы

Бағалау түрі: қалыптастырушы- тест тапсырмасын

Жұмыс түрлері: топтық жұмыс, жеке жұмыс

Дерек көздері

Интенет материалдары, 9-сынып оқулығы

Тапсырмалар

Оқулықпен жұмыс, кесте толтыру, есеп шығару, тест шығару







Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті

Сабақтың кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

(5 мин)

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал орнату мақсатымен шеңбердегі «ішкі-сыртқы» шеңбер әдісін өткізу

Оқушылар өткен сабақтың материалдарын қайталайды.

  1. Ой қозғау (5 мин)



Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстырып, кесте толтыруға ұсыну

Оқушылар өткен сабақтардың мәліметтерін еске түсіріп «білем, білгім келеді, білдім» кестенің 1,2-бағаналарын толтырады

  1. Бекіту

Мағынаны ажырату (15мин)

Оқушыларды физикалық шамалар бойынша топтарға бөлу

Жигсо әдісі бойынша оқушыларға тақырыпқа байланысты есептерді тарату. Мұғалім топта шығарылған есептердің дұрыстығын тексеріп кеңесші қызметін атқарады. Жигсо әдісі бойынша топтарды аралыстыру, жаңа топтар ішіндегі жұмыстарын қадағалайды

Физикалық шама бойынша топтарға бөлініп отыру

Топта есептерді талқылап, шығарып, есептер шығаруға арналған кестелерді толтырады, мұғалімге шығарылған есептерді топ ішінде қорғайды, жаңадан құрастырылған топта үйдегі топта шығарылған есептерді талдап, түсіндіреді, толтырылған кестемен таныстырады

  1. Сергіту сәті (2 мин)

Жаттығу жасау

Кеңістікте теңайнымалы қозғалыстардың графиктерін қолдармен сызу

  1. Ой толғаныс (15 мин)

Тест жазу



Шығу парағын толтыру

Оқушыларға сабақтың тақырыбын игеру деңгейлерін анықтау мақсатымен шағын тест тапсырмаларын тарату

Мұғалім оқушыларға шығу парағын толтыруды ұсынады



Оқушылар тес тапсырмаларын шығарып, мұғалімге тапсырады.

Оқушылар шығу парағын толтырады

  1. Сабақты қорытындылау (3 мин)

Оқушыларды шеңберге тұрғызу

Шеңберде бір-біріне доп лақтыру арқылы сабақта не түсінгендерін айтып беру

  1. Үйге тапсырма

Оқушларға теңайнымалы қозғалыс бойынша кластер құруға тапсырма беру. Кластердің мазмұның қысқаша айтып кету

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазу



© 2010-2022