Урок по физике на тему Диффузия

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Бекітемін»

Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні:физика

Сабақтың аты

§ 8. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы.Молекулалардың қозғалысы.Диффузия.

Сілтеме

Жоспар

Жалпы мақсаты

  • Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы жайлы мағлұмат беру

  • Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

  • Өзін-өзі бағалауға баулу

Күтілетін нәтиже

  • Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы жайлы мағлұмат алады

  • Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы күнделікті өмірде, есеп шығаруда қолдануға үйренеді

  • Өзін-өзі бағалай алатын болады

Негізгі идеялар

Демокрит: барлық заттар бөлінбейтін өте ұсақ бөлшектер-атомдар.

ХХ ғасырдың басында атомның да күрделі бөлшек екені, оның өзінен де кіші бірнеше бөлшектерге бөлінетіні белгілі болды.

Бірнеше атомдардың өзра байланысуынан молекула түзіледі.

Әр заттың молекуласы -сол заттың қасиеттерін сипаттайтын ең ұсақ бөлшегі.

Атомдар мен молекулалардың кристалдағы орналасу ретін, олардың жалпы сұлбасын қазіргі электрондық микроскоптар мен иондық проекторларда көруге болады.

Жекелеген атомдар-химиялық элементтердің, ал молекулалар заттардың ең кіші бөлшектері. Әр түрлі заттардан денелер құралады.

Молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалыстары салдарынан жанасып тұрған әр түрлі заттар бөлшектерінің бір-біріне өтіп таралуын диффузия деп аталады.

Диффузия сұйықтарда,газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады)Урок по физике на тему Диффузия

Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.

Дененің жылулық күйін сипаттайтын физикалық шама температура деп аталады.

Денелердің температурасын термометрмен өлшейді.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы неғұрлым үлкен болса, оның температурасы да соғұрлым жоғары болады.


Тапсырмалар

Топтық жұмыс «Джигсо»

Тапсырмалар

Жұптық жұмыс

Тапсырмалар

Топтық жұмыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І.Ұйымдастыру (2 минут)

  1. Сәлемдесу

  2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу

  3. Түгелдеу

1.2. Топқа бөлу (1,2,3 сандары арқылы 3 топқа бөлінеді)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (4 минут)

  1. Өлшеудің метрлік жүйесін қалай түсінесіңдер?

  2. Үлкен және кіші сандарды стандарттау дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі (3 минут)

1. Заттарды құрайтын бөлшектер қалай аталады?

2. Молекула дегеніміз не?

3. Заттардың молекулалары бірдей ме?

ІҮ. Топтық жұмыс «Джигсо» (15 минут)

Сіздің тобыңызда 5 рөлді: лидер, баяндамашы, хатшы, уақыт сақшысы және бақылаушыларды анықтаңыз. Жұмыс төмендегідей жоспармен жүреді:

Берілген мәтінді оқып, топпен бірлесе отырып, талқылайды және әр топтың бақылаушысы жасаған жұмыстарға сәйкес бақылау парағын жүргізеді.

Бақылаушының бағалау парағы

Бағалау өлшемдері

Көш

басшы

Хатшы

Баяндамашы

Уақыт сақшысы

1

Тақырыптың ашылуына үлес қосу


2

Міндетін атқару


3

Топтық жұмысқа атсалысуы


Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады.

Топ пікірлерін тыңдау.

Ү. Жұптық жұмыс (5 минут)

Атомдар мен молекулаларға мысал келтіріңдер?

Жұптың пікірлерін тыңдау,барлық айтылған ой-пікірлерді бағалаудың мақсатына сәйкестендіру

V. сергіту сәті (3 минут) (видео)

VІ. Топтық жұмыс «жалғасын тап» (10 минут)

  1. Дене неден құралады ...............................................................

  2. Зат нелерден құралады...........................................

  3. Атомдар мен молеукулалар құрлысын ата..........................

Жасаған жұмыстарын 2 жұлдыз, 1 ұсыныспен бағалау.

ҮІ. Кері байланыс (не үйрендім, не қиын болды, сұрақ.) (3 минут)

Кейінгі тапсырмалар

Эссе жазу

Кейінгі оқу

§8. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы


© 2010-2022