Қысқа мерзімді жоспар. Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері (11-сынып)

Раздел Физика
Класс 11 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ тақырыбы: Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері.

Сабақ барысындағы оқушылардың мақсаты

-Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері, организмге зияндылығын, тірі организмдерге зиянды әрекеттерін түсіну, талдау.

Күтілетін нәтиже

Радиоактивті сәулелердің ерекшелігін , қолданылуын ерекшелейді ,түсінеді , талдайды.

Сабақ кезеңдері

Сабақтың құрылымы

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1 мин

5 мин

Қызығушылықты ояту сәті4 мин

Диалог құру.Өдеріне сұрақ қойғызу. Сұрақтар арқылы жауап алу:

2. Өткен сабақ

1. Радиоактивтілік дегеніміз не?2. Радиоактивті сәуле шығарудың құрылымы?3. Радиоактивті ыдырау заңының мәнісі неде?

4. Термоядролық реакциялар дегеніміз не?5.Адам ағзасына сәулелердің әсері

Инфрадыбыстардың адам организміне кері әсері бар. Керісінше ультрадыбыстар кеңінен қолданыс тауып отыр. Бұл дыбыстарды адамдар арнайы құралдардың көмегімен естиді және қабылдай алады.

Медицинада ультрадыбыс адам денесін ультрадыбыстық тексеру(сканерлеу) үшін пайдаланылады. Сүйек, май және бұлшық еттер ультрадыбысты түрліше шағылдырады. Электр импульстеріне түрлендірілген бұл шағылған толқындар экранда кескін береді. Ультрадыбыстық тексеру жолымен адамның денесіндегі әр түрлі ауытқулар - қатерлі ісіктер, дене мүшелері пішінінің өзгерулері анықталады. Алайда ультрадыбысты адамның ұзақ уақыт нерв жүйесіне әсер етеді, қанның құрамының, сапасының және қысымының өзгеруін, бас ауруын тудырады, құлақ та естімей қалуы мүмкін

Бұнымен бірге Рентгендік сәулелерде денелерден өту қасиеті практикада кеңінен пайдаланылады, медицинада диагноз қою үшін. Сынған сүйекті, адам денесіне кіріп кеткен оқты, инені, шегені т. б іш құрылысындағы кеселді анықтауды жеңілдетеді. Сырқат органдарды емдеу үшін қолданылады.

Радиоактивті сәулелердің зияны көп. Радиациядан тірі организм клеткаларының биофизикалық қасиеттері өзгеріп, тіпті генетикалық деңгейдегі бұзылуы арта береді «Күн өтіпті» деген халық диагностикасымен «сәулелік ауру» деген қазіргі медицина диагностикасы арасында тура байланыс бар. Жаздың ыстық күндерінде білмеген адамға ерсі көрінгенімен өзбек пен тәжіктің ала шапан киюінде, қырғыз бен түрікменнің ақ киіз қалпағы мен елтірі бөрігін, дала қазағының түйе жүн шекпенін тастамауында, халықтың радиациядан қорғануының ғасырлық тәжірибесі жатыр. Радиацияның шекті дозасы 0, 05 гр - ден аспауы керек. 3 - 10Гр (Грей ) адам өміріне қауыпты. Физик мұғалім

Радиоактивті сәулелер, нейтрондар ағыны қоршаған ортаға, әсіресе тірі организмге зиянды әсерін тигізеді. Радиоактивті сәулелерді иондаушы сәулелер немесе қысқаша радиация деп те атайды. Белгілі энергиялары бар бұл сәулелер мен бөлшектер денелердің молекулалары мен атомдарын иондайды. Олардың химиялық белсенділігі өзгереді, клеткалар мутацияға ұшырайды, хромосомодағы гендерді зақымдайды, түрлі физиологиялық күрделі ауытқулар туады. Сәуле шығарудың интенсивтігі күшті болса, катерлі ісік және сәуле аурулары дертіне шалдығады., тірі организмдердің өлуі мүмкін. Сәулелену тұқым қуалауға күшті әрі жағымсыз әсерін тигізеді.

а) Радиацияның қауіптілігі

б) Иондаушы сәулелердің биологиялық әсері.

в) Шығарылған сәуленің жұтылған дозасы деп жұтылған энергияның сәулеленген заттың массасына қатынасын айтады.

1Р = 2, 58 *10 - 4 Кл/кг

Радияцияны өлшейтін дозиметрлерде 1Р= 0, 01Гр деп есептеледі.

Тірі организмдердің сәулеленуден зақымдануы сәуле шығарудың түрлеріне байланысты. Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерін рентгендік және гамма - сәулелердің биологиялық әсерлерімен салыстыру қабылданған. Сондықтан сәуле шығарудың тірі организмдерге әсерін арнайы шама - эквивалентті дозамен сипаттайды.

Шығарылған сәуленің жұтылуының эквивалентті дозасы деп жұтылған дозаның биологиялық эффективтік (тиімділік) коэффициентіне көбейтіндісіне тең шаманы айтады:

Радиоактивті сәулелердің әсеріне біз жиі ұшыраймыз. Бұндай радиацияның көзі - ғарыш сәулелері, Жердегі радиоактивті заттар ғимараттар, рентгендік қондырғы, телевизор, адамның денесі (біздің денемізде 0, 01г радиоактивті 4013 К)

Атомдық электр станцияларда радиоактивті изотоптармен, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істейтін адамдардың радиациядан қорғану шараларын орындау қажет.

Радиациядан қорғану шараларын жүзеге асыру.

Смайликтер

Бағалау парағы

Мағынаны ажырату кезеңі

15 мин

ой толғаныс

15 мин

Оқушыларға талдау арқылы өз ойларын білу

Постерге салған жұмыстарын таныстыру

Кітап


2. Үй жұмысын беру§ 8.7 - 8.8 Сұрақтарды талдау. Жаттығудың есептерін аяқтау.

Рефлексия

5 мин

Не білуіміз керек еді? Не білдік?Не үйрендік?Нені түсінбедік?

Өзара бағалау

Стикерлер арқылы


© 2010-2022