Материалық нүкте, траектория, жол және орын ауыстыру

Оқушыларға материалық нүкте, траектория, жол және орын ауыстыру туралытерең мағлұмат беру, негізгі шарттарын түсіндіру.танымдық деңгейлерін кеңейту, жол және орын ауыстыру шамаларын ажырата білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.оқушыларды білімділікке, іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.Сабақ  барысында  оқушылар тыңдап, көріп,  қолымен  ұстап, өзі   жасап  көріп  есте  сақтауға  дағдыланады. Мысалы автомобильдің құм  үстімен  қозғалысын бақылап өздері  қорытынды  жасайды. Мысалы: қо...
Раздел Физика
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Материалық нүкте, траектория, жол және орын ауыстыру


Сабақтың тақырыбы: Материалық нүкте, траектория, жол және орын ауыстыру.

Сабақтың мақсаты:

а) білімділігі:

Оқушыларға материалық нүкте, траектория, жол және орын ауыстыру туралытерең мағлұмат беру, негізгі шарттарын түсіндіру.

ә) қамтушылығы:

танымдық деңгейлерін кеңейту, жол және орын ауыстыру шамаларын ажырата білуге дағдыландыру, ойлау қабілеттерін дамыту.

б) тәрбиелілігі:

оқушыларды білімділікке, іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа ұғымды қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, суреттер, электронды оқулық 7 сыныпқа арналған, тест тапсырмалары,есеп шығару.

Көрнекілігі: суреттер, тест тапсырмалары, жетондар,слайд.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

II Үй тапсырмасын тексеру: Сұрақ жауап,электронды оқулықтағы көрсетілім.

III Жаңа білімді меңгерту

Бекіту тапсырмалары:

  1. Оқулықпен жұмыс жасау;

  2. Эксперименттік есептер;

  3. Тест тапсырмалары;

  4. Шығармашылық тапсырмалар;

IV Сабақты қорытындылау.Топтастыру.Сұрақ - жауап. Бағалау.

V Үй тапсырмаларын беру.

1. Ұйымдастыру:

Сәлеметсіңдерме, балалар, қайырлы күн. Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын. Сендерге осы сабақ бойы жақсы көңіл-күй тілеймін! Психологиялық дайындық.

2. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары:

  1. Механикалық қозғалыс деп нені атайды?

  2. Санақ денесі дегеніміз не?

  3. Санақ жүйесі дегеніміз не?

  4. Басқа денеге қатысты дене тұтастай қозғалама әлде бөліктері қозғалама?

  5. Материяның басты қасиеті:

  6. Сен автобустасың қай денемен салыстырғанда қозғалыста боласың қай денемен салыстырғанда тыныш күйде боласың?

3. Жаңа білімді меңгерту: (Тақырыпты ашу)

1) Механикалық физикада көпшілік денелер өлшемдерін ескермеуге болады, мысалы дене жүрген жолынан өлшемі айтарлықтай кіші болса. Анықтамасы: қарастырылып отырған жағдайда өлшемін елемеуге болатын денелерді - материалық нүкте дейміз.

1 мысал. Автобус Астанадан Алматыға кетіп барады.

2 мысал. Ұшақ Өскеменнен Астанаға ұшып барады.

Екі жағдайдада автобус, ұшақ өлшемі жағынан материалық нүкте болады. (Анықтамасын айту)

3 мысал. ұзындығы 400 м. поезд 600 м. жолда кетіп барады.

4 мысал. оқушы жаттығу жасап тұр.

3 және 4 мысалдағы денелер материалық нүкте бола алмайды.

2) Дене механикалық қозғалыс кезінде артына із, сызық қалдырады. Мысалы: жазған қаламсап, мел, ұшақтың артындағы түтіні, шаңғының артындағы ізі және т.б.

Анықтамасы: дененің жүріп өткен сызығы - траектория деп аталады. Траектория сызығының түрені байланысты қозғалыс түрлері анықталады. Суреттегі қозғалыс траекторияларын көрсету.

3) Дененің қозғалыс траекториясы артындағы ізі - жол.

[S] - скаляр шама, өлшем бірлігі - метр.

Жол орын ауыстырулардың қосындысына тең болады.

1 см. = 0,01 м.

1 мм. = 0,001 м.

1 км. = 1000 м.

Электрондық оқулықтан траекторияның суреттерін көрсету.

  1. Орын ауыстыру [S] векторлық шама. Өлшем бірлігі - метр, модулі, бағыты бар шама. Орын ауыстыру оң да теріс те бола алады. Математикада түзу сызық бойындағы нүктенің орынын бір координатамен анықтайды. Әр уақытта орны бір координатаға сай болады. Координатаның уақытқа тәуелділік функциясы деп айтылады. Координаталар айырымы орын ауыстыруға тең болады.

S= х - х 0

Орын ауыстыру мен жол түзу сызықты қозғалыс кезінде бірдей мәнге ие болады. Қозғалыстың басқа түрлерінде бірдей емес.

Қозғалыс түрлері: қисық сызықты, түзу сызықты, шеңбер бойымен.

Бекіту мысалдары:

4 Қортындылау

  1. Материалдық нүкте деген не?

  2. Механикалық қозғалыстың траекториясының анықтамасын айт.

  3. Жүрген жол деп нені атайды?

  4. Орын ауыстыру деген не?

  5. Қандай жағдайда S=S?

    1. Үй тапсырмаларын беру.

© 2010-2022