Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы. ( 9 сынып)

рвыгшпшгыврпшрывгшрпгшрышфгпргшырвшгпрывгшзщрпгшывргшпрывгшрпгшрывгшпргшыврпгшзрывфгшпргшывфрпгшзрывшгпргшыврфпгшрывшгпрывгшрпгшзыврфшзпгрывшгпывшгфрпгшыврпшзгыврпгшзыврзпрывзшгрпгшзыврпгшзрывшзфгрпшзывфрпзшфыврпшзывфрпшзыврфгпзыврхпфгыхфврпхывфщгрпгывгпхывгрпхыгвфрпгыврфгпрыгщвфрпывфгпргывфрпгшщывргшпрфыврпгшывргшпрывгшрпгшыврпгшрывфшгпргшывфрпгшрывхшпрхывфрпхгшывфхпгрывфхпрхывгрпгхыврпгыврфгшщпрывхрпщхывопшщхывопшхывопщхоывхщпоывщхшфопщхшывощхпшоывщхшпошщхывопгшщхывофпщхоывфшщхопшщхывфопшщхфыо...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы.











Ашық сабақ





Сыныбы: 9 «Ә»

Физика пәні мұғалімі: Бурабаева Жансая Сейдәліқызы









Б. Момышұлы ауылы

2014-2015 оқу жылы

Күні: 27.11.2014

Сыныбы: 9 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: §22. Энергия.§23. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларға механикалық энергия туралы толық мағлұмат беру және энергияның түрлерімен таныстыру, энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңын түсіндіру. Білімдерін есеп шығаруда қолдана білуге үйрету.

б) Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, білімін, ізденімпаздығын, есте сақтау қабілетін арттыру, өз ойын толық жеткізуге, өзіндік сөз қорын жасауға дағдыландыру.

в) Тәрбиелік: Оқушыларды бірлесіп жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға, уақытын үнемді пайдалануға үйретіп, жан-жақтылыққа, алғырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы

Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, АКТ, топтық әдістер

Пән аралық байланыс: география, химия, математика

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, электрондық оқулық, постерлер, плакаттар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Сәлемдесу

2. Оқушыларды түгелдеу.

3. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу. (Суреттер қималары арқылы)

4. Топқа ат беру және топ басшыларын сайлау.

1- топ: ХХІ ғасыр физиктері

2-топ: Данышпандар

3-топ: Болашақ

4-топ: Жас ғалымдар

5. Бағалау парақтары таратылады.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Білгір физик» ойыны .

  1. Дене импульсі дегеніміз не? Формуласы? Өлшем бірлігі

  2. Дене импульсінің векторы қалай бағытталған?

  3. Күш импульсі дегеніміз не? Формуласы мен өлшем бірлігі

  4. Күш импульсінің векторы қалай бағытталған?

  5. Тұйық жүйе деп қандай жүйені айтамыз?

  6. Импульстің сақталу заңын тұжырымдаңдар.

  7. Зымыран қалай қозғалады?

  8. Реактивті қозғалыс дегеніміз не?

ІІІ. Мағынаны тану. Топтық жұмыс. Оқушылар өздеріне берілген тақырыптарды оқып, сол бойынша постер жасайды және тақырыпты топ басшысы тақтаға шығып қорғайды.

І-топ

Энергия - қандай ұғым?

Механикалық энергия .

2-топ

Кинетикалық энергия

Кинетикалық энергияның формуласы және жұмыспен байланысы

3-топ

Потенциалдық энергия

Потенциалдық энергияның формуласы және жұмыспен байланысы

4-топ

Энергияның сақталу және айналу заңын тұжырымда

Энергияның сақталу және айналу заңының формуласы

ІV. Сергіту сәті

V. Есептер шығару. (Төрт топқа 4 есеп беріледі. Есептерді топпен шығарып, тақтаға іледі. Топтар бір-бірлерінің есептерін тексереді. Дәптерлеріне есептерді жазып алады).

  1. Жер бетінен 100 км қашықтықта дөңгелек орбита бойымен қозғалып жүрген массасы 1300 кг жердің жасанды серігінің кинетикалық энергиясын есептеп шығарыңдар.

  2. 10 м биіктіктен құлаған массасы 2,5 кг жүктің потенциалдық энергиясы 1 с - тан кейін қалай өзгереді (жүктің бастапқы жылдамдығы нольге тең)?

  3. Бала динамометрді созып, өзінің тарта алатын ең үлкен күшін анықтады. Ол 400 Н-ға тең болып шықты. Серіппені созғанда бала қандай жұмыс атқарады? Динамометр серіппесінің қатаңдығы 10000 Н/м.

  4. Садақтан вертикаль жоғары тартылған жебенің ең үлкен көтерілу биіктігін есептеңдер. Жебенің бастапқы жылдамдығы 40 м/с. Ауаның жебе қозғалысына тигізетін кедергісі есепке алынбайды.

VІ. « Сәйкесін тап» ойыны. Формулаларды табу керек.

VІІ. Сабақты қорытындылау : «Соңғы сөзді маған қалдыр» ойыны арқылы сабақты қорытындылаймыз.

1. Механикалық энергия дегеніміз ....

3. Жұмыс пен энергияның бірліктері .....

4. Механикалық энергияның түрлері .....

5. Потенциалдық энергия .....

6. Кинетикалық энергия .....

7. Табиғаттағы энергия жоғалып .....

VІІІ. Бағалау.

ІХ. Үйге тапсырма: §22. Энергия. §23. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.

19-жаттығу. 3-5 есептер. 20- жаттығу. 2,4,5 есептер.


© 2010-2022