Қайталау сабағы Есептер шығару

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәні

Физика

Күні:


Сабақ тақырыбы

Есептер шығару


Жалпы мақсаты

Өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтай отырып, есептер шығарту.

Сілтеме:

7 сынып Физика . Р.Башарұлы, У.Тоқбегенова, Д. Қазақбаева Алматы «Атамұра» 2012 ж Мұғалімге арналған нұсқаулық

Оқыту нәтижелері:

-Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру

-Бірін-бірі тыңдайды

-Топпен ынтымақтасып жұмыс істей алады

-Өз ойын ашық айтады

- Өзін-өзі бағалауға, өзара бағалауға үйрету

- Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру


Қолданылатын әдіс-тәсілдер

«Өрмекші торы» өткен тақырыпты еске түсіру, Семантикалық карта» формулаларды еске түсіру, практикалық жұмыс- есеп шығару, «Крестик нолдік», «Миға шабуыл» тест

Қолданатын ресурстар

Интерактивті тақта, АКТ, түрлі-түсті фигуралар, маркер, жіп, плакат, бағалау парағы.

Оқыту әдісі

Блум таксономиясы, СТО, диалог,АКТ, бағалау

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Ұйымдастыру

Сәлемдесу

Тренинг

«Ақ тілек» бір-бірлеріне тілек айту.

Сәлемдеседі

Оқушылар шеңбер құрып тұрады.

Мұғалімнің айтқанын орындайды

Топқа бөлу


Физикалық формулалардың атаулары бойынша 3топқа бөлінді.

«Өрмекші тор» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру.


Оқушылар санау арқылы топқа бөлінеді.

Оқушылар бір-біріне жіпті лақтыру арқылы сұрақ қояды

Қызығушылықты ояту


«Семантикалық карта» формулаларды еске түсіру.

Жаңа сабақта оқулық арқылы жұмыс жұргізеді және сол арқылы оқулықтан білімдерін толықтырады.


Мағынаны тану

Есеп шығару

1.Денеге әректет ететін ауырлық күші 20 кН. Ол дененің массасы қандай?

2.Жүктің массасы 30кг. Оған қандай ауырлық күші әсер етеді ?

3. Массасы 20кг баланың Айдағы салмағын анықтаңдар? g =1,6 Н/кг

4.Массасы 1кг денеге Айда 2,3 Н ауырлық күші әсер етеді. Массасы 60кг адамның Ай бетіндегі салмағы қандай ?

5. Салмағы 600Н бала салмағы 30Н қандай да бір денені ұстап тұр. Ол жерді қандай күшпен қысады?

6. Денеге бір түзудің бойымен бір бағытта үш күш әсер етеді : F1= 60Н, F2 = 120Н, F3 = 200Н. Олардың тең әрекетті күші неге тең?


Оқушылар таныстырылымдағы берілген есепті шығарады.

Оқушылар есепті дұрыс шығаруына байланысты «Крестик, нолдік» әдісі бойынша бағалады.

Ой толғау

«Миға шабуыл» әдісі бойынша тест тапсырмаларын орындайды.


Оқушылар берілген тестті тауып, бір-біріне тексертіп, дұрыс жауабын анықтады.

Тест нәтижесі бойынша бағаланды.

Келесі тапсырма

ІV тараудың ең маңызды мәселелерін қайталау


Бағалау

Оқушыларды топ басшысы «Крестик нолдік» әдісті пайдаланып қорытынды бағасын шығарады.


Рефлексия

«Екі жұлдыз бір тілек»

Ұсыныс, тілектерін стикерге жазады.


© 2010-2022