Электрөрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер

Раздел Физика
Класс 10 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақ:

Топ:

Тақырыбы: Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер. Диэлектриктердің поляризациясы.

Мақсаты: 1. Оқушыларға электр өрісіндегі өткізгіштер, электр өрісіндегі диэлектриктер, диэлектриктердің поляризациясы туралы түсінік беру.

2. Өткен тақырыптарға есеп шығартып, ойлау қабілеттерін арттыру.

3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ізденушілікке баулу.

Сабақ түрі: Жаңа материалды меңгеру.

Пәнаралық байланыс: математика.

Көрнекіліктер: плакаттар, кесте.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Есеп: Кернеулігі 1кВ/м біртекті электр өрісінде 25 нКл зарядты күш сызықтарының бағытымен 2 см-ге жылжытқандағы өріс күшінің жұмысы қаншаға тең?

ІІІ. Жаңа материалды меңгеру.

Электростатикалық токты өткізу қабілетіне қарай денелер диэлектриктер мен өткізгіштерге бөлінеді. Өткізгіштер әрқашан заряд тасымалдаушылардың, яғни электрондар немесе иондар санының көп болатынымен ерекшеленеді және электр тогын өткізбейтін заттарды диэлектриктер дейді. Өткізгіштерге еркін заряд тасымалдаушысы және жақсы өткізетін электр тогы бар заттар жатады. Қалыпты жағдайда еркін заряд тасымалдаушысы болмайтын өткізгіштер диэлектрик деп аталады.Бойында еркін электр зарядтары бар, яғни дененің ішінде өрістің электрлік күштерінің әсерінен орын ауыстыра алатын зарядталған бөлшектері бар денелер өткізгіштер деп аталады. Ең жақсы өткізгіштер металдар болып табылады. Диэлектрик деп электр тогын өткізбейтін затты атайды.

Екі өткізгіштің электр сыйымдылығы деп өткізгіштердің біреуінің зарядының сол өткізгіш пен көрші өткізгіш арасындағы потенциалдар айырымына қатынасын айтады: С=Электрөрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер (Ф)

Конденсатор - дегеніміз қалыңдығы өткізгіштер өлшемдерімен салыстырғанда өте аз, диэлектрик қабатымен бөлінген екі өткізгіш.

Жазық конденсатордың электр сыйымдылығы: С=Электрөрісіндегі өткізгіштер мен диэлектриктер

ІV. Бекіту кезеңі (Есеп шығару):

1. Конденсатордың электрсыйымдылығы 5 пФ, егер кернеуі 1000 В болса, онда оның заряды қаншаға тең?

2. Кернеуі 120 В ток көзінен 6*10-5 Кл заряд алды, конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар.

3.Электрсыйымдылығы 1400 пФ, ал пластина ауданы 14 см2, (диэлектрик слюда ε=6) конденсатордың арақашықтығын анықтаңдар.

4. Қырлары 10 см квадрат жазық конденсатордың арақашықтығы 1 мм-ге тең. Конденсатордың заряды

1 нКл болса, кернеу қаншаға тең болады?

5. Керамикадан жасалған конденсатордың сыйымдылғы қандай? Егер конденсатор пластиналарының ауданы 1 см2, арақашықтығы 0,1 мм және диэлектри өтімділігі 10 000 -ға тең болса.

6. Ұзындығы 1 м, еңі 10 см, пластина арақашықтығы 0,1 мм болатын жазық конденсатордың сыйымдылығын анықтаңдар (ε=3).

V.Бағалау, рефлексия.

VI. Үй тапсырмасы.



© 2010-2022