Инновациялық сабақ

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады.Бұл мақсат күрделі болуымен қатар,көп еңбек етуді талап етеді,алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады.Бағдарлама бойынша жеті модульді меңгеру,сабақ... білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге; жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында,

ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

Н. Ә. Назарбаев

Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының бірінші деңгей бағдарламасының мақсаты-мектептегі еңбек тәжірибесі әртүрлі мұғалімдерді қатыстыру арқылы мұғалімдерге мектеп жүйесін жан-жақты дамыту үшін қажетті білімдер мен дағдыларды беру болып табылады.Бұл мақсат күрделі болуымен қатар,көп еңбек етуді талап етеді,алайда дұрыс тәсілдер қолданылған жағдайда бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс жүргізілуіне ықпал ете алады.Бағдарлама бойынша жеті модульді меңгеру,сабаққта жеті модульді тиімді пайдалану, және олардың тиімді жақтарын қарастыру. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер Қазақстан мұғалімдерін қалай оқу керектігін үйретеді,мұнда оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады,оқуға қабілетін жақсартады.Білім беру негізін түсіну,ойлануға жүйелі білім беру, өзінің шығармашылық жұмысын жетілдіріп отыру,кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы,ақпараттық -комуникациялық технологияны дұрыс меңгеру қажет.Білім беру бағдарламасында мұғалім оқушылар нені білу керек?, нені үйрену қажет ететіндігін анықтау, оқушы деңгейін білу керек.Білім алуды үйрету өз бетімен оқуды ойластыру және кейінгі оқу үдерісінде мұндай ойлаудың нәтижелерін саналы қолдану үдерісі ретінде сипаттауға болады.Бұл үдерісте мұғалім оқушыға:

  • білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;

  • жеке ойлау үдерістерін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;

  • міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

  • нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат жан-жақты дамыған өзіне сенетін өмірге икемді тұлға қалыптастыру.Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әр мұғалім заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп,жаңа технологияны шебер меңгеріп білігі мен білімі жоғары болуы тиіс.Ойын түрінде өтетін сабақ,зерттеу,сайыс,ойын түрлерінде өтетін сабақтар мұғалімнің кәсіби потенциалын көтеру мен қатар,оқушылардың ой-өрісінінің,өздік ізденісінің дамуына ықпалын тигізеді.Осы орайда мен 7 «в» сыныпқа Кембридж әдіс-тәсілдермен өткізілген жаңа сабаққа қатыстым.Сабаққа қатысқан мақсатым оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылығын зерттеу.Сабақ топтастыру әдісімен басталды,оқушылардың ынтымақтастық атмосферасы құрылды. Инновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақ

Оқушылар топқа бөлінгеннен соң,топ аттарын қойды.1 топ «Шолпан»,топ ережесі: біз бір топта болғандықтан бір-біріміздің пікірлерімізді тыңдауға,тапсырмаларды бірігіп орындауға бір ауыздан шешім қабылдаймыз.2 топ «Қызыл жұлдыз»,топ ұраны!Қызыл жұлдыз алға!Биікте самға!

3 топ «Сатурн»,Сатурн сақиналы топпыз деп оқушылар бір-бірімен татуласып,сабаққа деген қызығушылықтары олардың көз-қарастарынан,жасаған іс әрекеттерінен байқалып тұрды.Жаңа сабақта төмендегідей суреттер көрсетіліп,суретте қандай физикалық құбылыстар көрсетілген? деген сұраққа оқушылар қол көтеріп бірінен соң бірі жауап беріп отырды.Суреттер арқылы жаңа тақырыпты ашты.

Инновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақ

Инновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақ

Тақырыпты өздері тауып,сол тапсырма бойынша өз ойларын ортаға салуы сыни тұрғыдан ойлауы,диалогтық оқыту іске асқандығын көрсетті. Сыни тұрыдан ойлау бағдарламасының өн бойында екі мағынада қарастырылады:оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту.Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуінде дамытуды қарастырады.Мұғалімнің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін,жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Бұл сыни тұрғыдан ойлауға,ойлануға мүмкіндік береді.

Инновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақИнновациялық сабақ

«Кім тапқыр» сайысында логикалық сұрақтар берілді, оқушылар логикалық тапсырмаларды орындау кезінде ұшқырлық танытып өз ойын толық жеткізе білді.Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.Үш топқа бірдей тапсырма берілді,үш топтың ортасына магнитті тақта қойылды.Ол тақтаның екі жағынан үш топтың бір мүшесінен шығып,кестедегі зодиактық жұлдыздар белгілерін ай бойынша дұрыс орналастыру керек.Ақпан-балықтар,наурыз-тоқты,сәуір-торпақ,мамыр-егіздер,маусым-шаян,,шілде-арыстан,тамыз-бикеш,қыркүйек-таразы,қазан-сарышаян,қараша-мерген,желтоқсан-тауешкі,қаңтар-суқұйғыш.

.Мұғалім оқушылардың не білетінін және нені жасай алатындығын олардың қызығушылықтарын,әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін түсінуге тырысады. Егер мұғалім мен оқушының білімді игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса,онда табысқа жету күмәнді болады.Егер білім игеруді бастау нүктесі қолайсыз таңдалып алынса,онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де алған білімін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден немесе емтиханнан өткеннен кейін мүлдем ұмытып қалады. Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек.Олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады,бір-біріне кеңес береді,өз алдына мақсат қояды,алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер-оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып көз жеткізеді.Басқаша айтқанда,оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Сабақтың соңында оқушыларға өздерін бағалауға,берілген әрбір тапсырма бойынша өзін-өзі бағалауы,топтың жұмысын бағалауы оқушының ұмтылысын,пәнге деген қызығушылығын оятады.Қорытындылай келе,осылайша оқушылардың ойлау жүйесін дамытуда олардан:білімдерін игеру арқылы мүмкіндігін шыңдап,өз биігіне көтеретін,табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттері ашылған;өздігінен танып,ізденіп,іс әрекет жасайтын;өз бетімен білім алып,дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыруымызға болады.


© 2010-2022