Электролиттердегі электр тогы. Электролиз заңы. 8-сынып

Сабақтың тақырыбы: Электролиттердегі электр тогы. Электролиз заңы. Сабақтың мақсаты: Сұйықтардағы электр тогының пайда болуын, Фарадей заңдарын қорыту, оны есеп шығару барысында пайдалануға ықпал ету. Мазмұнға байланысты міндеттер: А) Білімдік: Сұйықтардың электр тогын өткізбеуіне байланысты 3 топқа бөлінуін және сұйықтарда электр тогын таситындар оң және теріс ион екенін түсінеді және оны витруальды тәжірибе арқылы көрсет алады.  Б) Тәрбиелік: Оқушылардың белсендігін арттыру өзіне-өзі баға беру...
Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Электролиттердегі электр тогы. Электролиз заңы.

Сабақтың мақсаты: Сұйықтардағы электр тогының пайда болуын, Фарадей заңдарын қорыту, оны есеп шығару барысында пайдалануға ықпал ету.
Мазмұнға байланысты міндеттер:
А) Білімдік: Сұйықтардың электр тогын өткізбеуіне байланысты 3 топқа бөлінуін және сұйықтарда электр тогын таситындар оң және теріс ион екенін түсінеді және оны витруальды тәжірибе арқылы көрсет алады.
Б) Тәрбиелік: Оқушылардың белсендігін арттыру өзіне-өзі баға беруге, алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға үйренеді, дәлдікке, ұқыптылыққа тәрбиеленеді.
В) Дамытушылық: Оқушының ойлау қабілеті артып, өз ойын жүйелеуге, ұқсастықты, қарама-қайшылықты байқауға дағдыландыланады. Оқушылар шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздықтарын дамытады.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:Сын тұрғысында ойлауды дамыту технологиясы
Стратегиялар: топтастыру, түртіп алу
Көрнекілік: ЭО, интерактивті тақта, Венн диаграммасы, таратпа материалдар
Пән аралық байланыс: Химия
Топтағы жұмыс: Оқушылар кішігірім топ іс-әрекетін жоспарлап ұйымдастыра алады.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру
2. Жаңа материалды оқып үйрену
3. Жаңа материалды бекіту
4. Үй тапсырмасын тексеру
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма беру
(Алдымен оқушыларды топқа бөлу, топ анықталған соң оларды жеке-жеке отырғызу қажет.)
Қызығушылықты ояту сатысы.
Сабақтың бұл кезеңінде топтастыру стратегиясы негізінде электр тогына жалпы сипаттама беру. Ассоциациялық картаға өз ойларын түсіру тапсырмасы берілді.
Жаңа материал түсіндіру.(Мағынаны тану: Түртіп алу).
Сабақтың мағынаны тану кезеңінде оқушылар Электролит деген не? Не білесің? сұрақтарына (химия пәнінен алған білімдерін пайдаланып) жауап береді. Мәтін бойынша оқып электролит, оның электр тогын өткізуі жайлы, Фарадейдің І, ІІ заңдарын қорытады.
NaCl=Na-Cl

А. Судың полярлық молекулалары электр өрісінің әсерінен электролиттерді еріткенде иондарға ыдырау процесі электролиттік диссоциация деп аталады.
Диссоцация дәрежесі
t-температураға, α-ерітіндінің концентрациясына, ε-диэлектрлік өтімділігіне тәуелді.
Б. Тотығу -тотықсыздану реакциясымен байланысты электродтарға зат бөліну процесі электролиз деп аталады.
Ток тасушылары иондар болатын сұйық жөне қатты заттарды электролиттер дейдi. Иондар деп бiр немесе бiрнеше электрондарды жоғалтқан немесе өзiне қосып алған атом мен молекулаларды айтады. Қышқылдар, сiлтiлер және тұздар ерiтiндiлерi электролит болады. Электр тогының сұйықтан өтуi электролизбен (электодтарда, электролиттердiң құрамына кiретiн зат бөлiнуiмен) қатар жүредi.
1. Электолиздiң бiрiншi заңы (Фарадейдiң бiрiншi заңы):
электродтарда бөлiнетiн заттын массасы электролиттен өткен q зарядына тура пропорционал
m=kq немесе m=kIt (1)
( өйткенi, , I - ерiтiндiден Δt уақытында өткен тұрақты токтың күшi).
2. Электролиздiң екiншi заңы (Фарадейдiң екiншi заңы):
заттардың электрохимиялық эквиваленттерi олардың М мольдық (немесе атомдық) массаларының валенттiлiгiне ( n ) қатынасына тура пропорционал:
k=cM/n=1/F*M/n (2)
F=1/c - шамасын Фарадейдiң саны дейдi.
Жаңа материалды бекіту.
Ой толғаныс сатысы: Есептер шығару

1-топ.

10А ток өткізіп 20 г алюминий алу үшін электролиз процесі қанша уақытқа созылуы керек?

2-топ.

Тәжірибе кезінде катодтан 4А ток өткенде, 20 мин ішінде массасы 1,5 г күміс бөлінді. Осы мәліметтерге сүйене отырып мыстың электрохимиялық эквивалентін анықта.

3-топ.

Тотияйын ерітіндісін электролиздеу кезінде 30 мин ішінде 5 г мыс бөлінсе, онда жүріп өткен токтың күші қандай?

4-топ.

1. Бұйымдарға күміс жалату үшін 15 мин бойына 5А токты пайдаланды. Осы уақыт ішінде күмістің қанша мөлшері жұмсалды?

Үй тапсырмасын тексеру.(Ауызша сұрақтар)
1. Электр тогын өткізуіне байланысты заттар неше топқа бөлінеді?
2. Металдардағы электр тогы дегеніміз не?
3. Жартылай өткізгіш дегеніміз не?
4. Өткізгіш пен жартылай өткізгіш айырмашылығы неде?
5. Практикада өткізгіштер, жартылай өткізгіштер қайда қолданылады?
6. Қоспалы жартылай өткізгіштер неше топқа бөлінеді?
7. Диод түрлері, схемада белгіленуі, олардың құрылысы.
8. Металдардағы еркін электрон бар екенін тәжірибе жүзінде ашқан ғалым?
9. Асқын өткізгішті ашқан ғалым?
10. Жартылай өткізгіштерді қандай аспапта не мақсат үшін қолданады?
11. Электролиздің практикада қолданылуы.
Сергіту сәті: Сөзжұмбақ шешу
Сөз жұмбақ шешу.
1. Қуат бірлігі
2. Кедергі бірлігі
3. Қысым бірлігі
4. Ұзіндіқ бірлігі
5. Электр сыйымдылығының бірлігі
Кері байланыс парағы таратылып, толтырылады.
Үйге тапсырма беру: § 12.3, № 885, 888 есептер







Металдарда электр тогын оң және теріс иондар

Газдарда электр тогын кемтіктер мен электрондар

Электролиттерде электр тогын электрондар

Вакуумде электр тогын электрондар, оң және теріс иондар

Шалаөткізгіштерде



© 2010-2022