Сыныптан тыс жұмыс. Көңілді физика әлемі 9 сынып

Раздел Физика
Класс 9 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Көңілді физика әлемі

1-Бастаушы

Сәлеметсіздерме, құрметті жиналған қауым!

Армысыздар, физикалық сайысқа қатысушы оқушылар, аяулы ұстаздар!

2-бастаушы

Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой.

Ендеше, бүгінгі күн, көпшалак қатысып отырған, көңілді тапқырлар сайысы. Сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға себепші болар біздер де қуанарымыз анық.

1-бастаушы

Ендеше құрметті көрермен көңілді тапқырлар отауындағы «Көңілді физика Әлемі» атты сайысымызды тамашалаймыз.

2-бастаушы

Физика еді өмірдің

Асыл бір үлкен саласы,

Жаңарды сол физикамен

Елімнің өзен даласы.

1-бастаушы

Олай болса әділ қазылар алқасымен танысайық

2-бастаушы

Сайыс жоспары:

1. Әртоптың қарсы топқа сәлемі.

2. Төсбелгілерінсуреті бойынша қорғау.

3. Зеректер сайысы. (фокус, тәжірибе)

4. Білгіштер сайысы.

5. Суреттер сайысы.

6. Топ басшылар сайысы.

7. Көңілашар сайысы.

8. Викториналық сұрақ.

9. Марапаттау.

1-бастаушы

Ендеше, сайысымызды бастайық

1. Сәлемдесу

Қазылардан сәлемдесу бойынша бағаларын сұрау.

2-бастаушы

«Төсбелгілерді қорғау» сайысының бағаларын сұрау

1-бастаушы

«Зеректер» сайысы

Екі топ фокусын немесе тәжірибесін көрсетіптүсіндіреді

Бағаларын көрсетуді сұраймыз.

2-бастаушы

«Білгіштер сайысы» (сұрақ екі топқа бір)

1. Сүрінген кісі қай жаққа және неге құлайды?

2. Ордан жүгіріп барып секіру неге жеңіл?

3. Су мен май неге араласпайды?

4. Жебені неліктен үшкір етіп ұштайды?

5. Бүркіт, қаршыға сияқты жыртқыш құстардың тырнақтары үшкір де, өткір болуы неліктен?

6. Торсық қандай физикалық ыдысқа жатады?

7. Мектеп тақтасындағы бор неге дақ қалдырады?

8. Неге медициналық инені айнадай жылтырады?

1-бастаушы

Ұпайларын білу

Келесі бөлім суреттегі ғалымды және оның еңбегін айту.

Бөлімнің ұпайын білу.

2-бастаушы

Топ басшылар сайысы. Тақтаға формула жазып жарысу.

Ұпайын көру

1-бастаушы

Екі топ бір-бір өнер көрсетеді.

2-бастаушы

«Викториналық сұрақ»

Залдағы көрермендерге сұрақ. Сұрақ: Не себептен жібек бау, мақта-мата немесе жүн баудан гөрі тезірек шешіледі? Тапқан адамға сыйлық беріледі.

Мүғалім: кешіміз соңына жетті. Ал енді, қазылардан қорытынды баға сұраймыз. Жақсы ат салысқан оқушыларға алғыс білдіреміз.

Топтарды марапаттау.


© 2010-2022