Дарынды оқушылардың мамандық таңдау алдындағы физиканың алатын рөлі

Раздел Физика
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Дарынды оқушылардың мамандық таңдау алдындағы физиканың алатын рөлі

Қазіргі күнде ерекше қабілетті оқушыларды іріктеп, олардың әрі қарайғы дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі оқушының қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына сәйкес «Әр оқушының жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер өткізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті маман қажет. Шығармашылығы жоғары, дарынды, әр түрлі деңгейдегі оқушыларға білім беруді, әр ғылымның бүгінгі даму дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлау тиімді болса, екінші жағынан, ерекше қабілетті оқушының жеке өзіндік интеллектуалдық дамуын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді.

Техника саласының білікті мамандарын дайындауға бүгінгі күні мектеп қабырғасында оқушылардың жаратылыстану пәндерін меңгеру сапасы ықпал ететінін айта кеткен жөн. Жаратылыстану пәндерінің бірі ретінде физика пәнін жан-жақты түсіне отырып, меңгеру оқушыларға көптеген ғылыми-техникалық жетістіктерді өз беттерінше игеріп, келешекте зерттеулер жасай білуге жол ашады. Демек, физиканы мектеп қабырғасында жете меңгеру бүгінде аса өзекті мәселеге айналып отыр. Осы өзекті мәселені ескере отырып, мұғалімдік іс-тәжірибе негізінде жинақталған тың ой пікірлерді физика мұғалімдері ортасына ұсына отырып,өз ойыммен бөліспекпін.

Физиканы оқыту кезінде мемлекеттік стандартты жүзеге асыру әрбір пән мұғаліміне міндеттеледі. Ендеше, осы мақсатты жүзеге асыру жолында оқушыларға оқып, үйрену жолдарын насихаттауға ықпал етеді деген оймен физика формулаларымен жұмыс істеу, мектеп қабырғасындағы әр түрлі деңгейдегі оқушыларды физика олимпиадасына дайындау, физика есептерін шешу жолдарын үйретуде, физика есептерін шығаруда түрлі әдіс-тәсілдерді ескеретін жайлар, физиканы оқып, үйрену жолында жиі жіберетін қателер, олардың алдын-алу мүмкіндіктерін, қарастыру қажет.







© 2010-2022